Оқу бағдарламалары
Биология пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тірі организмдердің көп түрлілігі, құрылымы мен қызметтері
1.1 Тірі ағзалар дың көптүрлілігі
- 9.1.1.1 әртүрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолдану
- 9.1.1.2 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша танып білу (анықтағыш бойынша)
1.2 Қоректену
- 9.1.2.1 адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау
- 9.1.2.2 ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты орнату
- 9.1.2.3 ферменттердің белсенділігіне әсер ететін әр түрлі жағдайларды (температура, pН) зерттеу
- 9.1.2.4 өттің әсерінен майлардың эмульгациялануы үдерісін зерттеу
1.3 Заттардың тасымалдануы
- 9.1.3.1 активті және пассивті тасымалдарды салыстыру
- 9.1.3.2 өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру
- 9.1.3.3 ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу
- 9.1.3.4 сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына әсерін зерттеу
1.4 Тыныс алу
- 9.1.4.1 тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін пайдалана отырып, анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру
- 9.1.4.2 бұлшықет қажуы және аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістері арасындағы байланысты қарастыру
1.5 Бөліп шығару
- 9.1.5.1 нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау
- 9.1.5.2 фильтрация және несептің түзілуі үдерістерін сипаттау
- 9.1.5.3 бүйректің жұмысына әсер ететін факторларды сипаттау
- 9.1.5.4 зәр шығару жүйесі, бүйрек ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру
- 9.1.5.5 әртүрлі ағзалардың мекен ету ортасы мен зат алмасуларының соңғы өнімдері арасындағы байланысты орнату
1.6 Қозғалыс
- 9.1.6.1 қол бұлшық еттерінің максимальды жұмыс күшін және күшке төзімділігін зерттеу
- 9.1.6.2 бұлшық еттің жиырылужиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттеу
1.7 Координация және реттелу
- 9.1.7.1 жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасында байланыс орнату
- 9.1.7.2 жүйке ұлпалары мен оның құрылымдық бөліктерінің қызметтерін талдау
- 9.1.7.3 жүйке импульстарының туындауы мен өтуін сипаттау
- 9.1.7.4 нейро-гуморальді реттелу механизмін түсіндіру
- 9.1.7.5 ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын ұстаудағы гомеостазды сақтаудың механизмін түсіндіру
- 9.1.7.6 өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдау
2-бөлім. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюциялық даму
2.1 Көбею
- 9.2.1.1 адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау
- 9.2.1.2 жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау
- 9.2.1.3 менструалдық цикл мен экстроген және прогестеронның маңызын сипаттау
- 9.2.1.4 контрацепцияның түрлерін және жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіру
2.2 Жасушалық айналым
- 9.2.2.1 жасушалық айналымның интерфаза кезеңіндегі жүретін үдерістерді түсіндіру
- 9.2.2.2 митоздың кезеңдерін сипаттау
- 9.2.2.3 мейоз кезеңдерін сипаттау
- 9.2.2.4 митоз бен мейоз үдерісін салыстыру
2.3 Өсу және даму
- 9.2.3.1 ұрықтың дамуындағы плацентаның маңызын түсіндіру
- 9.2.3.2 ұрық пен эмбрионның дамуын салыстыру
- 9.2.3.3 адам ұрығының дамуына шылым шегу, алкоголь мен басқа есірткілер әсерінің салдарын түсіндіру
2.4 Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылық-тары
- 9.2.4.1 генетиканың дамуымен қалыптасуындағы Мендель зерттеулерінің рөлін бағалау
- 9.2.4.2 моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін тұжырымдау және моногибридті будандастыруға есептер шығару
- 9.2.4.3 дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін негіздерін дәлелдеу және есептер шығару
- 9.2.4.4 толық және толымсыз доминаттылықты салыстыру:
- 9.2.4.5 талдаушы шағылыстырудың маңыздылығын бағалау
- 9.2.4.6 жынысты анықтау теориясын сипаттау
- 9.2.4.7 жынысты анықтау кезінде хромосомалардың рөлін түсіндіретін сызба жасау
- 9.2.4.8 адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру
- 9.2.4.9 адам генетика-сын зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау
- 9.2.4.10 шежіре сызбасын құру
- 9.2.4.11 мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін заманауи ауылшаруашылық технологиялардың қолданылуын зерттеу
2.5 Эволюция-лық даму мен селекция негіздері
- 9.2.5.1 К. Линней мен Ж.Б. Ламарк еңбектері-нің негізгі қағидаларын оқып зерттеу
- 9.2.5.2 эволюциялық ілімнің қалыптасуындағы Ч. Дарвин еңбектері-нің рөлін түсіндіру
- 9.2.5.3 эволюцияның қозғаушы күштерін сипаттау
- 9.2.5.4 ағзалардың бейімделушілігіндегі табиғи сұрыпталудың рөлін сипаттау
- 9.2.5.5 түрдің құрылымы мен критерийлерін сипаттау
- 9.2.5.6 түр түзілу үдерісін түсіндіру
- 9.2.5.7 Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін оқып білу
3-бөлім. Ағза мен қоршаған орта
3.1 Биосфера, экожүйе, популяция
- 9.3.1.1 популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау
- 9.3.1.2 энергия ағымының тиімділігін есептеу
- 9.3.1.3 энергия, биомасса және сандар пирамидаларын салыстыру
- 9.3.1.4 азот пен көміртек айналымының табиғаттағы сызбасын құру
3.2 Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
- 9.3.2.1 пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
- 9.3.2.2 пестицидтерді пайдаланудың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерін түсіндіру
- 9.3.2.3 жылыжай эффектісінің тірі ағзаларға әсерін түсіндіру
- 9.3.2.4 озон қабатының бұзылуының себептері мен салдарын түсіндіру
4-бөлім. Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар
4.1 Молекулалық биология мен биохимия
- 9.4.1.1 ферменттің әрекет ету механизмін оқып тану
- 9.4.1.2 дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының қос шиыршықты құрылымын сипаттау
- 9.4.1.3 дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымдық қағидалары негізінде үлгілеу
4.2 Жасушалық биология
- 9.4.2.1 өсімдік және жануар жасушаларының негізгі бөліктерінің құрылысы мен қызметін түсіндіру
- 9.4.2.2 микрофотографияны қолданып жасушаның сызықтық ұлғаюын есептеу
4.3 Микробиология және биотехнология
- 9.4.3.1 инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасын сипаттау
- 9.4.3.2 биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысал келтіру
4.4 Биофизика
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Жасушалық биология
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Жасушаның негізгі компонент-терінің қызметтері. Жасуша құрылымдары:плазмалық мембрана, цитоплазма, ядро, эндоплазмалық тор, жасуша орталығы, рибосомалар, Гольджи аппараты мен лизосомалар, митохондрия, пластидтер, қозғалыс органоидтары, жасушаның қосындылары. Құрылыстары және атқаратын қызметтері | 9.4.2.1 |
| Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу. Ұлғаю, актуальды өлшемі және суреттің нақты өлшемі. Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне аудару (сантиметр-миллиметр-микрометр-нанометр). Модельдеу "Микрофотографияларды пайдаланып жасушаның сызықтық ұлғаюын есептеу" | 9.4.2.2 |
Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Биосфера және экожүйе
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Әртүрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану. Зертханалық жұмыс "Анықтағыш көмегімен өсімдіктер мен жануарлар түрлерін (жергілікті регионның) анықтау" | 9.1.1.1, 9.1.1.2 |
| Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы | 9.3.1.1 |
| Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері | 9.3.1.2, 9.3.1.3 |
| Табиғаттағы көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістер. Топырақ пен шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлі | 9.3.1.4 |
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері | 9.3.2.1 |
| Пестицидтердің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері | 9.3.2.2 |
| Жылыжай эффктісі (булану) және озон қабатыныңжұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері | 9.3.2.3, 9.3.2.4 |
Қоректену
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару | 9.1.2.1, 9.1.2.2 |
| Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттің белсенді орталығы. Зертханалық жұмыс "Ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура, pH) әсерін зерттеу" | 9.4.1.1, 9.1.2.3 |
| Өттің әсерінен майлардың эмульгациясы. Зертханалық жұмыс "Өттің әсерінен майлардың эмульгациялануын зерттеу" | 9.1.2.4 |
Заттар тасымалы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Активті және пассивті тасымалдардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Жасуша мембранасы арқылы тасымалдану. Белсенді тасымалдану кезіндегі энергияның жұмсалуы | 9.1.3.1 |
| Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері. Зертханалық жұмыс "Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды (температура, ылғалдылық пен су буының қысымы, ауа қозғалысын) зерттеу. Зертханалық жұмыс "Ішкі факторларды: Буландыратын беттің ауданы және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының (кутикула мен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері | 9.1.3.2, 9.1.3.3 |
| Сыртқы факторлардың флоэмада зат тасымалына әсері: температура, ылғалдылық, жарық | 9.1.3.4 |
2-тоқсан
Тыныс алу
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Анаэробты және аэробты тыныс алу. Анаэробты және аэробты тыны салу үдерістерін химиялық реакция теңдеулерін қолданып қарастыру. Анаэробты және аэробты тыныс алудың тиімділіктері | 9.1.4.1 |
| Аэробты, анаэробты тынысалу үдерістерімен байланысты бұлшық еттердің қажуы. Аэробты және анаэробты тынысалуға физикалық жүктемелердің әсері | 9.1.4.2 |
Бөліп шығару
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Нефронның құрылысы және қызметі. Ультрафильтрация. Абсорбция және таңдамалы реабсорбция. Несептің құрамы. Фильтрация мен кері фильтрацияның себептері | 9.1.5.1, 9.1.5.2 |
| Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар: тамақтану рационы, дене температурасының күрт түсуі, дәрілік препараттар, созылмалы және инфекциялық аурулар (кариес, іріңді ангина т.б.) | 9.1.5.3 |
| Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит, цистит, бүйрекке тастың жиналуы. Себептері және алдын алу шаралары | 9.1.5.4 |
| Құрлықта, шөлде, тұщы және тұзды суларда тіршілік ететін тірі ағзалардың зат алмасуының соңғы өнімдері. Құрамында азоты бар органикалық заттардың ыдырау өнімдері: аммиак, несепнәр, несеп қышқылы | 9.1.5.5 |
Координация және реттелу
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Нейрондардың түрлері мен қызметтері. Жүйке ұлпасының қызметі (глиальды жасушалар). Аксондардың миеленді және миеленсіз қабықтары. Синапстар және медиаторлар. Модельдеу "Жүйке ұлпаларын зерттеу" | 9.1.7.1, 9.1.7.2 |
| Миеленді, миеленсіз аксондарда жүйке импульстарының туындауы және өткізілуі. Өткізу жылдамдығы. Мембраналық потенциал, тыныштық потенциалы және әрекет потенциалы. Модельдеу "Жүйке импульстарының туындауы мен таралу жылдамдығын зерттеу" | 9.1.7.3 |
| Тірі ағзалардағы электрлік үдерістер. Электрорецепторлар және электрлі мүшелер | 9.4.4.1 |
| Тынысалу мен тыныс шығарудың реттелуі мысалында нейрогуморальдық реттелу механизмі. Жүйкелік және гуморальдық реттелуді салыстыру. Ағзаның күйзеліске бейімделуі | 9.1.7.4 |
| Нейрокомпьютерлік интерфейс. Компьютер мен ми арасындағы ақпарат алмасу жүйесі | 9.4.4.2 |
| Гомеостазды тұрақты ұстаудың механизмдері | 9.1.7.5 |
| Өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеуші. Зертханалық жұмыс "Ауксиннің өсімдіктерге әсерін зерттеу" | 9.1.7.6 |
3-тоқсан
Қозғалыс
Молекулалық биология
Жасушалық цикл
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Мендель ашқан белгілердің тұқымқуалаузаңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибридологиялық әдісі | 9.2.4.1 |
| Тұқымқуалаушылық заңдылықтарының цитологиялық негіздері. Гаметалар тазалығы және оның цитологиялық негіздемесі. Моногибридті және дигибридті будандастыру. Басымдылық заңы. Ажырау заңы | 9.2.4.2, 9.2.4.3 |
| Аллельді гендердің әрекеттесуі: толық және толымсыз. Доминанттылық белгілердің пайда болуы. Талдаушы шағылыстыру ұғымы мен оның практикалық маңызы | 9.2.4.4, 9.2.4.5 |
| Жыныс генетикасы. Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі. Жыныспен тіркесіп тұқымқуалау. Гемофилия және дальтонизм | 9.2.4.6, 9.2.4.7 |
| Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор | 9.2.4.8 |
| Адам генетикасы. Адамның тұқым-қуалау белгілерін зерттеу әдістері. Адамның генетикалық аурулары-ның алдын алу. Модельдеу "Адамның генеалогиялық шежіре ағашын құру" | 9.2.4.9, 9.2.4.10 |
| Өнімділікті арттыратын заманауи ауыл шаруашылық технологиялары. Өнімділігі жоғары ауыл шаруашылықты жүргізудің жаңа баламалы жолдары | 9.2.4.11 |
Микробиология және биотехнология
4-тоқсан
Көбею
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі | 9.2.1.1 |
| Екінші реттік жыныстық белгілер. Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу | 9.2.1.2 |
| Менструалдық цикл: менструалдық циклындағы эстроген мен прогестерон гормондарының маңызы | 9.2.1.3 |
| Контрацепция түрлері. Жыныстық жолмен берілетін аурулар: жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС), сифилис, гонорея, гепатит В,С. Алдын алу шаралары | 9.2.1.4 |
Өсу және даму
Эволюциялық даму
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Жердегі тіршіліктің пайда болуы кезеңдері | 9.2.5.7 |
| Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда болуы | 9.2.5.1, 9.2.5.2 |
| Эволюцияның қозғаушы күштері. Табиғи сұрыпталу нәтижесіндегі бейімделушілік. Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің (мутация-лық, комбинтивтік) рөлі. Табиғи сұрыпталу, оның түрлері (қозғаушы және тұрақтандырушы). Тіршілік үшін күрес (түрішілік, түраралық). Модельдеу "Бейімделгіштікті табиғи сұрыпталу нәтижесі ретінде зерттеу (көбелек)" | 9.2.5.3, 9.2.5.4 |
| "Түр" ұғымының анықтамасы. Түр-дің құрылымы. Түр критерийлері. "Түр түзілу" ұғымы. Түр түзілудің тәсілдері мен механизмдері | 9.2.5.5, 9.2.5.6 |
Басқа сыныптар
- Биология, 7-сынып
- Биология, 8-сынып
- Биология, 9-сынып
- Биология, 10-сынып
- Биология, 11-сынып