Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Биология пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері

1.2 Қоректену

  • 11.1.2.1 хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату
  • 11.1.2.2 фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру
  • 11.1.2.3 фотосинтездің қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру
  • 11.1.2.4 фотосинтездің шектеуші факторларын түсіндіру
  • 11.1.2.5 фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін салыстыру

1.3 Заттардың тасымалдануы

  • 11.1.3.1 өсімдіктердегі заттар транслокация механизмін түсіндіру
  • 11.1.3.2 заттар тасымалданудың симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру
  • 11.1.3.3 жасуша мембранасы арқылы заттарды тасымалдаудың әр түрлі типтерінің механизмдерін түсіндіру
  • 11.1.3.4 мембраналық потенциалды сақтаудағы активті тасымалдың маңызын анықтау

1.7 Координация және реттелу

  • 11.1.7.1 биологиядағы басқару жүйесін сипаттау
  • 11.1.7.2 гормондардың әрекет ету механизмін түсіндіру
  • 11.1.7.3 өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсуді тездететін) әсер ету механизмін түсіндіру

2-бөлім. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму

2.1 Көбею

  • 11.2.1.1 адам гаметогенезінің сызбасын талдау
  • 11.2.1.2 сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру

2.3 Өсу және даму

  • 11.2.3.1 бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру

2.4 Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

  • 11.2.4.1 мутациялардың дезоксирибонуклеин қышқылы репарациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы рекомбинациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы репликациясы арасындағы байланысын табу
  • 11.2.4.2 "Адам геномы" жобасының маңызын талқылау

3-бөлім. Ағза мен қоршаған орта

3.1 Биосфера, экожүйе, популяция

  • 11.3.1.1 экологиялық пирамида ережесін түсіндіру
  • 11.3.1.2 экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысын орнату
  • 11.3.1.3 өз аймақтың экожүйесін статистика-лық талдау әдістерін (Стьюденттің t-критерийі, c2-критерий) қолданып зерттеу

3.2 Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері

  • 11.3.2.1 мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарыа болжау
  • 11.3.2.2 Қазақстанның экологиялық проблемаларын оқып білу және шешу жолдарын ұсыну

4-бөлім. Қолданбалы кіріктірілген ғылым дар

4.1 Молекулалық биология және биохимия

  • 11.4.1.1 антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру
  • 11.4.1.2 фермент-субстрат комплексінің түзілу механизмін түсіндіру
  • 11.4.1.3 ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуін салыстыру
  • 11.4.1.4 нәруыз биосинтезі үдерісіндегі транскрипция мен трансляцияны сипаттау
  • 11.4.1.5 генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіру

4.2 Жасуша лық биология

  • 11.4.2.1 микрофотография қолданып жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау және сипаттау

4.3 Биотехнология

  • 11.4.3.1 микробиологиялық зерттеу кезеңдерін сипаттау және түсіндіру
  • 11.4.3.2 грамм "оң" және грамм "теріс" бактерияларды зерттеу
  • 11.4.3.3 рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылын алу тәсілдерін түсіндіру
  • 11.4.3.4 ағзаларды клондау тәсілдерін түсіндіру
  • 11.4.3.5 ферменттерді медицинада, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігін талқылау

4.4 Биомедицина және биоинформатика

  • 11.4.4.1 электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру
  • 11.4.4.2 гендердің реттілігін бұзбайтын, гендерді реттеудің механизмін зерттеудегі эпигенетиканың маңызын түсіндіру
  • 11.4.4.3 биоинформатика-ның рөлін сипаттау
  • 11.4.4.4 экстракорпоральды ұрықтандыру әдісінің маңызын түсіндіру
  • 11.4.4.5 ауруларды диагностикалау және емдеуде моноклональды антиденелерді қолдануды түсіндіру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Молекулярлық биология және биохимия

Тақырып Оқу мақсаттары
Антиденелердің құрылысы мен құрылымы. Антиген мен антидененің әрекеттесуі 11.4.1.1
Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесуі. Фишердің теориясы. Ферменттердің иммобилизациясы 11.4.1.2
Ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуі. Дәрілік препараттар мен ауыр металдар иондарының ферменттердің белсенділігіне әсері 11.4.1.3
Транскрипция. Премрибонуклеин қышқылы посттранскрипциялық модификациясы 11.4.1.4
Генетикалық кодтың қасиеттері: үшөрімділігі, көптігі, әмбебаптығы, бірін-бірі жаппайтындығы 11.4.1.5

Қоректену

Тақырып Оқу мақсаттары
Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Rf мәні. №1 зертханалық жұмыс "Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу" 11.1.2.1
Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану 11.1.2.2
Фотосинтездің қараңғы кезеңі. Кальвин циклі 11.1.2.3
Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар 11.1.2.4
Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру 11.1.2.5

Заттардың тасымалдануы

Тақырып Оқу мақсаттары
Өсімдіктердегі заттар транслокациясының механизмі 11.1.3.1
Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы 11.1.3.2
Жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалдануының типтері 11.1.3.3
Мембраналық потенциалды сақтаудағы белсенді тасымалдың ролі 11.1.3.4

2-тоқсан

Координация және реттелу

Тақырып Оқу мақсаттары
Биологиядағы басқару жүйесі. "Басқару жүйесі" ұғымы 11.1.7.1
Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі 11.1.7.2
Өсіргіш заттар. Ауксин мен гибериллиннің әсері 11.1.7.3

Көбею

Тақырып Оқу мақсаттары
Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары 11.2.1.1
Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыру 11.2.1.2

Өсу және даму

Тақырып Оқу мақсаттары
Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі 11.2.3.1

Тұқым Қуалаушылықпенөзгергіштік заңдылықтары

Тақырып Оқу мақсаттары
Дезоксирибонуклеинқышқылыныңкездейсоқ мутациясы. Репликацияның, репарацияның, рекомбинацияның генетикалық үдерістердің қателері 11.2.4.1
"Адам геномы" жобасы. Адамның геномдық ДНҚ-ын секвенирлеу 11.2.4.2

3-тоқсан

Жасуша лық биология

Тақырып Оқу мақсаттары
Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау. №2 зертханалық жұмыс "Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографиялар қолданып сипаттау" 11.4.2.1

Биотехнология

Тақырып Оқу мақсаттары
Микробиологиялық зерттеулердің кезеңдері. Микроағзалармен жұмыс жасағандағы дезинфекциялау және стерильдеу әдістері. №3 зертханалық жұмыс "Сүтқышқылды өнімдердің түрлі қоректік ортадағы микрофлорасын зерттеу" 11.4.3.1
Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері 11.4.3.2
"Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы" ұғымы. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы алу тәсілдері. Плазмиданың қасиеттері және олардың генетикалық клондауда қолданылуы. "Клондау" ұғымы 11.4.3.3
Ағзаларды клондау тәсілдері 11.4.3.4
Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуы 11.4.3.5

Биомедицина және биоинформатика

Тақырып Оқу мақсаттары
Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері 11.4.4.1
Эпигенетика туралы жалпы түсініктер. Адамдағы эпигенетикалық салдарлар 11.4.4.2
"Биоинформатика" ұғымы. Биоинформатиканың құралдарын зерттеулерге қолдану 11.4.4.3
Экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі және оның маңызы. Экстракорпоральды ұрықтандырудың этикалық аспектілері 11.4.4.4
Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелер көмегімен ауруларды диагностикалау және емдеу 11.4.4.5

4-тоқсан

Биосфера, экожүйе, популяция

Тақырып Оқу мақсаттары
Экологиялық пирамидалар. Трофикалық деңгейлер. Экологиялық жағдайлар мен экологиялық есептер шешу 11.3.1.1
Түрлердің алуантүрлілігі. Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы 11.3.1.2
Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. №4 зертханалық жұмыс "Талдаудың статистикалық әдістерін қолдану арқылы өз регионы экожүйесінің жағдайын анықтау" 11.3.1.3

Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері

Тақырып Оқу мақсаттары
Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары. Модельдеу "Климаттың ғаламдық жылынуын компьютерлік модельдеу" 11.3.2.1
Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары 11.3.2.2
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 11-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.