Оқу бағдарламалары
Биология пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 8‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
8‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тірі организмдердің көп түрлілігі, құрылымы мен қызметтері
1.1 Тірі ағзалар дың көптүрлілігі
- 8.1.1.1 балдырлар мүктәрізділер, қырықжапырақ тәріздестер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау
- 8.1.1.2 саңырауқұлақтардың ерекшелік белгілерін сипаттау
- 8.1.1.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер кластарын негізгі белгілеріне қарай ажырату
- 8.1.1.4 буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша тану
1.2 Қоректену
- 8.1.2.1 омыртқасыз-дар, күйіс қайыратын жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
- 8.1.2.2 әртүрлі типті тістердің құрылысы мен қызметтері арасындағы байланысын және тісті күту ережелерін сипаттау
- 8.1.2.3 адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты түсіндіру
- 8.1.2.4 ас қорыту жолы ауруларының себептерін және астан улану белгілерін анықтау
- 8.1.2.5 адам ағзасындағы дәрумендер-дің маңыздылығын сипаттау
- 8.1.2.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түліктер тізімін жасау
- 8.1.2.7 азық- түлік құрамындағы С дәруменін анықтау
1.3 Заттардың тасымалдануы
- 8.1.3.1 қан құрамы мен қызметін сипаттау
- 8.1.3.2 дайын микропрепараттар арқылы әртүрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу
- 8.1.3.3 лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау
- 8.1.3.4 гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстыру
- 8.1.3.5 лимфа жүйелерін және қан, ұлпалық сұйықтық пен лимфа арасындағы өзара байланысты сипаттау
- 8.1.3.6 аурулардың алдын алуындағы вакцинацияның ролін бағалау
- 8.1.3.7 агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру
- 8.1.3.8 жануарлардың жүрегінің құрылысы мен қантамыр жүйелерінің маңызын сипаттау
- 8.1.3.9 қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату
- 8.1.3.10 ануарлардың қантамырлар жүйесінің түрлерін сипаттау
- 8.1.3.11 дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу
- 8.1.3.12 қантамыр жүйесі мүшелерінің ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау
1.4 Тыныс алу
- 8.1.4.1 өкпе менұлпадағы газ алмасу механизмдерін сипаттау
- 8.1.4.2 тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру
- 8.1.4.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау
1.5 Бөліп шығару
- 8.1.5.1 адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметтерін сипаттау
- 8.1.5.2 бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу
- 8.1.5.3 терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау
- 8.1.5.4 тері ауруларын және оның алдын алу шараларын түсіндіру
1.6 Қозғалыс
- 8.1.6.1 тірек-қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау
- 8.1.6.2 сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын зерттеу
- 8.1.6.3 сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру
- 8.1.6.4 буынның әр түрлі типтерінің құрылысы мен олардың қызметтері арасындағы байланысты орнату
- 8.1.6.5 бұлшық ет ұлпасының қызметтері түрлері мен олардың қызметтерін сипаттау
- 8.1.6.6 адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану
- 8.1.6.7 гиподинамия салдарын атау
- 8.1.6.8 сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау
1.7 Координация және реттелу
- 8.1.7.1 көруді қабылдау ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережелерін сипаттау
- 8.1.7.2 дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зертеу және есту мүшелерінің гигиенасы ережелерін сипаттау
- 8.1.7.3 көру және есту рецепторлары-ның құрылымы мен қызметін сәйкестендіру
- 8.1.7.4 эндокикринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтау
- 8.1.7.5 бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру
- 8.1.7.6 эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атау
- 8.1.7.7 терінің сезімталдығын зерттеу
- 8.1.7.8 жылықанды жануарлардың дене температураны сақтаудағы терінің ролін сипаттау
2-бөлім. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюциялық даму
2.1 Көбею
- 8.2.1.1 жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру
- 8.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру
- 8.2.1.3 ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін түсіндіру
2.2 Жасушалық айналым
- 8.2.2.1 тірі ағзалардың өсуі мен дамуы үшін митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру
2.3 Өсу және даму
- 8.2.3.1 эмбрионалдық даму кезеңдерін сипаттау
- 8.2.3.2 әр түрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасқан мүшелер мен ұлпалар дифференциасын сипаттау
2.4 Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылық-тары
- 8.2.4.1 тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы ролін дәйектеу
- 8.2.4.2 ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау
- 8.2.4.3 мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтарын оқып білу
- 8.2.4.4 маңызды мәдени өсімдіктер іріктемелері мен үй жануарлары қолтұқымын сипаттау
3-бөлім. Ағза мен қоршаған орта
3.1 Биосфера, экожүйе, популяция
- 8.3.1.1 экожүйелер-дің жалпы құрылымы-ның сызбасын жасау
- 8.3.1.2 су және құрлық экожүйелерін салыстыру
- 8.3.1.3 популяция-ның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау
- 8.3.1.4 ағзалардың түрлі тірі қалу тәсілдерін зерттеу
- 8.3.1.5 жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін орнату
- 8.3.1.6 тірі ағзалар-дың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау
- 8.3.1.7 тірі ағзалар-дың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіру
3.2 Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
- 8.3.2.1 биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттіктің себептерін негіздеу
- 8.3.2.2 Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалау
- 8.3.2.3 Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру
4-бөлім. Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар
4.1 Молекулалық биология мен биохимия
- 8.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау
- 8.4.1.2 көмірсулар мен липидтердің биологиялық қызметтерін сипаттау
- 8.4.1.3 нәруыздардың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау
4.2 Жасушалық биология
- 8.4.2.1 өсімдік және жануар ұлпаларын жіктеу
- 8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстыру
4.3 Микробиология және биотехнология
- 8.4.3.1 қарапайым-дылар, бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустармен туындайтын аурулардың ерекшеліктері мен алдын алу шараларын сипаттау
4.4 Биофизика
- 8.4.4.1 тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктерін зерттеу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Жасушалық биология
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, пластидтер, митохондрия, рибосомалар, Гольджи аппараты, вакуоль | 8.4.2.2 |
| Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, механикалық, бөліп шығарушы ұлпа. Жануар ұлпаларының әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке. Зертханалық жұмыс "Өсімдіктер ұлпаларын жіктеу". Зертханалық жұмыс "Жануарлар ұлпаларын жіктеу" | 8.4.2.1 |
Молекулалық биология
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Мономерлер мен полимерлер арасындағы айырмашылық | 8.4.1.1 |
| Көмірсулар – энергия көзі. Глюкоза, сахароза, гликоген, крахмал, жасұнық пен хитиннің маңызы және қызметтері. Липидтердің қасиеттері мен қызметі. Липидтердің әртүрлілігі: майлар, фосфолипидтер, балауыз | 8.4.1.2 |
| Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері | 8.4.1.3 |
Тірі ағзалардың көп түрлілігі
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Зертханалық жұмыс "Өсімдіктер бөлімдеріндегі ерекшелік белгілерді анықтау. Балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар | 8.1.1.1 |
| Саңырауқұлақтар патшалығы. Зең саңырауқұлағы: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар – ашытқы. Көпжасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар | 8.1.1.2 |
| Зертханалық жұмыс "Дара жарнақты және қосжарнақтылар өсімдіктер кластарының белгілерін зерттеу" | 8.1.1.3 |
| Буынаяқтылар типі. Хордалылар типі. Сыртқы белгілеріне қарай салыстырмалы сипаттама. Демонстрация "Хордалы жануарлар мен буынаяқтылардың ерекшелік белгілерін анықтау" | 8.1.1.4 |
Қоректену
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Жауын құртының, сиырдың және адамның асқорыту жүйесінің құрылысы. Модельдеу "Адамның, сиырдың және жауынқұртының" асқорыту жүйесінің құрылысын салыстыру | 8.1.2.1 |
| Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тіс гигиенасы. Адамның асқорыту жолдарының құрылысы. Асқорыту бездері. Асқорыту мүшелерінің қызметі | 8.1.2.2, 8.1.2.3 |
| Тамақтану гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу. Тағамнан уланудың алдын алу. Алғашқы жәрдем шаралары. Ішек құрт ауруларының алдын алу. | 8.1.2.4 |
| Дәрумендер және олардың маңызы. Суда еритін және майда еритін дәрумендер. Дәрумендердің тәуліктік мөлшері. Авитаминоз, гиповитаминоз және гипервитаминоз. А авитаминоздағы ақшам соқыр, В1 авитаминоздағы бери – бери ауруы, С авитаминоздағы қырқұлақ, Д авитаминоздағы мешел аурулары. Зертханалық жұмыс "Тағамдық заттар құрамынан С дәруменді анықтау" | 8.1.2.5, 8.1.2.6, 8.1.2.7 |
2-тоқсан
Заттардың тасымалдануы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Ағзаның ішкі ортасы және оның маңызы. Лимфа. Лимфа айналымы мен оның маңызы. Гомеостаз.Ағзаның ішкі ортасы: қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы | 8.1.3.5 |
| Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі: транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық | 8.1.3.1 |
| Зертханалық жұмыс "Әр түрлі ағзалардың қан жасушаларын зерттеу". Қан жасушаларын формасына, мөлшеріне, санына және ядросының болуына қарай салыстыру | 8.1.3.2 |
| Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет. Лейкоциттердің түрлі типтері және олардың қызметтері. Т – және В- лимфоциттердің әрекет етуі | 8.1.3.3, 8.1.3.4 |
| Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу: амебалық қантышқақ, фитофтороз, оба, күл, лейшмания, герпес | 8.4.3.1 |
| Иммунитет. Иммунитеттің түрлері: туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет. Екпенің (вакцина) түрлері және оның жасанды иммунитетті қалыптастырудағы маңызы. Жұқпалы аурулардың алдын алу. | 8.1.3.6 |
| Қан топтары. Қан құю. Резус – фактор. Агглютинация. Резус – конфликт | 8.1.3.7 |
| Буылтық құрттардың (жауын құрт), ұлулардың, буынаяқтылардың және омыртқалылардың жүрегі және қантамырларының құрылысы мен қызметі | 8.1.3.8, 8.1.3.9 |
| Қантамырлар жүйесінің түрлері. Ашық және тұйық қанайналым жүйелері. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Адамның қанайналым жүйесі | 8.1.3.10 |
| Зертханалық жұмыс "Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу" | 8.1.3.11 |
| Жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары (гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт). Аурудың себептері: тұқым қуалайтын ауруларға бейімділік, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау т.б. | 8.1.3.12 |
Тыныс алу
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Альвеола мен қан арасындағы газ алмасу. Өкпедегі қанның оттекке қанығуы. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасу. Қанның көмірқышқыл газына қанығуы, жасушаның оттекке қанығуы | 8.1.4.1 |
| Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер. Тыныс алу және тыныс шығарудағы көкеттің маңызы. Ауа жүретін жолдардағы қысымның өзгеруі | 8.1.4.2 |
| Тыныс алудың минуттық көлемі. Әр түрлі жастағы, физикалық дамыған, ер және әйел адамдардың өкпесінің тіршілік сыйымдылығы. Тынысалу қозғалыстарының жиілігі. Шылым шегудің өкпенің тіршілік сыйымдылығына әсері. Зертханалық жұмыс "Өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу" | 8.1.4.3 |
3-тоқсан
Бөліп шығару
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы (бүйрек, несепағар, қуық, несеп жолы) мен қызметі. Бөліпшығару және сүзу мүшелері. Бүйректің құрылысы (қыртысты және милы қабат, нефрон, пирамида, астауша, бүйрек өзекшелері) | 8.1.5.1, 8.1.5.2 |
| Терінің маңызы, құрылысы мен қызметі. Тер бөлінудің реттелуі | 8.1.5.3 |
| Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары (қышыма, теміреткі, безеу бөртпелері,). Белгілері мен алдын алу шаралары | 8.1.5.4 |
Қозғалыс. Биофизика
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі | 8.1.6.1 |
| Сүйектің макро - және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы. Зертханалық жұмыс "Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы". Демонстрация "Сүйектің химиялық құрамы" | 8.1.6.2 |
| Сүйектің байланыс түрлері: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы | 8.1.6.3 |
| Буынның құрылысы және қызметтері. Сүйек буындарының атқаратын қызметіне сәйкес бейімделуі | 8.1.6.4 |
| Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі (бірыңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек). Зертханалық жұмыс "Бұлшықет ұлпаларының құрылысын зерттеу" Адам денесінің бұлшықеттерін жіктеу | 8.1.6.5, 8.1.6.6 |
| Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. Сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу шаралары | 8.1.6.7, 8.1.6.8 |
| Тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты адамның қаңқа құрылысының ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты бұлшықеттің маңызы. Тік жүру кезіндегі дененің ауырлық орталығы. Адам денесіндегі иіндер | 8.4.4.1 |
Координация және реттелу
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Көру мүшелерінің құрылысы. Көрудің маңызы. Көру қызметінің бұзылуы. Көру гигиенасы. Зертханалық жұмыс "Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу" | 8.1.7.1 |
| Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы. Естудің бұзылу себептері. Есту мүшесінің гигиенасы. Зертханалық жұмыс "Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу". (құлақтың есту қабілетін анықтау) | 8.1.7.2 |
| Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі. Зертханалық жұмыс "Соқыр дақты анықтау, түстердің аралсуына тәжірибе, дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі" | 8.1.7.3 |
| "Гормондар", "Гуморальдық реттелу" ұғымдары. Эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасуы және қызметі. Бездерден бөлінетін гормондар | 8.1.7.4, 8.1.7.5 |
| Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар (гипо- және гиперфункция) | 8.1.7.6 |
| Адам денесінде орналасқан тері рецепторлары (терморецепторлар, механорецепторлар, ноцицепторлар). Зертханалық жұмыс "Тері сезімталдығын зерттеу" | 8.1.7.7 |
| Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің ролі. Температураға сезімталдық. Терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуі | 8.1.7.8 |
4-тоқсан
Көбею
Өсу және даму
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы. Өзгергіштік пен қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік арасындағы өзара байланыс | 8.2.4.1 |
| Қолдан сұрыптау және оның селекция үшін маңызы. Қолдан сұрыптау түрлері | 8.2.4.2 |
| Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары | 8.2.4.3 |
| Қазақстан территориясында кездесетін егістік дақылдар мен үй жануарларының қолтұқымдары. Маңызды белгілер | 8.2.4.4 |
Биосфера, экожүйе, популяция
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Экожүйелердің компоненттері. Су және құрлық экожүйелері. Модельдеу "Су және құрлық экожүйелерін салыстыру" | 8.3.1.1, 8.3.1.2 |
| Популяцияның құрылымының негізгі сипаттамалары және ерекшеліктері. Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдері. (Тіршілікті сақтаудың К және r стрпатегиялары). "Жыртқыш-жемтік" қарымқатынас түрі. Популяция санының өзгеруі | 8.3.1.3, 8.3.1.4, 8.3.1.5 |
| Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері. Ағзалардың тікелей және жанама қарымқатынас түрлері. Қоршаған орта жағдайларының өзгерістеріне ағзалардың бейімделуі | 8.3.1.6, 8.3.1.7 |
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
Басқа сыныптар
- Биология, 7-сынып
- Биология, 8-сынып
- Биология, 9-сынып
- Биология, 10-сынып
- Биология, 11-сынып