Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Биология пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері

1.1 Тірі организмдердің әртүрлілігі

  • 10.1.1.1 Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау
  • 10.1.1.2 филогенетикалық карталарды (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды) құру және (интерпретациялау) түсіндіріп беру
  • 10.1.1.3 әр алуан филогенетикалық карталар-дың (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштар) принциптерін салыстыру

1.2 Қоректену

  • 10.1.2.1 әр түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсерін түсіндіру (температура, pH, субстрат концентрациясы, ингибитор)

1.3 Заттардың тасымалдануы

  • 10.1.3.1 эмбрион мен ересек ағзаның гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығын түсіндіру
  • 10.1.3.2 пассивті тасымалдау механизмін түсіндіру

1.4 Тыныс алу

  • 10.1.4.1 аденозинүшфосфаттың құрылысы мен қызметтерін сипаттау
  • 10.1.4.2 анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы аденозинүшфосфаттың синтезін салыстыру
  • 10.1.4.3 метоболизмнің түрлерін атау
  • 10.1.4.4 энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау
  • 10.1.4.5 митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату
  • 10.1.4.6 Кребс циклін сипаттау

1.5 Бөліп шығару

  • 10.1.5.1 зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіру
  • 10.1.5.2 су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның рөлін түсіндіру
  • 10.1.5.3 диализ механизмін түсіндіру

1.6 Қозғалыс

  • 10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымын түсіндіру
  • 10.1.6.2 жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысының байланысын орналастыру

1.7 Координация және реттелу

  • 10.1.7.1 миеленденген нейрон аксонында әрекет потенциалының инициациясы мен трансмиссиясын сипаттау және түсіндіру
  • 10.1.7.2 рефрактерлық кезең мен миелин қабығының маңызын түсіндіру
  • 10.1.7.3 механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруін (Пачини денешігі) сипаттау

2-бөлім. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму

2.2 Жасуша-лық цикл

  • 10.2.2.1 митоз фазаларын сипаттау
  • 10.2.2.2 өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру
  • 10.2.2.3 жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру
  • 10.2.2.4 қартаю үдерісін түсіндіру

2.4 Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

  • 10.2.4.1 модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу
  • 10.2.4.2 дигибридті будандастыру, жыныспен тіркес-кен тұқым қуалау мен көп аллельділіктің цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану
  • 10.2.4.3 кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуын түсіндіру
  • 10.2.4.4 аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру
  • 10.2.4.5 Хуго де Фриздің мутация теориясын, мутагенез себептер, мутагенез себептерін және мутация түрлерін зерттеу
  • 10.2.4.6 хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын сипаттау

2.5 Селекция негіздері

  • 10.2.5.1 селекцияәдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу

2.6 Эволюциялық даму

  • 10.2.6.1 тұқым қуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты түсіндіру
  • 10.2.6.2 эволюция үдерісіне әсер ететін факторларды талдау
  • 10.2.6.3 эволюцияның дәлелдемелерін талдау
  • 10.2.6.4 түр түзілудің негізгі механизмдерін жіктеу
  • 10.2.6.5 антропогенездің кезеңдерін атау

4-бөлім. Қолданбалы кіріктірілген ғылым дар

4.1 Молекулалық биология және биохимия

  • 10.4.1.1 Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру
  • 10.4.1.2 көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу
  • 10.4.1.3 майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау
  • 10.4.1.4 нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу
  • 10.4.1.5 түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу
  • 10.4.1.6 биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау
  • 10.4.1.7 дезоксирибонуклеин қышқылы құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату
  • 10.4.1.8 рибонуклеин қышқылы типтерінің құрылысы мен қызметтерін ажырату

4.2 Жасуша лық биология

  • 10.4.2.1 электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру
  • 10.4.2.2 жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты түсіндіру

4.3 Биотехнология

  • 10.4.3.1 биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау
  • 10.4.3.2 полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицина мен криминалистикадағы маңызын сипаттау
  • 10.4.3.3 гендік-инженериялық манипуляциялаудың кезеңдерін түсіндіру
  • 10.4.3.4 гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау

4.4 Биомедицина және биоинформатика

  • 10.4.4.1 биомеханиканы робототехникада қолданылуын зерттеу
  • 10.4.4.2 электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Молекулалық биология және биохимия

Тақырып Оқу мақсаттары
Молекулалық биология және биохимия 10.4.1.1, 10.4.1.2, 10.4.1.3, 10.4.1.4, 10.4.1.5, 10.4.1.6, 10.4.1.7, 10.4.1.8

Жасушалық биология

Тақырып Оқу мақсаттары
Жасушалық биология 10.4.2.1, 10.4.2.2

Қоректену

Тақырып Оқу мақсаттары
Қоректену 10.1.2.1

2-тоқсан

Заттардың тасымалдануы

Тақырып Оқу мақсаттары
Заттардың тасымалдануы 10.1.3.1

Тыныс алу

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыныс алу 10.1.4.1

Бөліп шығару

Тақырып Оқу мақсаттары
Бөліп шығару 10.1.5.1

3-тоқсан

Жасушалық цикл

Тақырып Оқу мақсаттары
Жасушалық цикл 10.2.2.1, 10.2.2.2, 10.2.2.3, 10.2.2.4

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылық Тары

Тақырып Оқу мақсаттары
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылық Тары 10.2.4.1, 10.2.4.2, 10.2.4.3, 10.2.4.4, 10.2.4.5, 10.2.4.6

Эволюциялық даму. Селекция негіздері. Тірі ағзалардың көптүрлілігі

Тақырып Оқу мақсаттары
Эволюциялық даму. Селекция негіздері. Тірі ағзалардың көптүрлілігі 10.2.6.1, 10.2.6.2, 10.2.6.3, 10.1.1.1, 10.1.1.2, 10.1.1.3, 10.2.6.4, 10.2.5.1, 10.2.6.5

4-тоқсан

Координация және реттеу

Тақырып Оқу мақсаттары
Координация және реттеу 10.1.7.1, 10.1.7.2, 10.1.7.3

Қозғалыс

Тақырып Оқу мақсаттары
Қозғалыс 10.1.6.1, 10.1.6.2

Биомедицина және биоинформатика

Тақырып Оқу мақсаттары
Биомедицина және биоинформатика 10.4.4.1, 10.4.4.2

Биотехнология

Тақырып Оқу мақсаттары
Биотехнология 10.4.3.1, 10.4.3.2, 10.4.3.3, 10.4.3.4
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 10-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.