Оқу бағдарламалары
Биология пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері
1.1 Тірі организмдердің әртүрлілігі
- 10.1.1.1 жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау
- 10.1.1.2 кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды түсіндіріп беру
1.3 Заттардың тасымалдануы
- 10.1.3.1 беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының мәнін есептеу және олардың заттарды тасымалдауға қатысты маңызын түсіндіру
- 10.1.3.2 пассивті және активті тасымалдау механизмдерін салыстыру
1.4 Тыныс алу
- 10.1.4.1 аденозинүшфосфаттың (АТФ) құрылысы мен қызметтерін сипаттау
- 10.1.4.2 анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы аденозинүшфосфаттың синтезін салыстыру
- 10.1.4.3 метоболизмнің түрлерін сипаттау
- 10.1.4.4 энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау
- 10.1.4.5 митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату
1.5 Бөліп шығару
- 10.1.5.1 су мөлшерін реттеудегі антидиуретикалық гормонның (АДГ) рөлін түсіндіру
- 10.1.5.2 диализ механизмін түсіндіру
- 10.1.5.3 бүйрек трансплантациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау
1.6 Қозғалыс
- 10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланысты түсіндіру
- 10.1.6.2 жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысының байланысын орналастыру
1.7 Координация және реттеу
- 10.1.7.1 жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін оқып білу
- 10.1.7.2 механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруін (Пачини денешігі) сипаттау
- 10.1.7.3 синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты орнату
2-бөлім. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюциялық даму
2.2 Жасушалық цикл
- 10.2.2.1 өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру
- 10.2.2.2 жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру
- 10.2.2.3 қартаю үдерісін түсіндіру
2.4 Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылық тары
- 10.2.4.1 модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу
- 10.2.4.2 дигибридті будандастыру, жыныспен тіркескен тұқым қуалаудың цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану
- 10.2.4.3 аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру
- 10.2.4.4 мутация типтері мен мутагенез себептерін зерттеу
- 10.2.4.5 хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын (аутосомдық және жыныстық) сипаттау
2.5 Селекция негіздері
- 10.2.5.1 селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу
2.6 Эволюция лық даму
- 10.2.6.1 тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты түсіндіру
- 10.2.6.2 эволюцияның дәлелдемелерін талдау
- 10.2.6.3 эволюцияның дәлелдемелерін оқып-білу
- 10.2.6.4 антропогенездің кезеңдерін атау
4-бөлім. Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар
4.1 Молекулалық биология және биохимия
- 10.4.1.1 Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру
- 10.4.1.2 көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу
- 10.4.1.3 майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау
- 10.4.1.4 нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу
- 10.4.1.5 түрлі жағдай-лардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу
- 10.4.1.6 биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау
- 10.4.1.7 Чаргафф ережелері негізінде дезоксирибонуклеин қышқылы репликациясы үдерісін сипаттау
- 10.4.1.8 рибонуклеин қышқылы типтерінің құрылысы мен қызметтерін ажырату
- 10.4.1.9 рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулаларының құрылысын салыстыру
4.2 Жасушалық биология
- 10.4.2.1 электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру
- 10.4.2.2 жасуша мембранасының сұйық кристалды моделін пайдаланып, жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнату
4.3 Биотехнология
- 10.4.3.1 биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау
- 10.4.3.2 полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицина мен криминалистикадағы маңызын сипаттау
- 10.4.3.4 гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық тұрғыдан талқылау
4.4 Биомедицина және биоинформатика
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Молекулалық биология және биохимия
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Жердегі тіршілік үшін судың маңызы | 10.4.1.1 |
| Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Химиялық құрылымы. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері | 10.4.1.2 |
| Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері | 10.4.1.3 |
| Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы. Зертханалық жұмыс "Нәруыздардың құрылымына әртүрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)" | 10.4.1.4, 10.4.1.5 |
| Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы. Зертханалық жұмыс "Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау" | 10.4.1.6 |
| Репликация механизмі. ДНҚ. Мезелсон мен Сталь тәжірибесі. Чаргафф ережесі | 10.4.1.7 |
| РНҚ молекуласының құрылысы мен қызметтері. Матрицалық (ақпараттық) рибонуклеин қышқылы. Рибосомалық рибонуклеин қышқылы. Транспорттық рибонуклеин қышқылы | 10.4.1.8 |
| рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысынның ұқсастықтары мен айырмашылықтары | 10.4.1.9 |
Жасушалық биология
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері: жасуша қабырғасы, плазмалық мембрана, цитоплазма және оның органоидтары (мембранасыз, бірмембраналы және қосмембраналы). Ядро. Жасуша-ның негізгі компоненттерінің қызметтері | 10.4.2.1 |
| Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық -мозаикалық моделі. Мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипидтердің, холестеролдың қызметі. Зертханалық жұмыс "Жасуша мембранасына әртүрлі жағдайлардың әсері". Бактерия, саңырауқұлақ., өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері | 10.4.2.2 |
2-тоқсан
Заттардың тасымалдануы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері. Эритроцит жасушасы беттік аудан мөлшерінің, көлемге қатынасының маңызы. Зертханалық жұмыс "Жасушаның беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын анықтау" | 10.1.3.1 |
| Пассивті тасымалдау механизмі:қарапайым тасымал, мембраналық каналдар арқылы диффузия, жеңілдетілген диффузия Белсенді тасымалдау механизмі | 10.1.3.2 |
Тыныс алу
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Аденозинүшфосфор қышқылының құрылысы мен қызметі | 10.1.4.1 |
| Аденозинүшфосфор қышқылының синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері | 10.1.4.2 |
| Метаболизм түрлері. Энергетикалық алмасу кезеңдері | 10.1.4.3, 10.1.4.4 |
| Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысы | 10.1.4.5 |
Бөліп шығару
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Су мөлшерін реттеу. Нысана мүшелер. әсер ету эффектсі. Гипофункция. Гиперфункция | 10.1.5.1 |
| Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Диализ әсерінің себептері,. Диализ әдістері: перитонеальды, гемодиализ | 10.1.5.2 |
| Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Диализ және бүйрек трансплантациясы. Артықшылықтары мен кемшіліктері | 10.1.5.3 |
3-тоқсан
Жасушалық цикл
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез | 10.2.2.1 |
| Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы. Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар | 10.2.2.2 |
| Қартаю. Қартаю үрдісі туралы теориялар | 10.2.2.3 |
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар. Зертханалық жұмыс "Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу" | 10.2.4.1 |
| Белгілердің тұқымқуалауындағы цитологиялық негіздер. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомалардың тәуелсіз ажырауы Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау. Есептер шығару | 10.2.4.2, 10.2.4.3 |
| Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Комплиментарлық. Полимерия, көп аллелділік. Кодоминанттылық. Көп аллельділік | 10.2.4.4 |
| Кенеттен және индуцияланған мутация. Гендік, хромосомалық, геномдық мутациялар. Модельдеу "Адам кариограммасын құру. Геномдық мутацияны оқып білу" | 10.2.4.5 |
| Хромосомалар санының ауытқуына байланысты адамның хромосомалық аурулары | 10.2.4.5 |
Эволюциялық даму Селекция негіздері. Тірі ағзалардың алуантүрлілігі
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Кладограммалар. Түсінік "Соңғы әмбебап жалпы ата тек". Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың айырмашылығы. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың эволюциялық маңызы | 10.1.1.1, 10.1.1.2 |
| Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері. Гибридизация (будандастыру). Полиплоидия. Жасанды мутагенез | 10.2.5.1 |
| Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланыс. Тұқымқуалайтын өзгергіштік – эволюция негізі. Комбинативтік өзгергіштік, мутациялар. Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрес. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар | 10.2.6.1 |
| Эволюцияның дәлелдемелері. Салыстырмалы-анатомиялық, молекулалық – генетикалық эмбриологиялық, палеонтологиялық, биогеографиялық, биохимиялық, дәлелдемелер | 10.2.6.2 |
| Түр түзілудің механизмі. Түр түзілудің оқшаулаушы механизмі. Түртүзілудегі репродуктивті оқшаулану. Полиплоидия және гибридизация | 10.2.6.3 |
| Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар | 10.2.6.4 |
4-тоқсан
Координация және реттеу
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Мидың құрылысы мен қызметтері. Жұлынның құрылысы мен қызметтері | 10.1.7.3 |
| Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланыс. Холинергиялық синапстың мысалында синапстық берілудің механизмі | 10.1.7.3 |
| Механорецепторлардың түрлері. Пачини денешігі мысалында рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беру реакциясы | 10.1.7.2 |
Қозғалыс
Биофизика
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Биомеханиканы робототехникада қолдану. Инженерлік биомеханика (экзоқаңқа, робототехника т.б.). Медициналық биомеханика (протездеу т.б. Эргометриялық биомеханика (оптимизация т.б.) | 10.4.4.1 |
| Жүрек автоматиясының механизмі. Жүректегі қозудың өту жылдамдығы. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы | 10.4.4.2 |
Биотехнология
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Гендік инженерияның маңызы | 10.4.3.1 |
| Полимеразды тізбекті реакцияны қолдану. Медициналық диагностикалауда, әкелікті негіздеуде, тұлғаларды дербестендіру медицинасында, гендерді клондауда, Дезоксирибонуклеин қышқылын секвенирлеуде мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызы | 10.4.3.2 |
| Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары | 10.4.3.4 |
Басқа сыныптар
- Биология, 7-сынып
- Биология, 8-сынып
- Биология, 9-сынып
- Биология, 10-сынып
- Биология, 11-сынып