Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Неміс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 7‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Оқу мақсаттары

7‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тыңдалым (Hören)

  • 7.1.1 аздаған қолдаумен шектеулі жалпы және оқу тақырыптарындағы ұзақ әңгіменің негізгі мазмұнын түсіну
  • 7.1.2 аздаған қолдаумен шектеулі жалпы және оқу тақырыптары аясында ұзақ әңгіме барысында белгіленген нақты ақпаратты егжей-тегжейлі түсіну
  • 7.1.3 ұзақ әңгімелесу барысында аздаған қолдаумен шектеулі жалпы және оқу тақырыптары бойынша дәлелдердің көп бөлігін түсіну
  • 7.1.4 ұзақ әңгімелесу барысында кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша кейбір тұжырымдалған мағынадағы ақпаратты аздаған қолдаумен түсіну
  • 7.1.5 ұзақ әңгімелесу барысында жалпы және оқу тақырыптарының көбі бойынша сөйлеушінің/сөйлеушілердің пікірін қолдаумен анықтау
  • 7.1.6 ұзақ әңгімелесу мәнмәтіннен кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша мағынаны аздаған қолдаумен анықтау
  • 7.1.7 кейбір ауызша жанрлардың сөздері, сөйлемдері мен мәтіндері деңгейінде олардың ерекше жақтарын анықтай бастау
  • 7.1.8 қолдаумен жалпы және оқу тақырыптары бойынша әңгімелерді түсіну

2-бөлім. Айтылым (Sprechen)

  • 7.2.1 кейбір жалпы және оқу тақырыптарында сөйлесуде формалды және бейформалды регистрлерді қолдану
  • 7.2.2 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша ақпарат алу үшін күрделі сұрақтар қою
  • 7.2.3 жалпы және оқу тақырыптарының көбі бойынша талдау деңгейінде өз пікірін айту
  • 7.2.4 жалпы және оқу тақырыптарының көбі бойынша талдау элементтері бар жай сөйлемдерді қолданып, кейбір пікірлерге икемді жауап қайтару
  • 7.2.5 оқу міндеттерін орындау мақсатында сыныптастармен қызметтестік орнату, талқылау, жоспарлау, келісімге келу және басымдылықтарды белгілеу үшін өзара қарым-қатынас жасап көру
  • 7.2.6 жұппен, топпен және сыныппен жұмыс істеу барысында басқалардың айтқаны жайында өз пікірін сөйлем немесе талдау деңгейінде икемді білдіруге тырысу
  • 7.2.7 әртүрлі жалпы және кейбір оқу тақырыптары шеңберінде арнайы лексиканы және синтаксисті қолдану
  • 7.2.8 әртүрлі жалпы және оқу тақырыптарындағы кейбір ұзақтау әңгімелер мен оқиғалардың мазмұнын айту

3-бөлім. Оқылым (Leseverstehen)

  • 7.3.1 кейбір бейтаныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі шағын, қарапайым мәтіндердегі негізгі ойды түсіну
  • 7.3.2 таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі мәтіндердің көбіндегі арнайы ақпаратты және бөліктеріндегі негізгі ойды түсіну
  • 7.3.3 таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі мәтіндердің көбінде келтірілген дәлелдерді, сонымен қатар көлемді мәтіндерді егжей-тегжейлі түсіну
  • 7.3.4 таныс және кейбір бейтаныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде көркем әдебиеттен және басқа әдебиеттерден кейбір көлемді мәтіндерді оқу
  • 7.3.5 таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі мәтіндердің көбінің мәнмәтінінен мағынаны анықтау
  • 7.3.6 әртүрлі бейтаныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі мәтіндердегі автордың көзқарасын немесе пікірін анықтау
  • 7.3.7 көптеген жазылған жанрлар шеңберінде сөздердің, сөйлемдердің және мәтіндердің ерекше сипаттарын анықтау
  • 7.3.8 мағынасын тексеру және түсіну аясын кеңейту үшін таныс және кейбір бейтаныс қағаз және цифрлық ресурстарды аздаған қолдау көрсету арқылы пайдалану
  • 7.3.9 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша шағын, қарапайым мәтіндерде келтірілген дәлелдердегі сәйкессіздікті анықтау

4-бөлім. 4‑тарау. Жазылым (Schreiben)

  • 7.4.1 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша мәтін деңгейінде жұмыстарды қолдаумен жоспарлау, жазу, оқып шығу, түзету
  • 7.4.2 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша шынайы, ойдан шығарылған оқиғалар, әрекетер немесе өзінің тәжірибесі туралы аздаған қолдаумен жазу
  • 7.4.3 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша орташа грамматикалық сауаттылықпен жазу
  • 7.4.4 жалпы және оқу тақырыптары бойынша кейбір жазбаша жанрларға сәйкес стиль және регистрді пайдалану
  • 7.4.5 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша аздаған қолдаумен мысалдар және негіздемелер келтіре отырып, дәлелдерді пайдалану
  • 7.4.6 таныс жалпы тақырыптар бойынша базалық байланыстыру сөздерінің көмегі арқылы сөйлемдерді абзацқа қисынды біріктіру
  • 7.4.7 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша әртүрлі жазбаша жанрларға сәйкес мәтін деңгейіндегі форматты минималды қолдаумен пайдалану
  • 7.4.8 әртүрлі таныс жалпы және оқу тақырыптарында жиі қолданылатын сөздерді дұрыс жазу
  • 7.4.9 әртүрлі кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша орташа сауатты мәтін деңгейіндегі жазба жұмыстарға тыныс белгілерін дұрыс қолдану

5-бөлім. 5‑тарау. Неміс тілін қолдану (Sprachverwendung)

  • 7.5.1 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша дерексіз зат есімдерді және күрделі фразаларды қолдану
  • 7.5.2 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша саналатын және саналмайтын зат есімдер үшін түрлі есептік сан есімдерді қолдану
  • 7.5.3 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша сын есімдердің септелуін пайдалана отырып, зат есімдердің алдында сын есімдердің алуан түрін қолдану
  • 7.5.4 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша сын есімнің септелу түрлерін, қиысқан анықтауышты қолдану
  • 7.5.5 таныс жалпы және оқу тақырыптарында түрлі шақ формаларында қолданылатын сұрақтарды пайдалану
  • 7.5.6 көптеген таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша mein, dein, unser/майн, дайн, унзер сөздерін қоса алғанда жіктік және тәуелдік есімдіктерін қолдану
  • 7.5.7 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша Präsens/Präteritum – Plusquamperfektшақ формаларын қолдану
  • 7.5.8 көптеген үйреншікті жалпы және оқу тақырыптары бойынша wardenетістігінің көмекші қызметін, Futurum (келер шақ) қолдану
  • 7.5.9 бірқатар таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша wurde … gegründet/ пассивті құрылымын сәйкесінше қолдану
  • 7.5.10 таныс жалпы және оқу тақырыптары үйреншікті ауқымында үздіксіз осы және өткен шақ формаларын қолдану
  • 7.5.11 бірқатар таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша нақтылау, мәлімдеме жасау үшін құрмалас сөйлемдердің кейбір формаларын қолдану
  • 7.5.12 бірқатар таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша үстеудің салыстырмалы шырай құрылымын қолдану
  • 7.5.13 түрлі таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша түрлі қызметтер үшін әртүрлі модальді формаларды қолдану
  • 7.5.14 әртүрлі таныс жалпы және оқу тақырыптарында wo?/во? (Dativ) сұрағына және wohin?? (Akkusativ) сұрағына жауап беру барысында сөз тіркестерін in, an, auf, hinter, neben, über, unter, zwischen, vor, фор көмекші сөздерімен қолдану
  • 7.5.15 таныс жалпы және оқу тақырыптарында raten, empfehlen етістіктерінен кейін um… zu…инфинитивтік құрылымының формасын қолдану
  • 7.5.16 таныс жалпы және оқу тақыптарында und, aber, oder, denn денн салалас мәнді жалғаулықтарды қолдану
  • 7.5.17 жалпы және оқу тақырыптары бойынша dass, ob/дасс, об сөздерімен бағыңыңқылы сөйлемдерді, wer, wie, was, warum, welcheжалғаулықты сөздерін, бағыныңқылы толықтауыш сөйлемдерді қолдану

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1. Менің Отаным 1.1. Меің өлкемнің көрнекі жерлері 1.2 Менің өлкемнің көрнекті тұлғалары

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым 7.1.1, 7.1.2, 7.1.4, 7.1.8
Айтылым 7.2.1, 7.2.2, 7.2.3, 7.2.6, 7.2.7
Оқылым 7.3.1, 7.3.2, 7.3.3, 7.3.7, 7.3.8
Жазылым 7.4.1, 7.4.2, 7.4.3, 7.4.6, 7.4.8, 7.4.9
Тілді қолдану 7.5.1, 7.5.3, 7.5.4, 7.5.5, 7.5.6, 7.5.7, 7.5.9, 7.5.12, 7.5.14, 7.5.15, 7.5.16

2-тоқсан

2. Өнер әлемінде 2.1 Кино және театр 2.2 Музыка және әдебиет

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым 7.1.1, 7.1.3, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8
Айтылым 7.2.2, 7.2.3, 7.2.5, 7.2.7, 7.2.8
Оқылым 7.3.1, 7.3.2, 7.3.3
Жазылым 7.4.1, 7.4.2, 7.4.5, 7.4.6, 7.4.8
Тілді қолдану 7.5.1, 7.5.2, 7.5.3, 7.5.4, 7.5.5, 7.5.7, 7.5.8, 7.5.9, 7.5.11, 7.5.12, 7.5.14, 7.5.15, 7.5.16, 7.5.17

3-тоқсан

3. Мамандықтар әлемі 3.1. Мен армандайтын мамандық 3.2 Болашақтағы мамандықтар

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым 7.1.1, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5
Айтылым 7.2.1, 7.2.2, 7.2.3, 7.2.4, 7.2.7, 7.2.8
Оқылым 7.3.1, 7.3.2, 7.3.9
Жазылым 7.4.2, 7.4.3, 7.4.5, 7.4.7, 7.4.9
Тілді қолдану 7.5.1, 7.5.5, 7.5.10, 7.5.11, 7.5.13, 7.5.14, 7.5.15, 7.5.16, 7.5.17

4-тоқсан

4. Адам және оның тілдік мүмкіндіктері 4.1 Германиядағы тілдік каникулдар 4.2. Әлемдегі оқушылардың алмасу бағдарламасы

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым 7.1.1, 7.1.2, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8
Айтылым 7.2.1, 7.2.2, 7.2.3, 7.2.5, 7.2.6
Оқылым 7.3.1, 7.3.4, 7.3.5, 7.3.6, 7.3.7
Жазылым 7.4.1, 7.4.2, 7.4.3, 7.4.4, 7.4.5, 7.4.6
Тілді қолдану 7.5.1, 7.5.3, 7.5.4, 7.5.5, 7.5.7, 7.5.11, 7.5.13, 7.5.16, 7.5.17
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 7-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.