Оқу бағдарламалары
Неміс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 5‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
5‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым (Hören)
- 5.1.1 тақырып бойынша жиі қолданылатын сөздерді және жекелеген фразаларды қолдаумен түсіну
- 5.1.2 қарапайым сұрақтарды түсіну және биографиялық сипаттағы ақпарат ұсыну
- 5.1.3 жалпы және оқу тақырыптары бойынша қарапайым сұрақтарды қолдаусыз түсіну
- 5.1.4 ұзақ әңгімелесу барысында жалпы және оқу тақырыптары бойынша негізгі ақпаратты қолдаумен түсіну
- 5.1.5 шағын әңгімелесу барысында кейбір оқу тақырыптары бойынша айырықша ақпараттың едәуір бөлігін және детальдарын қолдаумен түсіну
- 5.1.6 қысқа әңгімелесу мәнмәтіннен кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша мағынаны қолдаумен анықтау
- 5.1.7 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша қарапайым әңгімелесу барысында аздаған қолдаумен сөйлеушінің/сөйлеушілердің пікірін анықтау
- 5.1.8 қолдаумен кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша әңгімелерді, оның ішінде ұзақ әңгімелесуді түсіну
2-бөлім. Айтылым (Sprechen)
- 5.2.1 қалыпты жағдаятта жай сөйлемдерді қолданып, өзі және басқалар туралы негізгі ақпаратты беру
- 5.2.2 кейбір жалпы тақырыптар аясында ақпарат алу үшін қарапайым сұрақтар қою
- 5.2.3 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша сөйлем деңгейінде өз пікірін айту
- 5.2.4 әртүрлі жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде жай сөйлемдерді қолданып, кейбір пікірлерге икемді жауап қайтару
- 5.2.5 әртүрлі жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде базалық деңгейде өзара ақпарат алмасып көру
- 5.2.6 жұппен, топпен және сыныппен жұмыс істеу барысында өз ойын сөйлем деңгейінде нақты және анық жеткізу
- 5.2.7 кейбір жалпы тақырыптар шеңберінде арнайы лексиканы және синтаксисті қолдану
- 5.2.8 әртүрлі жалпы және оқу тақырыптарындағы қарапайым әңгімелер мен оқиғалардың мазмұнын айту
3-бөлім. Оқылым (Leseverstehen)
- 5.3.1 жалпы және оқу тақырыптары бойынша кейбір шағын, қарапайым мәтіндердегі негізгі ойды түсіну
- 5.3.2 кейбір жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі шағын, қарапайым мәтіндердегі арнайы ақпаратты және бөліктеріндегі негізгі ойды аздаған қолдаумен түсіну
- 5.3.3 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі мәтіндерде келтірілген дәлелдерді егжей-тегжейлі түсіну
- 5.3.4 шағын мәтіндерді қолдаусыз оқу сонымен қатар, оқылған мәтін бойынша хабарлама жасау
- 5.3.5 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі шағын мәтіндердің мәнмәтінінен мағынаны анықтау
- 5.3.6 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша шағын мәтіндердегі автордың көзқарасын немесе пікірін анықтау
- 5.3.7 кейбір жазылған жанрлар шеңберінде сөздердің, сөйлемдердің және мәтіндердің ерекше сипаттарын анықтау
- 5.3.8 мағынасын тексеру және түсіну аясын кеңейту үшін таныс қағаз және цифрлық ресурстарды аздаған қолдаумен пайдалану
- 5.3.9 әртүрлі жалпы және оқу тақырыптары бойынша шағын, қарапайым мәтіндердегі фактілер мен пікірлердің арасындағы айырмашылықтын анықтау
4-бөлім. 4‑тарау. Жазылым (Schreiben)
- 5.4.1 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша мәтін деңгейінде жұмыстарды жоспарлау, жазу, оқып шығу, түзету
- 5.4.2 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша түйінді сөздерді тірек етіп абзацтағы сөйлемдерді тізбектеп жазу
- 5.4.3 адамды, мекенді және объектіні сипаттап, мәтін деңгейінде нақты мәліметтерді қолдаумен жазу
- 5.4.4 жеке ақпарат беру үшін қолдаумен үлкен сөйлемдерді дәйектеп жазу
- 5.4.5 базалық байланыстыру сөздерінің көмегі арқылы қолдаумен сөйлемдерді байланыстыру
- 5.4.6 кейбір таныс жалпы тақырыптар бойынша базалық байланыстыру сөздерінің көмегі арқылы сөйлемдерді аздаған қолдаумен қисынды біріктіру
- 5.4.7 таныс жалпы және кейбір оқу тақырыптары бойынша кейбір жазбаша жанрларға сәйкес мәтін деңгейіндегі форматты аздаған қолдаумен пайдалану
- 5.4.8 кейбір жалпы тақырыптарда жиі қолданылатын сөздерді дұрыс жазу
- 5.4.9 кейбір таныс жалпы тақырыптар бойынша орташа сауатты мәтін деңгейіндегі жазба жұмыстарға тыныс белгілерін дұрыс қолдану
5-бөлім. 5‑тарау. Неміс тілін қолдану (Sprachverwendung)
- 5.5.1 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша мезгіл және мекенді сипаттайтын тиісті зат есімдерді, сонымен қатар жалпы фразаларды қолдану
- 5.5.2 таныс жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі спектрінде етістіктерді қолдану
- 5.5.3 жалпы және кейбір оқу тақырыптарына қатысты заттарды сипаттау барысында сын есімдер мен тәуелдік есімдігін қолдану
- 5.5.4 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша болымсыздықты көрсететін түрлі формаларды (nicht/kein) қолдану
- 5.5.5 таныс жалпы және оқу тақырыптарынң ауқымды спектрінде W-Fragen/В-Фраген сұрақтарын, сонымен қатар Wie?/Wie lange? Wieviel? сұраулы сөздерін қолдану
- 5.5.6 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша негізгі жіктік және тәуелдік есімдіктерін, есептік және реттік сан есімдерді қолдану
- 5.5.7 таныс жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі шеңберінде орын алған іс-әрекетті білдіру үшін Präsens/етістіктіктердің дара түрін қолдану
- 5.5.8 таныс жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі шеңберінде іс-әрекеттер туралы айту үшін Praesens осы шақ формаларын қолдану
- 5.5.9 таныс жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі шеңберінде процедураларды, дағдылар мен жағдайды сипаттау үшін дұрыс және бұрыс формаларды, нақ осы шақты қолдану
- 5.5.10 таныс жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі шеңберінде haben/sein етістіктерінің формаларын қолдану
- 5.5.11 таныс жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі шеңберінде (күшті, әлсіз, анықтауыш сөз алды қосымшасы бар) етістіктерді қолдану
- 5.5.12 таныс жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі шеңберінде сөзжасамның түрлі формаларын қолдану
- 5.5.13 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша мүмкіндікті білдіру үшін модальді етістіктерді қолдану
- 5.5.14 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша мезгіл мен мекенді айту үшін, заттарды сипаттау мен тақырыпты белгілеу үшін көмекші сөздерді қолдану, септіктерге сәйкес бағытты білдіретін көмекші сөздерді қолдану
- 5.5.15 таныс жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі спектрінде етістіктің бұйрық райын қолдану
- 5.5.16 таныс жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі спектріндегі шағын мәтіндерде сөйлем бөліктерін байланыстыру үшін көмекші сөздерді Dativ қолдану
- 5.5.17 жеке және таныс тақырыптарға қарапайым осы және өткен шақтағы іс-әркеттерді сипаттау үшін und және aber жалғаулықтарымен салалас құрмалас сөйлемдерді қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
1.Мектеп және оқу 1.1 Танысу. Менің мектебім. Сабақта 1.2. Сыныптағы заттар
2-тоқсан
2. Жер – біздің үйіміз 2.1 Менің отбасым және достарым 2.2 Менің хоббиім
3-тоқсан
3. Қазақстан халықтарының тілі және мәдениеті 3.1 Біздің Отанымыз-Қазақстан. Қазақстан бойынша саяхат. 3.2 Салт-дәстүр және фольклор
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Тыңдалым | 5.1.1, 5.1.2, 5.1.6, 5.1.8 |
| Айтылым | 5.2.3, 5.2.4, 5.2.5, 5.2.6, 5.2.7 |
| Оқылым | 5.3.1, 5.3.2, 5.3.3, 5.3.6 |
| Жазылым | 5.4.1, 5.4.3, 5.4.4, 5.4.5, 5.4.7, 5.4.8 |
| Тілді қолдану | 5.5.1, 5.5.2, 5.5.3, 5.5.4, 5.5.5, 5.5.6, 5.5.7, 5.5.8, 5.5.9, 5.5.10, 5.5.11, 5.5.12, 5.5.13, 5.5.14, 5.5.16, 5.5.17 |
4-тоқсан
4. Экология және өмір қауіпсіздігі 4.1 Ас және сусындар 4.2 Спорт. Тәні саудың –жаны сау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Тыңдалым | 5.1.1, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7 |
| Айтылым | 5.2.2, 5.2.3, 5.2.4, 5.2.6, 5.2.7 |
| Оқылым | 5.3.4, 5.3.5, 5.3.6, 5.3.7 |
| Жазылым | 5.4.3, 5.4.6, 5.4.7, 5.4.8, 5.4.9 |
| Тілді қолдану | 5.5.2, 5.5.3, 5.5.4, 5.5.5, 5.5.6, 5.5.7, 5.5.8, 5.5.9, 5.5.10, 5.5.11, 5.5.12, 5.5.13, 5.5.14, 5.5.15, 5.5.16, 5.5.17 |