Оқу бағдарламалары
Неміс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым
- 10.1.1 әдеби нормаға сәйкес анық айтылған мектепте, демалыста таныс тақырыптардың негізгі ережелерін түсіну
- 10.1.2 егерде анық, айтылымы таныс болса, күнделікті мәселелер туралы және оқу туралы қарапайым ақпараттық хабарламаларды, оның ішінде негізгі ойды түсіну
- 10.1.3 барлығы анық, әдеби тілде айтылатын жағдайда, ұзақ пікірталастың негізгі кездерін түсіну
- 10.1.4 сөйлеу мәні таныс, ал сөзі қарапайым және құрылымы анық болған жағдайда оқу тақырыбы бойынша дәрісті не әңгімені түсіну
- 10.1.5 асықпай, анық нормативке сәйкес сөйлеген жағдайда таныс тақырыптарды жалпылама қысқа қарапайым әңгімелерді түсіну
- 10.1.6 қарапайым техникалық ақпаратты түсіну, мысалы, күнделікті қолданатын аспаптарды пайдалану ережесі
- 10.1.7 радио бойынша жаңалықтар легінің негізгі ережелері мен ақырын және анық естілетін, жазылған таныс тақырыптарға араналған қарапайым тақараптарды түсіну
- 10.1.8 қызықтыратын тақырып бойынша телевизиялық бағдарламаның артық бөлігін түсіну, мысалы, сұхбат, қысқа дәріс, репортаж, егер олар ақырын және анық естілсе
2-бөлім. Айтылым
- 10.2.1 шапшаң, қарапайым тілде қызықтыратын мәселелер бойынша дәйекті түрдегі бекітуді сипаттай алу
- 10.2.2 таныс, қызықтыратын тақырыптарды, тәжірибені, осы тәжірибеге байланысты реакциясын, сезімін суреттеу
- 10.2.3 оның ойын түсіну қиын болмайтын. дәлелді құру
- 10.2.4 қысқаша бірдеңенің себептерін түсіндіру және бірдеңенің шешімін әртүрлі нұсқада, жоспар және әрекет арқылы түсіндіру
- 10.2.5 екіпіндегі акцент пен интонацияға қарамастан түсінуге болатын тұрмыстық және оқу тақырыбы шеңберінде қысқаша және дайындалған хабарламалар жасау
- 10.2.6 таныс тақырып бойынша алдын ала дәріс дайындау, оның мазмұны практика жүзінде түсінікті болады және негізгі ережелері нақты түсіндіріледі
- 10.2.7 өзінің сөйлеуі бойынша сұрақтарға жауап беру, бірақ, егерде сұрақ жылдам айтылса, оны қайталауды өтіну
- 10.2.8 өзінің сезімін және реакциясын қарапайым мәтінде қисынды тұжырымдап, тәжірибені бейнелеу
3-бөлім. Оқылым
- 10.3.1 қызықтыратын материалдар бойынша деректі ақпараттар бар қарапайым мәтіндерді оқу және оларды нақты түсіну
- 10.3.2 бір-біреумен үнемі хат алмасуға мүмкіндік беретін жеке басына қатысты хаттағы оқиғанын, сезімнің және ынтаның суреттеуін түсіну сипаттауын түсіну
- 10.3.3 нақты бір тапсырманы орындау үшін ақпаратты мәтіннің әртүрлі бөлімдерінен не болмаса әртүрлі мәтіндерден жинақтау және қажетті ақпаратты табу үшін үлкен мәтінді қарау
- 10.3.4 күнделікті жазба материалдарынан өзекті ақпаратты түсіну және табу, мысалы, хаттардан, жазбашалардан не болмаса қысқа ресми құжаттардан
- 10.3.5 бір көзқарасты дәлелдеуге бағытталған мәтіндерден қандай негізгі қорытынды жасалғанын түсіну
- 10.3.6 газет мақалаларынан таныс тақырыпқа негізгі ережелерді зерделеу
- 10.3.7 қарапайым тілмен жазылған ережелерді түсіну, мысалы қауіпсіздік ережесі
- 10.3.8 мағынаны тексеру және түсінікті кеңейту үшін кейбір таныс емес қағаз және цифрлы ресурстарды қолдану
- 10.3.9 жалпылама және оқу тақырыптарына қысқа мәтіндерде келтірілген дәлелдердің сәйкес еместігін анықтау
4-бөлім. Жазылым
- 10.4.1 жеке тұрған элементтерді байланыстырып, таныс және қызықтыратын мәселелер бойынша қарапайым мәтіндерді жазу
- 10.4.2 таныс және қызықтыратын мәселелер бойынша қарапайым сипаттамалар жазу
- 10.4.3 қызықтыратын тақырып бойынша қысқа және қарапайым эссе жазу
- 10.4.4 қажетті ақпаратты сұрап, жеке басына қатысты жазбалар мен хаттар жазу
- 10.4.5 өзінің сезімін, оқиғасын және тәжірибесін сипаттап, хат жазу
- 10.4.6 сұрақтар туындататын, мәселелерді түсіндіретін хабарламаларды жазу
- 10.4.7 егерде қызықтыратын тақырып бойынша болса, кейін қолдануға болатын айтып тұру арқылы нақты жазулар жазу
- 10.4.8 тұпнұсқа мәтіннің құрылымы мен тұжырымдамасын қолданып, қысқа жазба үзінділерді қарапайым тілмен қайталау
- 10.4.9 жазба түрінде оқиғаны айту
5-бөлім. Неміс тілінің қолданысы
- 10.5.1 таныс /таныс емес жалпылама және оқу тақырыптары бойынша абстракті құрама есімдерді және күрделі есім топтарын қолдану
- 10.5.2 сөйлеуде шектеусіз белгісіз, сілтеу, қатыстық есімдіктерді, сонымен қатар, сын есім мен үстеулердің салыстыру шырайларын қолдану
- 10.5.3 зат есім мен сын есімнің септелуін, зат есімнің көпше түрі туралы білімдерін жүйелеу, таныс жалпылама және оқу тақырыптары бойынша аталған білімді қолдану
- 10.5.4 таныс жалпылама және оқу тақырыптары бойынша сөз сөйлеуді құру үшін шектеусіз сөзжасамның негізгі тәсілдерін (аффикс, сөздерді қосу, конверсия), сөйлеу әдебінің негізгі нормаларын (реплика-клише, көп таратылған бағалау лексиканы), синоним, антоним және басқа да көмекші сөздерді қолдану
- 10.5.5 таныс жалпылама және оқу тақырыптары бойынша әртүрлі мезгіл және модаль етістіктерді қамтыған сұрақтарды қолдану
- 10.5.6 таныс жалпылама және оқу тақырыптары бойынша Partizip I және Partizip II (der lesende Schűler; das gelesene Buch) таралған анықтауышты қолдану
- 10.5.7 кейбір пассивті және әртүрлі мезгілдегі етістіктерді және олардың баламасын, модаль етістіктерді таныс жалпылама және оқу тақырыптарында қолдану
- 10.5.8 мүмкіндікті білдіру, модальдің әртүрлі тәсілдері бойынша білімді жүйелеу үшін haben/ sein + zu + Infinitiv құрылымын қолдану
- 10.5.9 сыпайы өтініште, жанама сұрақта ob жалғаулықпен Konjunktiv форманы haben, sein, werden, kőnnen, mőgen етістіктерді таныс жалпылама және оқу тақырыптарында қолдану
- 10.5.10 басқарумен жиі қолданатын етістіктерді қолдану; использовать после глаголов типа beginnen, vorhaben етістіктерден кейін, сочетаний типа den Wunsch haben + тіркесті Infinitiv с zu (Ich habe vor, eine Reise zu machen) маңызы бар етістіктерді таныс емес жалпылама және оқу тақырыптары бойынша қолдану
- 10.5.11 сабақтас және салалас құрмалас сөйлемдерді жалғаулықтарымен және жалғаулық сөздерімен таныс/таныс емес жалпылама және оқу тақырыптарында қолдану
- 10.5.12 сөйлеуде қосымша сөздердің қызметтік маңыздылығы туралы білімдерін қолдану; мәтіндердің тұтастығын қамтамасыз ететін әртүрлі байланыс құралдарын, орамдылығын (мысалы, zuerst, dann, naсhher, zuletzt) үстеу көмегімен
- 10.5.13 таныс жалпылама және оқу тақырыптары бойынша төл және төлеу сөздердің білдіру тәсілдерін қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
1. Әлеуметтік кепілдік – мемлекет жетістігі: 1.1 Әлеуметтік қорғалу және кепілдіктер 1.2 Белсенді азаматтық ұстаным
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Тыңдалым | 10.1.1, 10.1.3, 10.1.5, 10.1.8 |
| Айтылым | 10.2.1, 10.2.2, 10.2.3, 10.2.4, 10.2.5, 10.2.7, 10.2.8 |
| Оқылым | 10.3.1, 10.3.3, 10.3.4, 10.3.5, 10.3.6, 10.3.8, 10.3.9 |
| Жазылым | 10.4.1, 10.4.2, 10.4.3, 10.4.6, 10.4.7, 10.4.8 |
| Тілді қолдану | 10.5.1, 10.5.2, 10.5.3, 10.5.4, 10.5.5, 10.5.6, 10.5.7, 10.5.8, 10.5.10, 10.5.11, 10.5.12 |
2-тоқсан
2. Кәсібилік: уақыт талабы: 2.1 Білім - табысқа апарар жол 2.2 Болашақ маманның кәсіби қасиеттері
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Тыңдалым | 10.1.2, 10.1.3, 10.1.4, 10.1.5, 10.1.6, 10.1.7, 10.1.8 |
| Айтылым | 10.2.1, 10.2.2, 10.2.3, 10.2.4, 10.2.6, 10.2.7 |
| Оқылым | 10.3.1, 10.3.2, 10.3.3, 10.3.5, 10.3.6, 10.3.7, 10.3.8, 10.3.9 |
| Жазылым | 10.4.2, 10.4.3, 10.4.4, 10.4.5, 10.4.6, 10.4.7, 10.4.8, 10.4.9 |
| Тілді қолдану | 10.5.1, 10.5.2, 10.5.3, 10.5.4, 10.5.5, 10.5.6, 10.5.7, 10.5.8, 10.5.10, 10.5.11, 10.5.12 |
3-тоқсан
3. Көшбасшылық қасиеттерді қалай дамытамыз? 3.1 Жастардың бос уақытын ұйымдастыру 3.2 Тұлғааралық қарым-қатынас. Конфликтілі жағдайларды шешу
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Тыңдалым | 10.1.1, 10.1.3, 10.1.4, 10.1.5, 10.1.7, 10.1.8 |
| Айтылым | 10.2.1, 10.2.2, 10.2.3, 10.2.4, 10.2.6, 10.2.7, 10.2.8 |
| Оқылым | 10.3.1, 10.3.2, 10.3.3, 10.3.5, 10.3.6, 10.3.8, 10.3.9 |
| Жазылым | 10.4.1, 10.4.2, 10.4.3, 10.4.5, 10.4.6, 10.4.7, 10.4.8 |
| Тілді қолдану | 10.5.1, 10.5.2, 10.5.3, 10.5.4, 10.5.5, 10.5.7, 10.5.8, 10.5.9, 10.5.11, 10.5.12, 10.5.13 |
4-тоқсан
4. Ғылым мен техника: 4.1 Қазақстан әлемдік аренада 4.2 Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігі 4.3 Қазақстан мен Германияның саяси жүйесі
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Тыңдалым | 10.1.3, 10.1.4, 10.1.5, 10.1.7, 10.1.8 |
| Айтылым | 10.2.1, 10.2.3, 10.2.4, 10.2.5, 10.2.6, 10.2.7 |
| Оқылым | 10.3.1, 10.3.3, 10.3.4, 10.3.5, 10.3.6, 10.3.8 |
| Жазылым | 10.4.1, 10.4.2, 10.4.3, 10.4.6, 10.4.7, 10.4.8 |
| Тілді қолдану | 10.5.1, 10.5.2, 10.5.3, 10.5.4, 10.5.5, 10.5.6, 10.5.7, 10.5.8, 10.5.9, 10.5.11, 10.5.12 |