Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Неміс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Оқу мақсаттары

9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тыңдалым (Hören)

  • 9.1.1 жалпы және оқу тақырыптарындағы ұзақ әңгіменің негізгі мазмұнын қолдаусыз түсіну
  • 9.1.2 ұзақ әңгімелесу барысында жалпы және оқу тақырыптарының ауқымды аясындағы ақпаратты қолдаусыз егжей-тегжейлі түсіну
  • 9.1.3 ұзақ әңгімелесу барысында аздаған қолдаумен кең ауқымдағы жалпы және оқу тақырыптары бойынша қолдаусыз дәлелдердің көп бөлігін егжей-тегжейлі түсіну
  • 9.1.4 ұзақ әңгімелесу барысында кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша тұжырымдалған мағынадағы ақпараттың көп бөлігін қолдаусыз түсіну
  • 9.1.5 ұзақ әңгімелесу барысында жалпы және оқу тақырыптары бойынша сөйлеушінің/сөйлеушілердің пікірін анықтау
  • 9.1.6 түрлі жалпы және оқу тақырыптары бойынша ұзақ әңгімелесу мәнмәтіннен мағынаны анықтау
  • 9.1.7 көптеген ауызша жанрлардың сөздері, сөйлемдері мен мәтіндері деңгейінде олардың ерекше жақтарын анықтау
  • 9.1.8 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша ұзақ әңгімелесу барысында келтірілген дәлелдердің сәйкессіздігін анықтай бастау

2-бөлім. Айтылым (Sprechen)

  • 9.2.1 жалпы және оқу тақырыптарында сөйлесуде формалды және бейформалды регистрлерді қолдану
  • 9.2.2 жалпы және оқу тақырыптары бойынша ақпарат алу үшін күрделі сұрақтар қою
  • 9.2.3 жалпы және оқу тақырыптары бойынша өз көзқарасын негіздеу және түсіндіру
  • 9.2.4 жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде белгіленген дәрежедегі икемділікпен талдау деңгейінде пікірлерге жауап беру
  • 9.2.5 оқу міндеттерін орындау мақсатында сыныптастармен қызметтестік орнату, талқылау, жоспарлау, келісімге келу және басымдылықтарды белгілеу үшін өзара қарым-қатынас жасау
  • 9.2.6 жұппен, топпен және сыныппен жұмыс істеу барысында басқалардың айтқаны жайында өз пікірін сөйлем немесе талдау деңгейінде белгіленген икемділікпен білдіру
  • 9.2.7 шектеусіз жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде арнайы лексиканы және синтаксисті қолдану
  • 9.2.8 жалпы және оқу тақырыптарының көбі бойынша ұзағырақ әңгімелер мен оқиғалардың мазмұнын айту

3-бөлім. Оқылым (Leseverstehen)

  • 9.3.1 әртүрлі бейтаныс жалпы және оқу тақырыптарының шеңберіндегі көлемді мәтіндердің көбіндегі негізгі ойды түсіну
  • 9.3.2 таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде мәтіндердің көбіндегі, сонымен қатар көлемді мәтіндердегі арнайы ақпаратты және бөліктеріндегі негізгі ойды түсіну
  • 9.3.3 әртүрлі таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі көлемді мәтіндерде келтірілген дәлелдерді егжей-тегжейлі түсіну
  • 9.3.4 таныс және кейбір бейтаныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде көркем әдебиеттен және басқа әдебиеттерден көлемді мәтіндерді оқу
  • 9.3.5 таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі көлемді мәтіндердің көбінің мәнмәтінінен мағынаны анықтау
  • 9.3.6 жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі көлемді мәтіндердің көбіне автордың көзқарасын немесе пікірін анықтау
  • 9.3.7 кез келген жазылған жанрлар шеңберінде сөздердің, сөйлемдердің және мәтіндердің ерекше сипаттарын анықтау
  • 9.3.8 мағынасын тексеру және түсіну аясын кеңейту үшін таныс және кейбір бейтаныс қағаз және цифрлық ресурстардың көбін пайдалану
  • 9.3.9 әртүрлі жалпы және оқу тақырыптары бойынша көлемді мәтіндерде келтірілген дәлелдердегі сәйкессіздікті анықтау

4-бөлім. 4‑тарау. Жазылым (Schreiben)

  • 9.4.1 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша мәтін деңгейінде жұмыстарды қолдаусыз жоспарлау, жазу, оқып шығу, түзету
  • 9.4.2 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша шынайы, ойдан шығарылған оқиғалар, әрекетер немесе өзінің тәжірибесі туралы өздігінен жазу
  • 9.4.3 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша орташа грамматикалық сауаттылықпен жазу
  • 9.4.4 жалпы және оқу тақырыптары бойынша әртүрлі жазбаша жанрларға сәйкес стиль және регистрді минималды қолдаумен пайдалану
  • 9.4.5 шектеусіз таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша мысалдар және негіздемелер келтіре отырып, дәлелдерді пайдалану
  • 9.4.6 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша әртүрлі байланыстыру сөздерінің көмегі арқылы байланысқан мәтіндер жазу
  • 9.4.7 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша шектеусіз жазбаша жанрларға сәйкес мәтін деңгейіндегі форматты өздігінен пайдалану
  • 9.4.8 шектеусіз таныс жалпы және оқу тақырыптарында жиі қолданылатын сөздерді дұрыс жазу
  • 9.4.9 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша мәтін деңгейіндегі жазба жұмыстарға тыныс белгілерін сауатты қолдану

5-бөлім. 5‑тарау. Неміс тілін қолдану (Sprachverwendung)

  • 9.5.1 таныс жалпы және оқу тақырыптары, сонымен қатар, бейтаныс тақырыптар бойынша әртүрлі дерексіз күрделі зат есімдерді және есімдік топтарды қолдану
  • 9.5.2 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша саналатын және саналмайтын зат есімдер үшін есептік сан есімдерді және есімдік топтарды қолдану
  • 9.5.3 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша деңгейді көрсетуге мүмкіндік беретін түрлі күрделі сын есімдерді, салыстырмалы құрылымдарды және күшейткіш сын есімдерді қолдану
  • 9.5.4 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша Präsens/Perfekt осы және өткен шақ бойынша шақтардың қиысуын қолдану
  • 9.5.5 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша сұрақтардың әртүрлі типтерін қолдану
  • 9.5.6 көптеген таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша қатыстық есімдіктердің септелуін қолдану
  • 9.5.7 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша Präteritum – Plusquamperfektосы және өткен шақ бойынша шақтардың қиысуын қолдану
  • 9.5.8 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша оқылым барысында während, indem жалғаулықтарымен кіріктірілген бағыныңқы сөйлемдерді, deshalb б сөзімен құрмалас сөйлемдерді тану, оқу барысында етістіктердің пассивті формаларын (Passiv) түсіну
  • 9.5.9 бірқатар таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша аяқталған өткен шақтың қарапайым формаларын және Passive етістің активті және пассивті түрлерінің дара осы және өткен шақ формаларын хабарлауда және төлеу сөзде сәйкесінше қолдану
  • 9.5.10 бірқатар таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша үздіксіз осы және өткен шақ шақ формаларын, сонымен қатар пассивті формалардың түрлерін қолдану
  • 9.5.11 бірқатар таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша нақтылау, мәлімдеме жасау, сұрақтар мен командалар үшін ұсынылған сөйлеу формаларының түрлерін қолдану
  • 9.5.12 бірқатар таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша төл сөзді төлеу сөзге,төлеу сөзді төл сөзге айналдыруды қолдану
  • 9.5.13 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша түрлі қызметтер үшін әртүрлі модальді формаларды және өткен шақтағы модальді формалардың шектеулі санын қолдану
  • 9.5.14 бірқатар таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша қатыстық есмдіктерді көмекші сөздермен қолдану
  • 9.5.15 таныс жалпы және оқу тақырыптарында um … zuинфинитивтік құрылымы және damit/дамит жалғаулықтарымен мақсатты бағыныңқы сөйлемді қолдану
  • 9.5.16 таныс жалпы және оқу тақырыбының шектеулі спектрінде міндеттілікті білдіретін haben + zu + Infinitiv, sein + zu+ Infinitiv құрылымдарын қолдану
  • 9.5.17 алдыңғы сыныптарда меңгерілген грамматикалық құбылыстарды жүйелеу

Ұзақ мерзімді жоспар

Бағдарламада бұл сыныпқа ұзақ мерзімді жоспар жоқ.

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.