Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

География пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Географиялық зерттеу әдістері

1.1 Географиялық зерттеу әдістері

  • 10.1.1.1 зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру, сандық, аудандастыру әдістерін қолданады

2-бөлім. Картография және геоинформатика

2.1 Картография

  • 10.2.1.1 тақырыпқа сәйкес картографиялық зерттеулер әдістерін қолдану

2.2 Картография және геоинформатика

  • 10.2.2.1 Microsoft Excel бағдарламасын қолдану арқылы тақырыпқа сәйкес географиялық деректер базасын құрастыру
  • 10.2.2.2 статистикалық деректерді талдау нәтижелері бойынша картограммалар мен картодиаграммаларды, тақырыптық картасызбалар жасау

3-бөлім. Табиғатты пайдалану және геоэкология

3.1 Табиғатты пайдалану

  • 10.3.1.1 табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін (шаруашылық тұрғысынан) анықтау, графикалық түрде ұсыну
  • 10.3.1.2 тиімді табиғатты пайдаланудың қағидаттарын анықтау

3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері

  • 10.3.2.1 геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп-салдарын зерттеу
  • 10.3.2.2 табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастыру және графикалық түрде ұсыну
  • 10.3.2.3 ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болуында географиялық заңдылықтардың орнын анықтау
  • 10.3.2.4 экологиялық проблемаларды шешудегі ғылыми-техникалық прогрестің рөлін анықтау
  • 10.3.2.5 Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан аудандастыру негізінде экологиялық проблемаларды шешу жолдарын ұсыну

4-бөлім. Геоэкономика

4.1 Геоэкономика негіздері

  • 10.4.1.1 геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін, негізгі категорияларын түсіндіру
  • 10.4.1.2 елдер мен аймақтар-дың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтау(қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
  • 10.4.1.3 шаруашылық салаларын орналастыруда факторлар мен алғышарттардың жиынтығын талдау
  • 10.4.1.4 дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу
  • 10.4.1.5 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
  • 10.4.1.6 дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу
  • 10.4.1.7 Қазақстан Республикасы үшін тиімді шаруашылықтың құрылымын, шаруашылық салаларының арақатынасын, шаруашылығының аумақтық құрылымын, экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді анықтау

5-бөлім. Геосаясат

5.1 Геосаясат негіздері

  • 10.5.1.1 геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін, негізгі категорияларын түсіндіру
  • 10.5.1.2 негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтау
  • 10.5.1.3 түрлі көрсеткіштер немесе олардың жиынтығы бойынша ерекшеленген геосаяси аймақтарды анықтау
  • 10.5.1.4 геосаясаттағы физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери, технологиялық факторларға баға беру
  • 10.5.1.5 мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін талдау

6-бөлім. Елтану

6.1 Дүниежүзі аймақтары

  • 10.6.1.1 дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша физикалық географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық, геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіру
  • 10.6.1.2 дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын шығармашылық түрде ұсыну

6.2 Дүниежүзі елдерін салыстыру әдістері

  • 10.6.2.1 дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын белгілерді анықтау
  • 10.6.2.2 көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсету (таңдау бойынша)
  • 10.6.2.3 жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің индекстері мен рейтингтерін сипаттау (есепке/бағалауға алынатын көрсеткіштер, бағалау субъектісі, нәтижелерінің қолдану аясы)
  • 10.6.2.4 жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің рейтингтерін графикалық түрде көрсету
  • 10.6.2.5 елдің рейтингте орналасқан орына әсер ететін географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды анықтау (таңдау бойынша рейтингтің басында, ортасында және соңында орналасқан үш елдің мысалында)

7-бөлім. Адамзатың ғаламдық проблемлары

7.1 Ғаламдық проблемаларды шешу

  • 10.7.1.1 адамзаттың дамуындағы проблемаларын топтастыру
  • 10.7.1.2 ғаламдық проблемалардың критерийлерін, себептері мен салдарын, аумақтық көріністерін анықтау

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1. Географиялық зерттеу әдістері

Тақырып Оқу мақсаттары
1. Географиялық зерттеу әдістері

1.1 Жалпы географиялық әдістер

Тақырып Оқу мақсаттары
Зерттеу әдістерінің түрлері 10.1.1.1

2. Картография және геоинформатика

Тақырып Оқу мақсаттары
2. Картография және геоинформатика

2.1 Картография

Тақырып Оқу мақсаттары
Заманауи картографиялық әдістер 10.2.1.1

2.2 Геоинформатика негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Географиялық деректер базасы 10.2.2.1
Географиялық деректерді визуализациялау 10.2.2.2

3. Табиғатты пайдалану және геоэкология

Тақырып Оқу мақсаттары
3. Табиғатты пайдалану және геоэкология

3.1 Табиғатты пайдалану

Тақырып Оқу мақсаттары
Табиғатты пайдалану түрлері 10.3.1.1
Табиғатты пайдалану қағидаттары 10.3.1.2

2-тоқсан

3. Табиғатты пайдалану және геоэкология

Тақырып Оқу мақсаттары
3. Табиғатты пайдалану және геоэкология

3.2 Геоэкологиялық зерттеу негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Геосфералардың ластануы 10.3.2.1
Геоэкологиядағы антропогендік факторлар 10.3.2.2, 10.3.2.3
Ғаламдық экологиялық проблемалар 10.3.2.4
Қазақстанның экологиялық проблемалары 10.3.2.5

3-тоқсан

4. Геоэкономика

Тақырып Оқу мақсаттары
4. Геоэкономика

4.1 Геоэкономика негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі 10.4.1.1, 10.4.1.2
Шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары 10.4.1.3
Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы 10.4.1.4
Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері 10.4.1.5, 10.4.1.6
Қазақстан Республикасы экономикалық дамуындағы мақсатты көрсеткіштер мен индикаторлар 10.4.1.7

5. Геосаясат

Тақырып Оқу мақсаттары
5. Геосаясат

5.1 Геосаясат негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Геосаясаттың өзектілігі 10.5.1.1, 10.5.1.2
Дүниежүзі-нің геосаяси кеңістігі 10.5.1.3
Геосаясат-тағы географиялық факторлар 10.5.1.4
Мемлекеттік аумақтың морфологиясы 10.5.1.5

4-тоқсан

6. Елтану

Тақырып Оқу мақсаттары
6. Елтану

6.1 Дүниежүзі аймақтары

Тақырып Оқу мақсаттары
Кешенді географиялық аудандастыру 10.6.1.1, 10.6.1.2

6.2 Дүниежүзі елдерін салыстыру әдістері

Тақырып Оқу мақсаттары
Салыстырмалы елтану 10.6.2.1, 10.6.2.2, 10.6.2.3, 10.6.2.4, 10.6.2.5

7. Адамзаттың ғаламдық проблемалары

Тақырып Оқу мақсаттары
7. Адамзаттың ғаламдық проблемалары

7.1 Ғаламдық проблемаларды шешу

Тақырып Оқу мақсаттары
Ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері 10.7.1.1, 10.7.1.2
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 10-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.