Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

География пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Географиялық зерттеу әдістері

1.1 Географиялық зерттеу әдістері

  • 10.1.1.1 зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру, сандық әдістерін қолдану
  • 10.1.1.2 зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама әдістерін қолдану
  • 10.1.1.3 зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады

2-бөлім. Картография және геоинформатика

2.1 Картография

  • 10.2.1.1 тақырыпқа сәйкес картографиялық зерттеулер әдістерін қолдану

2.2 Картография және геоинформатика

  • 10.2.2.1 Microsoft Excel бағдарламасын қолдану арқылы тақырыпқа сәйкес географиялық деректер базасын құрастыру
  • 10.2.2.2 статистикалық деректерді талдау нәтижелері бойынша картограммалар мен картодиаграммаларды жасау
  • 10.2.2.3 ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың графикалық редакторларын қолданумен тақырыптық картасызбалар жасау

3-бөлім. Табиғатты пайдалану және геоэкология

3.1 Табиғатты пайдалану

  • 10.3.1.1 табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін (шаруашылық тұрғысынан) анықтау, графикалық түрде ұсыну
  • 10.3.1.2 тиімді табиғатты пайдаланудың қағидаттарын анықтау
  • 10.3.1.3 табиғатты пайдалану түрлерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу (жергілікті аймақтық компоненттің негізінде)
  • 10.3.1.4 экологиялық таза өндірістік жобаларды ұсыну(жергілікті/аймақтық компоненттің негізінде)

3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері

  • 10.3.2.1 геоэкологияның негізгі категорияларын түсіндіру
  • 10.3.2.2 геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп-салдарын зерттеу
  • 10.3.2.3 дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша аудандастыру
  • 10.3.2.4 табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастыру және графикалық түрде ұсыну
  • 10.3.2.5 табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсыну
  • 10.3.2.6 ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу механизмін түсіндіру
  • 10.3.2.7 геоэкологиялық үдерістерде географиялық қабық заңдылықтарының рөлін анықтау
  • 10.3.2.8 ғаламдық экологиялық проблемаларды шешудегі әлемдік тәжірибені зерттеу
  • 10.3.2.9 Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан аудандастыру
  • 10.3.2.10 Қазақстандағы экологиялық проблемалардың шешу жолдарын ұсыну

4-бөлім. Геоэкономика

4.1 Геоэкономика негіздері

  • 10.4.1.1 геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін, негізгі категорияларын түсіндіру
  • 10.4.1.2 елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтау(қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
  • 10.4.1.3 шаруашылық салаларын орналастыруда кеңістіктік (аумақтық) факторларды талдау
  • 10.4.1.4 дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын заманауи орналастыру факторларын талдау
  • 10.4.1.5 дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу
  • 10.4.1.6 дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдау
  • 10.4.1.7 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
  • 10.4.1.8 дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу
  • 10.4.1.9 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегияларына баға беру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
  • 10.4.1.10 Қазақстан Республикасы үшін тиімді шаруашылықтың құрылымын, шаруашылық салаларының арақатынасын, шаруашылығының аумақтық құрылымын, экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді анықтау

5-бөлім. Геосаясат

5.1 Геосаясат негіздері

  • 10.5.1.1 геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін, негізгі категорияларын түсіндіру
  • 10.5.1.2 негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтау
  • 10.5.1.3 дүниежүзінің геосаяси кеңістігін талдау
  • 10.5.1.4 геосаясаттағы физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери, технологиялық факторларға баға беру
  • 10.5.1.5 мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін талдау және жіктеу
  • 10.5.1.6 мемлекеттік шекаралардың функциясын, түрлерін, анықтау және белгілеу шараларын, динамикасын талдау
  • 10.5.1.7 Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараларының қалыптасу үдерісін, басты көрсеткіштері мен динамикасын зерттеу

6-бөлім. Елтану

6.1 Дүниежүзі аймақтары

  • 10.6.1.1 дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша физикалық географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық, геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіру
  • 10.6.1.2 кешенді географиялық және тарихи-географиялық аудандастырудың өз үлгісін ұсыну
  • 10.6.1.3 дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын шығармашылық түрде ұсыну

6.2 Дүниежүзі елдерін салыстыру

  • 10.6.2.1 дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын белгілерді анықтау
  • 10.6.2.2 көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсету (таңдау бойынша)
  • 10.6.2.3 жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің индекстері мен рейтингтерін сипаттау (есепке/бағалауға алынатын көрсеткіштер, бағалау субъектісі, нәтижелерінің қолдану аясы)
  • 10.6.2.4 жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің рейтингтерін графикалық түрде көрсету
  • 10.6.2.5 елдің рейтингте орналасқан орына әсер ететін географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды анықтау (таңдау бойынша рейтингтің басында, ортасында және соңында орналасқан үш елдің мысалында)

7-бөлім. Адамзатың ғаламдық проблемалары

7.1 Ғаламдық проблемаларды шешу

  • 10.7.1.1 адамзаттың дамуындағы проблемаларын топтастыру
  • 10.7.1.2 ғаламдық проблемалардың критерийлерін анықтау
  • 10.7.1.3 ғаламдық проблемалардың себептері мен салдарын анықтап, топтастыру
  • 10.7.1.4 ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтау

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1. Географиялық зерттеу әдістері

Тақырып Оқу мақсаттары
1. Географиялық зерттеу әдістері

1.1 Жалпы географиялық әдістер

Тақырып Оқу мақсаттары
Зерттеу әдістерінің түрлері 10.1.1.1, 10.1.1.2, 10.1.1.3

2. Картография және геоинформатика

Тақырып Оқу мақсаттары
2. Картография және геоинформатика

2.1 Картография

Тақырып Оқу мақсаттары
Заманауи картографиялық әдістер 10.2.1.1

2.2 Геоинформатика негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Географиялық деректер базасы 10.2.2.1
Географиялық деректерді визуализациялау 10.2.2.2, 10.2.2.3

3. Табиғатты пайдалану және геоэкология

Тақырып Оқу мақсаттары
3. Табиғатты пайдалану және геоэкология

3.1 Табиғатты пайдалану

Тақырып Оқу мақсаттары
Табиғатты пайдалану түрлері 10.3.1.1
Табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары 10.3.1.2, 10.3.1.3
Экологиялық таза өндірістерді жобалау 10.3.1.4

2-тоқсан

3. Табиғатты пайдалану және геоэкология

Тақырып Оқу мақсаттары
3. Табиғатты пайдалану және геоэкология

3.2 Геоэкологиялық зерттеу негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі 10.3.2.1
Геосфералардың ластануы 10.3.2.2
Геоэкологиялық аудандастыру 10.3.2.3
Геоэкологиядағы антропогендік факторлар 10.3.2.4, 10.3.2.5
Ғаламдық экологиялық проблемалар 10.3.2.6, 10.3.2.7, 10.3.2.8
Қазақстанның экологиялық проблемалары 10.3.2.9, 10.3.2.10

3-тоқсан

4. Геоэкономика

Тақырып Оқу мақсаттары
4. Геоэкономика

4.1 Геоэкономика негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі 10.4.1.1, 10.4.1.2
Шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары 10.4.1.3, 10.4.1.4
Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы 10.4.1.5
Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері 10.4.1.6
Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері 10.4.1.7, 10.4.1.8
Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе 10.4.1.9
Қазақстан Республикасы экономикалық дамуындағы мақсатты көрсеткіштер мен индикаторлар 10.4.1.10

5. Геосаясат

Тақырып Оқу мақсаттары
5. Геосаясат

5.1 Геосаясат негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Геосаясаттың өзектілігі 10.5.1.1, 10.5.1.2
Дүниежүзінің геосаяси кеңістігі 10.5.1.3
Геосаясаттағы географиялық факторлар 10.5.1.4
Мемлекеттік аумақтың морфологиясы 10.5.1.5
Мемлекеттік шекара 10.5.1.6, 10.5.1.7

4-тоқсан

6. Елтану

Тақырып Оқу мақсаттары
6. Елтану

6.1 Дүниежүзі аймақтары

Тақырып Оқу мақсаттары
Кешенді географиялық аудандастыру 10.6.1.1, 10.6.1.2, 10.6.1.3

6.2 Дүниежүзі елдері

Тақырып Оқу мақсаттары
Салыстырмалы елтану 10.6.2.1, 10.6.2.2, 10.6.2.3, 10.6.2.4, 10.6.2.5

7. Адамзаттың ғаламдық проблемалары

Тақырып Оқу мақсаттары
7. Адамзаттың ғаламдық проблемалары

7.1 Ғаламдық проблемаларды шешу

Тақырып Оқу мақсаттары
Ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері 10.7.1.1, 10.7.1.2, 10.7.1.3, 10.7.1.4
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 10-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.