Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Көркем еңбек пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу

1.2 Тарих, мәдениет және дәстүр туралы білім мен түсінік

  • 9.1.2.1 тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер және дизайн туындыларының түрлі материалдарын, бағытын, салыстыру, талдау

1.3 Ақпарат көздері

  • 9.1.3.1 шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда ақпарат көздерін толыққанды және нәтижелі қолдану

1.4 Шығармашылық іс-әрекет үдерісін жоспарлау

  • 9.1.4.1 жұмысты орындаудың тиімді әдістері мен реттілігін анықтай отырып, шығармашылық қызметін жоспарлау
  • 9.1.4.2 пайданы анықтау мақсатында түрлі тауарларды өткізу нарығын талдау

1.5 Дизайн (эскиз) дайындау бойынша тапсырмалармен жұмыс істеу

  • 9.1.5.1 күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін білімді қорытындылау
  • 9.1.5.2 графиканың әртүрлі тәсілдерін қолдану арқылы өз бетінше графикалық және технологиялық құжат құру

1.6 Материалдар, олардың қасиеттері мен жұмыс істеу техникалары

  • 9.1.6.1 Ұлдар: техникалық, эксплатуациялық және экологиялық ескере отырып, материалдарды өңдеудің өзіндік тәсілдерін негіздеп анықтау және таңдау
  • 9.1.6.2 бұйымды дайындау мен безендіру барысында заманауи және дәстүрлі емес материалдарды қолданудың өзіндік шешімдері мен жолдарын ұсыну
  • 9.1.6.3 Қыздар: трикотаж, тоқусыз матаны өз бетінше зерделеу, анықтау және бағалау
  • 9.1.6.4 шығармашылық жұмыс жасау үшін әр түрлі орындау техникасын және өнер материалдарын қолдану бойынша өзіндік шешімдер ұсыну

2-бөлім. Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау

2.1 Шығармашылық идеялардың көркем көрінісі

  • 9.2.1.1 мазмұнды және ерекше туындылар орындау үшін өнердің көркем құралдарын өз бетінше қолдану

2.2 Құралдар мен жабдықтар

  • 9.2.2.1 Ұлдар: материалдарды өңдеу үшін құралдарды және заманауи технология-лық машиналарды анықтау, таңдау және қолдану Қыздар: заманауи тігін құрал-жабдықтарын білу және торлау тігін машинасын қолдану
  • 9.2.2.2 өнеркәсіптегі технологиялық және өндірістік процестер туралы білімі мен түсінігін көрсету
  • 9.2.2.3 Қыздар: тігін машиналарында күрделі операцияларды (аппликация, кестелеу) орындау және зерделеу

2.3 Жасау технологиясы

  • 9.2.3.1 Ұлдар: бұйым дайындау барысында материалдарды өңдеу мен безендірудің ұтымды тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану Қыздар: бұйым дайындау барысында материалдарды өңдеу тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану
  • 9.2.3.2 Ұлдар: әртүрлі техникаларды, конструкция түрлері мен заманауи материалдарды қолдана отырып күрделі бұйым жасау Қыздар: сенімділік пен дербестігін көрсету арқылы, әртүрлі техниканы, конструкция түрлері мен заманауи материалдарды қолдана отырып ерекше бұйым жасау
  • 9.2.3.3 шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

2.5 Үй мәдениеті

  • 9.2.5.1 ландшафты дизайнның элементтерін, заманауи бағыттары мен стильдерін анықтау және сипаттау
  • 9.2.5.2 Ұлдар: жарықтандырудың типтік және әртүрлі түрін анықтау және сипаттау
  • 9.2.5.3 Ұлдар: функционалдық, эргономикалық және эстетикалық талаптарды ескере отырып, интерьердегі жарықтандыруды ұйымдастыру бойынша шығармашылық шешімдер дайындау
  • 9.2.5.4 интерьерді безендіру, жоспарлау және ұйымдастыру бойынша тәжірибелік жұмысты орындау үшін түрлі салалардағы білімдерін жалпылау

2.6 Техника қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының ережелерін сақтау

  • 9.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, материалдар мен құралдарды қолдану
  • 9.2.6.2 белгілі бір бұйым мен жұмыс түріне арналған техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық құру

3-бөлім. Презентациялау, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау

3.1 Шығармашылық жұмыстардың таныстырылымы

  • 9.3.1.1 медиа құралдары мен онлайн платформаларды қолдана отырып, белгілі бір аудиторияға дайын жұмыстарын қорғауды өз бетінше ұйымдастыру

3.2 Идеяларды талдау және бағалау

  • 9.3.2.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы тарихи, әлеуметтік және мәдениеттік мәнмәтіндерді талдау мен бағалау

3.3 Әдіс-тәсілдерді талдау және бағалау

  • 9.3.3.1 бұйымның сапасын және өнімнің сыртқы көрінісін анықтайтын негізгі факторларды талдау және бағалау

3.4 Жұмысты жетілдіру мен бейімдеу

  • 9.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы мақсаттың өзіндік анық көруін және негізделген бағаны өзіндік білдіру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Сәндік қолданбалы өнер Ұлдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Заманауи интерьердегі сәндік бұйымдар 9.1.2.1
Интерьердің сәнді заттарының (шырағдан, сәнді сағаттар) дайындалу техникалары мен тәсілдерін зерделеу 9.1.3.1
Идеяларды дамытуды талқылау мен нобай орындау. Жұмысты жоспарлау 9.1.4.1, 9.1.5.1
Интерьердің сәндік заттарын дайындау мен безендіру 9.2.1.1, 9.1.6.2, 9.2.3.3
Жұмысты қорғау 9.3.1.1, 9.3.4.1

Сәндік қолданбалы өнер Қыздар

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша. Кілем тоқу. Гобелен. Қазіргі кілемдер үлгілері 9.1.2.1, 9.1.3.1, 9.2.2.2
Кілем тоқу материалдары мен құрал жабдықтары 9.1.6.4
Бұйым нобайын жасау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау 9.1.5.1, 9.1.4.1
Шығармашылық жұмысты орындау. Декор жасау мен безендіру 9.2.1.1, 9.2.3.3, 9.2.6.1
Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру 9.3.1.1, 9.3.2.1

2-тоқсан

Дизайн және технология Ұлдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Сәулет өнерінің үздік туындылары. Заманауи сәулет өнері. Қазақстан сәулет өнері. (заманауи және тарихи) 9.1.2.1, 9.3.3.1
Сәулеттік ғимараттар мен нысандардың (имитация немесе өз идеялары) нобайы, сызбасы 9.1.5.1, 9.1.5.2
Сәулеттік нысанның макетін орындауға қажетті материалдарды анықтау және таңдау 9.1.6.2, 9.1.6.4
Шығармашылық жұмыс. Сәулеттік нысан макеті 9.2.3.1, 9.2.3.2
Жұмысты қорғау 9.3.1.1, 9.3.2.1

Дизайн және технологи Қыздар

Тақырып Оқу мақсаттары
Заманауи сән әлеміндегі сарындық (стильді) бағыттар (өздігінен ізденіс зерттеулері) 9.1.2.1, 9.1.3.1
"Сән және жеке тұлға үйлесімділігі" эксперименті. Жеке даралық имиджін жасау. Идеяларды жүзеге асыру 9.1.5.1
Аксессуарлар, шаш үлгісі, визаж құралдары негізінде жеке даралық образды жасау 9.1.6.2
Киім топтамасын жасау эксперименті/жеке даралық имидж үшін аксессуарлар 9.1.5.1, 9.1.6.3, 9.2.3.1, 9.3.4.1
Жұмысты қорғау 9.3.1.1

3-тоқсан

Дизайн және технология Ұлдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Интерьер заттары және жиһаздардың өндірілуі 9.2.2.2, 9.1.4.2
Белгілі бір интерьерге арналған заттарды дайындау (мысалы: көрме залына арналған модульді жиһаз, трансформацияланатын балаларға арналған жиһаз, сәнді шамшырақ) Идеяны дамыту және талқылау. Материалдарды таңдау 9.1.5.1, 9.1.6.1
Графикалық құжаттама. Техникалық спецификация 9.1.5.2
Бұйымды әзірлеу. Әрлеу 9.2.2.1, 9.2.3.1, 9.2.3.2, 9.2.6.1, 9.2.6.2
Жұмысты қорғау 9.3.1.1

Дизайн және технология Қыздар

Тақырып Оқу мақсаттары
Сәнді киім дизайны "Fast cloth" қарапайым геометриялық формалар (пончо, кейп, туника) (сән журналдары). Киім және аксессуарлардың заманауи өндірісі 9.1.2.1, 9.1.3.1, 9.2.2.2
Нобай. Идеяны жүзеге асыру. Материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау 9.1.5.1, 9.1.5.2
Бұйымды жасау. Бөлшектерді пішу. Жеке бөлшектерді өңдеу. Бөлшектерді жинау мен бұйымды сәндеу 9.2.2.1, 9.2.2.3, 9.2.3.1, 9.2.3.2, 9.2.6.1, 9.2.6.2
Жұмысты талдау мен бағалау. Жұмысты қорғау 9.1.4.2, 9.3.4.1, 9.3.1.1

4-тоқсан

Үй мәдениеті Ұлдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Интерьер/экстерьердегі ландшафт элементтері 9.1.5.1, 9.2.5.1, 9.1.3.1
Шығармашылық идеяларды визуалдау 9.1.5.2, 9.3.4.1
Интерьердегі жарықтандыру. Табиғи және жасанды жарықтандыру. Интерьерді жарықтандырудың жобасын даярлау (тұрғын үй бөлмелері, өндірістік, қоғамдық орындар) 9.2.5.2, 9.2.5.3, 9.1.5.2
Интерьерді аудандарға бөлу және жоспарлау. (тұрғын үй бөлмелері, өндірістік, қоғамдық орындар) 9.1.4.1, 9.1.5.2, 9.2.5.4

Үй мәдениеті Қыздар

Тақырып Оқу мақсаттары
Ландшафт элементтері интерьерде /экстерьерде 9.1.5.1, 9.2.5.1, 9.1.3.1
Шығармашылық идеяны визуалдау 9.1.5.2, 9.3.4.1
Интерьерді мерекеге орай безендіру 9.1.5.2, 9.1.5.1, 9.2.5.4, 9.3.3.1

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.