Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
7‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу
1.1 Қоршаған орта туралы білім мен түсінік
- 7.1.1.1 қоршаған орта элементтерінің визуалды сипаттамасын өзінше түсіндіру
1.2 Тарих, мәдениет және дәстүр туралы білім мен түсінік
- 7.1.2.1 тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау
1.3 Ақпарат көздері
- 7.1.3.1 шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдау және қолдану
1.4 Шығармашылық іс-әрекет үдерісін жоспарлау
- 7.1.4.1 алған білімдері мен тәжірибелерін қолдана болашақ іс-әрекеттерін анықтау және шығармашылық қызметін жоспарлау
- 7.1.4.2 бұйымның өзіндік құны мен материалдық шығындарын анықтау
1.5 Дизайн (эскиз) дайындау бойынша тапсырмалармен жұмыс істеу
- 7.1.5.1 функционалды және эстетикалық талаптарға сай, нысанның дизайн дайындау бойынша тапсырмаларды орындау
- 7.1.5.2 түрлі графикалық құралдардың көмегімен бұйым дайындау үшін эскиздер орындау және графикалық пен технологиялық құжаттар әзірлеу
1.6 Материалдар, олардың қасиеттері мен жұмыс істеу техникалары
- 7.1.6.1 Ұлдар: жобаланатын нысанды дайындау барысында материалдардың физикалық, технологиялық және механикалық қасиеттерін анықтау және салыстыру
- 7.1.6.2 бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу, пайдалану және үйлестірудің тиімді жолдарын
- 7.1.6.3 Қыздар: өңдеу тігін материалдары мен сәндік әшекей бұйымдарының жіктелуін анықтау, сипаттау және салыстыру
- 7.1.6.4 шығармашылық жұмыстар барысында орындау техникасы мен өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру
2-бөлім. Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау
2.1 Шығармашылық идеялардың көркем көрінісі
- 7.2.1.1 күрделі шығармашылық идеяларды білдіру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтерін және өнердің көркем құралдарын негіздеп анықтау, таңдау және қолдану
2.2 Құралдар мен жабдықтар
- 7.2.2.1 Ұлдар: заманауи технологиялық машиналардың құрылысын және жұмыс істеу принципін сипаттау және олармен құрастырымды, табиғи, жасанды заттарды өңдеу бойынша жұмыстар орындау Қыздар: тігін машинасы жұмысындағы ақауларды анықтау және жөндеу
- 7.2.2.2 Қыздар: тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық өңдеу барысында қолданылатын құралдарды анықтау, таңдау, қолдану
2.3 Жасау технологиясы
- 7.2.3.1 Ұлдар: бұйымдардың функционалдық және эстетикалық сапасын арттыру үшін материалдарды механикалық өңдеу және бұйымды безендіру Қыздар: әртүрлі конструкциялық, заманауи тоқыма және сәндеу материалдарын қолдана отырып, тігін машинасында технологиялық талапқа сәйкес бұйым жасау
- 7.2.3.2 Ұлдар: технологиялық құжаттар бойынша реттілікті және дәлдікті сақтай отырып, күрделі бұйымдар жасау
- 7.2.3.4 шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану
2.4 Тамақтану мәдениеті
- 7.2.4.1 Қыздар: әлем халықтарының тағамдары мен әлемге әйгілі аспазшылардың тағамдарындағы ерекшеліктерді сипаттап, салыстыру
- 7.2.4.2 Қыздар: әлем халықтарының және ұлттық тағамдардың жасалу технологияларын зерделеу және қолдану
- 7.2.4.3 Қыздар: әртүрлі тағамдар дайындауда қолданатын қажетті құрал-жабдықтарды, өнімдерді таңдауда өз бетінше нақты шешім қабылдай алу
2.5 Үй мәдениеті
- 7.2.5.1 Ұлдар: ауыл шаруашылығындағы жабдықтарды және заманауи техникаларды сипаттау, жіктеу және бағалау Қыздар: интерьер безендіру үшін әртүрлі өсімдіктердің эстетикалық қасиеттерін сипаттау, қолдану және бағалау
- 7.2.5.2 Ұлдар: электротехникалық арматуралар мен тұрмыстық құралдардың қарапайым жөндеу жұмыстарын жүргізу Қыздар: эксплуатациялық, эстетикалық және экологиялық сапаларын бағалай отырып, тұрмыстық техниканың мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай жіктеу
- 7.2.5.3 Ұлдар: электр тізбектеріндегі ақауларды табу Қыздар: тұрмыстық техниканы қолдану мен күту ережелерін зерделеу және сипаттау
- 7.2.5.4 Ұлдар: есептеулер орындау үшін арнайы бақылау-өлшегіш аспаптарын таңдау және қолдану
- 7.2.5.5 Ұлдар: интерьерді ұйымдастыру бойынша тәжірибелік жұмыстар орындау барысында жарықтандыруға, желдеткіш және жылу жүйесіне қойылатын нормаларды сақтау және қарастыру
2.6 Техника қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының ережелерін сақтау
- 7.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, материалдар мен құралдарды қолдану
- 7.2.6.2 заманауи технологиялық машиналармен қауіпсіз жұмыс жасау жолдарын білу және түсіндіру
3-бөлім. Презентациялау, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау
3.1 Шығармашылық жұмыстардың таныстырылымы
- 7.3.1.1 ауқымды аудитория алдында дайын болған өз жұмыстарын таныстыру (көрме, сән көрсетілімі)
3.2 Идеяларды талдау және бағалау
- 7.3.2.1 пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы идеялар мен тақырыптарды талқылау және бағалау
3.3 Әдіс-тәсілдерді талдау және бағалау
- 7.3.3.1 пәндік терминологияны пайдалана отырып, басқалардың және өз жұмыстарындағы әдіс-тәсілдері мен техникаларды талқылау және бағалау
3.4 Жұмысты жетілдіру мен бейімдеу
- 7.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды салыстыруда негізделген сыни ұсыныстар жасау
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Визуалды өнер Ұлдар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Өнердегі заманауи техника мен ғылыми жетістіктер. Табиғаттағы микро суреттер | 7.1.1.1, 7.2.1.1 |
| Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттары (поп арт, инсталляция). Өздігінен ізденіс зерттеулері | 7.3.2.1, 7.3.3.1 |
| Қазақстанның заманауи суретшілері | 7.1.2.1, 7.1.3.1 |
| Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде тәжірибелік жұмыс орындау. (2D немесе 3D форматында) | 7.1.6.4, 7.1.6.2, 7.2.1.1 |
| Жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру | 7.3.1.1 |
Визуалды өнер Қыздар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Өнердегі заманауи техника мен ғылыми жетістіктер. Табиғаттағы микро суреттер | 7.1.1.1, 7.2.1.1 |
| Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттар (поп арт, инсталляция) (өздігінен ізденіс зерттеулері) | 7.3.2.1, 7.3.3.1 |
| Қазақстанның заманауи суретшілері | 7.1.2.1, 7.1.3.1 |
| Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде тәжірибелік жұмыс орындау. (2D немесе 3D форматында) | 7.1.6.4, 7.1.6.2, 7.2.1.1 |
| Жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру | 7.3.1.1 |
2-тоқсан
Сәндік-қолданбалы өнер Ұлдар
Сәндік-қолданбалы өнер Қыздар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома). Жазбалар түрлері. Жазбалардың тәсілдері мен техникасы. Материалдары және құралдары | 7.1.2.1, 7.1.3.1 |
| Бұйымның нобайын орындау. Материалдар мен құралдарды дайындау | 7.1.5.2, 7.1.4.1 |
| Көркемдік жазбаны орындау. Сәндеу. Безендіру | 7.2.1.1, 7.1.6.4, 7.2.6.1 |
| Жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру | 7.3.1.1 |
3-тоқсан
Дизайн және технология Ұлдар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Ағашты механикалық өңдеуге арналған құрал-жабдықтар | 7.2.2.1 |
| Ағашты механикалық өңдеу барысындағы жұмысты ұйымдастыру | 7.2.6.2, 7.1.6.1 |
| Ағаштан жасалған бұйымды өңдеу. Бұйымның дизайны. Материалды таңдау және дайындау | 7.1.5.1, 7.1.5.2, 7.1.4.1, 7.1.4.2 |
| Бұйымды жасау. Материалдар мен бөлшектерді механикалық өңдеу. Бұйымды безендіру | 7.2.3.1, 7.2.3.2, 7.3.4.1 |
| Көрме ұйымдастыру | 7.3.1.1 |
Дизайн және технология Қыздар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Өзгеріске ұшырау (трансформация) және тігін бұйымдарды сәндеу (киім, аксессуарлар, бижутериялар). Идеяларды құру. Нобай | 7.1.3.1, 7.1.5.1, 7.1.5.2 |
| Материалдар мен құралдарды дайындау | 7.2.2.1, 7.1.6.2, 7.1.6.3 |
| Жиынтықты орындау. Киім бөлшектерін пішу. Жеке бөлшектерді өңдеу. Бұйымдардың бөлшектерін құрастыру және өңдеу. Бұйымды сәндеу | 7.2.3.1, 7.2.2.2, 7.1.4.2, 7.2.3.4 |
| Жұмысты қорғау | 7.3.1.1, 7.3.4.1 |
4-тоқсан
Үй мәдениеті Ұлдар
Тамақтану мәдениеті Қыздар
Үй мәдениеті Қыздар
Басқа сыныптар
- Көркем еңбек, 5-сынып
- Көркем еңбек, 6-сынып
- Көркем еңбек, 7-сынып
- Көркем еңбек, 8-сынып
- Көркем еңбек, 9-сынып