Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Көркем еңбек пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 5‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

5‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу

1.1 Қоршаған орта туралы білім мен түсінік

  • 5.1.1.1 қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау

1.2 Тарих, мәдениет және дәстүр туралы білім мен түсінік

  • 5.1.2.1 қазақ халқының ұлттық және әлем мәдениетіндегі өнер, қол өнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

1.3 Ақпарат көздері

  • 5.1.3.1 шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу

1.4 Шығармашылық іс-әрекет үдерісін жоспарлау

  • 5.1.4.1 шығамашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындау

1.5 Дизайн (эскиз) дайындау бойынша тапсырмалармен жұмыс істеу

  • 5.1.5.1 композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау
  • 5.1.5.2 шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

1.6 Материалдар, олардың қасиеттері мен жұмыс істеу техникалары

  • 5.1.6.1 Ұлдар: материалдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау арқылы, жалпы қасиеттері мен құрылысын зерделеу
  • 5.1.6.2 заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, олардың қасиеттері мен міндеттерін анықтау
  • 5.1.6.3 Қыздар: тоқыма материалдармен бұйымдардың жіктелуін білу және сипаттау
  • 5.1.6.4 таңдаған құралдардың қасиеттерін ескере отырып, көркем өнер материалдарын, орындау техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу

2-бөлім. Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау

2.1 Шығармашылық идеялардың көркем көрінісі

  • 5.2.1.1 өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

2.2 Құралдар мен жабдықтар

  • 5.2.2.1 Ұлдар: құрастырымды, табиғи және жасанды материалдарды өңдеу үшін қол еңбегі құралдары мен жабдықтарын анықтау, сипаттау және қолдану Қыздар: тігін машинасының құрылысын, жіп өткізуді сипаттау және білу, машина тігістерін орындау
  • 5.2.2.2 Ұлдар: ағаш және темір өңдеу білдегінің тағайындалуы мен құрылысын түсіндіру Қыздар: тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық өңдеуге арналған жабдықтарды білу, сипаттау және қолдану

2.3 Жасау технологиясы

  • 5.2.3.1 Ұлдар: өлшем мен белгілеу негізінде орындалған бұйым дайындау үшін материалдарды қол құралдары-мен өңдеу Қыздар: тоқыма бұйымдарын пішу және сыру тігісін қолдану арқылы қол еңбегі құралдары мен тігін машинасында өңдеу
  • 5.2.3.2 Ұлдар: түрлі материалдардан қарапайым бұйым дайындау Қыздар: түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым орындау
  • 5.2.3.3 шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

2.4 Тамақтану мәдениеті

  • 5.2.4.1 дұрыс және тиімді тамақтану ережелерін зерделеу және сипаттау
  • 5.2.4.2 дұрыс және тиімді тамақтану мәзірін құрастыру
  • 5.2.4.3 Қыздар: тағам әзірлеуге арналған құралдар мен жабдықтарды зерделеу және олардың мүмкіншілігін анықтау
  • 5.2.4.4 Қыздар: салқын тағамдар мен сусындарды әзірлеу технологиясын білу және қолдану

2.5 Үй мәдениеті

  • 5.2.5.1 өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс түрлерінің негізгі бағыттарын зерделеу және сипаттау
  • 5.2.5.2 өсімдік шаруашылығында көктемгі жұмыстар жүргізу
  • 5.2.5.3 Ұлдар: электр энергиясы көздері туралы айтып беру Қыздар: жеке бас гигиенасы ережелерін зерделеу және сипаттау, әртүрлі шаш пен тері түрін анықтау
  • 5.2.5.4 Ұлдар: қарапайым электротехникалық арматура мен электромонтажды құралдарды атау мен олардың тағайындалуын түсіндіру Қыздар: өз бетінше өз-өзіне қарау әрекеттері мен тәсілдерін таңдау және қолдану
  • 5.2.5.5 Ұлдар: тұрақты тоқ көздерін пайдалану арқылы қарапайым бұйым құрастыру
  • 5.2.5.6 Ұлдар: қол құралдарын пайдаланып, ақауларды жою бойынша интерьерді ұйымдастырудың тәжірибелік жұмыстары мен қарапайым жөндеу операцияларын орындау

2.6 Техника қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының ережелерін сақтау

  • 5.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, материалдар мен құралдарды қолдану
  • 5.2.6.2 қол еңбегі құралдары-мен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін, еңбек гигиенасының ережелерін білу

3-бөлім. Презентациялау, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау

3.1 Шығармашылық жұмыстардың таныстырылымы

  • 5.3.1.1 сыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме)

3.2 Идеяларды талдау және бағалау

  • 5.3.2.1 пәндік терминологияны қолданып өзінің және өзгелердің жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау

3.3 Әдіс-тәсілдерді талдау және бағалау

  • 5.3.3.1 пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді сипаттау

3.4 Жұмысты жетілдіру мен бейімдеу

  • 5.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және бейімдеу бойынша конструктивті пікірлер, ұсыныстар білдіру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Визуалды өнер

Тақырып Оқу мақсаттары
Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары 5.1.2.1, 5.1.3.1, 5.3.2.1, 5.3.3.1
Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт 5.1.5.2, 5.1.6.4, 5.2.1.1, 5.2.3.3
Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы 5.1.1.1, 5.2.1.1
Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық перспектива 5.1.1.1, 5.2.1.1
Пластикалық пішіндер өнері. Мүсін өнері 5.1.1.1, 5.2.1.1, 5.3.3.1
Шығармашылық жұмыс. Көрме ұйымдастыру 5.1.5.2, 5.1.6.4, 5.2.1.1, 5.3.1.1

2-тоқсан

Сәндік-қолданбалы өнер Ұлдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері 5.1.2.1
Сәндік-қолданбалы өнердегі заманауи және дәстүрлі емес материалдар. Материалдар мен құрал-жабдықтармен танысу 5.1.6.2, 5.2.2.1
Дәстүрлі емес материалдардан сәндік бұйым. Идеяларды талқылау мен дамыту. Нобай орындау 5.1.5.2
Дәстүрлі емес материалдардан сәндік бұйым. Бұйым дайындау 5.2.3.2, 5.2.6.1
Өру өнері. Өру түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу 5.1.6.2, 5.1.5.2
Бұйым өру 5.2.3.2, 5.2.3.3, 5.2.6.1
Жұмыстардың көрмесі 5.3.1.1

Сәндік-қолданбалы өнер Қыздар

Тақырып Оқу мақсаттары
Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (түрлері, стилизация мен мотивтері) 5.1.2.1
Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Нобай орындау 5.1.2.1, 5.1.5.2
Көркемдік кестемен бұйымды безендіру 5.2.1.1, 5.2.3.3, 5.2.6.1
Өру өнері. Өру түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу 5.1.6.2, 5.1.5.2, 5.1.4.1
Бұйым өру 5.2.3.2, 5.2.3.3, 5.2.6.1
Жұмыстардың көрмесі 5.3.1.1

3-тоқсан

Дизайн және технология Ұлдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Конструкциялық материалдар. Материалдардың түрлері мен қасиеттерін зерттеу 5.1.6.1
Конструкциялық материалдарды өңдеуге арналған жабдықтар, қол еңбегі құралдары, құрылғылар 5.2.2.2, 5.2.2.1, 5.2.6.2
Көркемдеп аралау. Идеяларды құру. Материалды таңдау және дайындау 5.1.5.1, 5.1.5.2, 5.1.4.1
Сыртқы және ішкі сызықтар арқылы қисық пішінді бұйымды қыларамен көркемдеп аралау 5.2.3.1, 5.2.3.2, 5.2.6.1
Сымнан бұйымдарды модельдеу. Нобайлар дайындау (шынжыр, басқатырғыш ойындары, жануарлардың пішіндері). Материал таңдау. Құралдар-жабдықтар мен құрылғылар 5.1.5.2
Бұйым дайындау. (шынжыр, басқатырғыш ойындары, жануарлардың пішіндері) 5.2.3.1, 5.2.3.2, 5.2.6.1
Түрлі материалдарды қолданып, музыкалық аспаптарды (ұрмалы және соқпалы) жобалау 5.1.5.1, 5.1.5.2
Музыкалық аспапты құрастыру 5.2.3.1, 5.2.3.2, 5.2.6.1, 5.3.4.1
Жұмыстардың көрмесі 5.3.1.1

Дизайн және технология Қыздар

Тақырып Оқу мақсаттары
Тоқыма материалдарының классификациясы мен сипаттамалары. Материалдардың түрлері мен қасиеттерін зерттеу 5.1.6.3
Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-жабдықтар мен құрылғылар 5.2.2.1, 5.2.2.2, 5.2.6.2
Тігін бұйымдарының классификациясы. Идеядан өнімге (тігін бұйымдары) 5.1.6.3
Дизайн, киімді макеттеу (қағаз, тоқыма материалдар). Костюм құру (мини-манекенде немесе қуыршақта) 5.1.5.1, 5.2.3.1, 5.2.3.2, 5.2.6.1
Тоқыма мозаика техникасында тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт) Идеяларды құру. Нобай. Материалды таңдау және дайындау. Жұмыстың орындалу бірізділігі 5.1.5.1, 5.1.4.1
Бұйым дайындау. Бұйымды безендіру 5.2.3.1, 5.2.3.2, 5.2.3.3, 5.2.6.1
Жұмысты қорғау 5.3.1.1, 5.3.4.1

4-тоқсан

Тамақтану мәдениеті Ұлдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу 5.2.4.1, 5.2.4.2, 5.1.3.1

Үй мәдениеті Ұлдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Электр қуатының негізгі көздері туралы жалпы мәліметтер.Электротехникалық арматура. Электр энергиясының әртүрлі көздерімен тәжірибе жасау (батарея, гальваникалық элементтер) 5.2.5.3, 5.1.3.1, 5.2.5.4, 5.2.5.5
Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары 5.2.5.6
Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары. Өсімдік шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар 5.2.5.1, 5.2.5.2, 5.2.6.1

Тамақтану мәдениеті Қыздар

Тақырып Оқу мақсаттары
Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу 5.2.4.1, 5.2.4.2, 5.1.3.1
Асхананың жабдықталуы. Тағам әзірлеуге арналған құралдар-жабдықтар, аспаптар мен ыдыс-аяқтар. Тағам дайындауға арналған құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін зерттеу 5.2.4.3, 5.2.6.1, 5.2.6.2
Бутербродтар мен сусындардың әзірлену технологиясы 5.1.3.1, 5.2.4.4
Жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы 5.2.4.4, 5.3.4.1, 5.1.3.1

Үй мәдениеті Қыздар

Тақырып Оқу мақсаттары
Жеке бастың гигиенасы. Өз-өзіне күтім жасау 5.2.5.3, 5.2.5.4
Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары. Өсімдік шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар 5.2.5.1, 5.2.5.2, 5.2.6.1

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.