Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Көркем еңбек пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 6‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

6‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу

1.1 Қоршаған орта туралы білім мен түсінік

  • 6.1.1.1 қоршаған орта нысандарының визуалды сипаттамаларын түсіну және білімін көрсету

1.2 Тарих, мәдениет және дәстүр туралы білім мен түсінік

  • 6.1.2.1 қазақ халқының ұлттық және әлем мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету

1.3 Ақпарат көздері

  • 6.1.3.1 шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында ақпарат көздерін өз бетінше таңдап, қолдану

1.4 Шығармашылық іс-әрекет үдерісін жоспарлау

  • 6.1.4.1 уақыт және басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау
  • 6.1.4.2 материалдық шығынды анықтау (сандық көрсеткіштер)

1.5 Дизайн (эскиз) дайындау бойынша тапсырмалармен жұмыс істеу

  • 6.1.5.1 композицияның негізгі заңдылықтарын сақтай отырып, әртүрлі нысандардың дизайны бойынша тапсырмалар орындау
  • 6.1.5.2 шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау

1.6 Материалдар, олардың қасиеттері мен жұмыс істеу техникалары

  • 6.1.6.1 Ұлдар: материалдардың физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттерін, олардың қолданылу аясын анықтау және сипаттау
  • 6.1.6.2 заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын
  • 6.1.6.3 Қыздар: тоқыма материалдар мен бұйымдардың қасиеттері мен фактурасын зерделеу және анықтау
  • 6.1.6.4 материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау

2-бөлім. Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау

2.1 Шығармашылық идеялардың көркем көрінісі

  • 6.2.1.1 өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану

2.2 Құралдар мен жабдықтар

  • 6.2.2.1 Ұлдар: құрастырымды, табиғи және жасанды материалдарды өңдеу үшін пайдаланатын қол электрлік құралдарының қозғалысты беру механизмдері мен құрылысын анықтау және сипаттау Қыздар: тігін машинасын қалыпты күйге келтіруді білу және орындау
  • 6.2.2.2 Қыздар: тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық өңдеу режимдерін білу, сипаттау және оларды тәжірибеде қолдану

2.3 Жасау технологиясы

  • 6.2.3.1 Ұлдар: орындалған өлшем мен белгілеу негізінде бұйым дайындау үшін материалдарды электрлік қол құралдарымен өңдеу Қыздар: тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу
  • 6.2.3.2 Ұлдар: ажырайтын және ажырамайтын біріктіру әдістерін қолданып, бірнеше бөлшектерден тұратын бұйым жасау Қыздар: әр түрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, бір өнім орындау
  • 6.2.3.3 шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

2.4 Тамақтану мәдениеті

  • 6.2.4.1 қоғамдық тамақтану орындарында, қазақ халқы мен әлем халықтарының мәдениетіндегі дастарқан басында өзін-өзі ұстау ережелерін салыстыру және сипаттау
  • 6.2.4.2 әртүрлі іс- шараға арналған дастарқанды безендірудегі білімдері мен тәжірбиелік дағдыларын көрсету
  • 6.2.4.3 Қыздар: жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын білу және қолдану
  • 6.2.4.4 Қыздар: әртүрлі тағамдарды дайындау үшін азық-түліктер, құрал-саймандар мен керек-жарақтарын анықтау және таңдау

2.5 Үй мәдениеті

  • 6.2.5.1 сәндік гүл түрлерін өсіру технологиясын зерттеу және сипаттау
  • 6.2.5.2 сәндік бақша мен гүл өсіру шаруашылығында көктемгі жұмыстар орындау
  • 6.2.5.3 Ұлдар: электросызба элементтерінің графикалық шартты белгілерін зерделеу, анықтау және орындау Қыздар: тазалау құралдарын, тұрғын үйге қойылатын гигениалық талаптарды зерделеу және сипаттау
  • 6.2.5.4 Ұлдар: қарапайым электр тізбектерінің есебін жүргізу және ажырата білу Қыздар: тазалау құралдары мен жабдықтарын таңдау және қолдану
  • 6.2.5.5 Ұлдар: қарапайым сызба бойынша электр тізбектерін орындау және жинау Қыздар: мезгілдік киім мен аяқ-киімдерді күту мен сақтау ережелерін білу және ұстану
  • 6.2.5.6 Ұлдар: электрлік құрал-саймандарды пайдаланып, ақауларды жою бойынша жөндеу операциялары мен интерьерді ұйымдастырудың тәжірибелік жұмыстарын орындау

2.6 Техника қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының ережелерін сақтау

  • 6.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап және көрсете отырып, материалдар мен құралдарды қолдану
  • 6.2.6.2 қол электрлі құралдары және жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін білу және түсіндіру

3-бөлім. Презентациялау, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау

3.1 Шығармашылық жұмыстардың таныстырылымы

  • 6.3.1.1 мектеп аудиториясы алдында өзінің дайын жұмыстарын таныстыру (көрме)

3.2 Идеяларды талдау және бағалау

  • 6.3.2.1 пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды салыстыру

3.3 Әдіс-тәсілдерді талдау және бағалау

  • 6.3.3.1 пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді салыстыру

3.4 Жұмысты жетілдіру мен бейімдеу

  • 6.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша сындарлы пікір мен негізделген ұсыныстарды қабылдау

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Визуалды өнер Ұлдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Портрет жанры. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет 6.1.3.1, 6.1.2.1
Сызықты портрет. Графика. Орындалу техникасы. Дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау (сымнан) материалдардан орындалған портрет) 6.2.1.1, 6.1.6.4, 6.1.6.2
Портреттегі түс. Орындалу техникасы 6.1.1.1, 6.2.1.1
Заманауи портрет. Фотоөнер. Фотокамерамен тәжірибе 6.3.2.1, 6.2.1.1
Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар) 6.1.2.1
Сценарий дайындау. Кейіпкерлер мен декорациялар құру. Көркем өнер идеяларын іске асыру. Дыбыс қосу 6.1.4.1, 6.2.1.1, 6.3.4.1
Жұмысты қорғау 6.3.1.1

Визуалды өнер Қыздар

Тақырып Оқу мақсаттары
Портрет жанры. Портрет түрлері. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет 6.1.3.1, 6.1.2.1
Сызықты портрет. Графика. Орындалу техникасы. Дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау (сымнан орындалған портрет) 6.2.1.1, 6.1.6.4, 6.1.6.2
Портреттегі түс. Орындалу техникасы 6.1.1.1, 6.2.1.1
Заманауи портрет. Фотоөнер. Фотокамерамен тәжірибе 6.3.2.1, 6.2.1.1
Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар) 6.1.2.1
Сценарий дайындау. Кейіпкерлер мен декорациялар құру. Көркем өнер идеяларын іске асыру. Дыбыс қосу 6.1.4.1, 6.2.1.1, 6.3.4.1
Жұмысты қорғау 6.3.1.1

2-тоқсан

Сәндік-қолданбалы өнер Ұлдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақстан халықтарының зергерлік өнерімен танысу 6.1.2.1
Зергерлік бұйым нобайын орындау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау 6.1.5.2, 6.1.6.4
Бұйым дайындау. Бұйымды көркемдеп безендіру 6.2.3.2, 6.2.3.3, 6.2.6.1
Табиғи материалдардың түрлері мен сипаттамалары. (Өздігінен ізденіс зерттеулері) 6.1.1.1, 6.1.6.1
Табиғи материалдардан дайындалатын бұйым нобайын орындау 6.1.5.2
Бұйым дайындау. Бұйымды көркемдеп безендіру 6.1.6.4, 6.2.1.1
Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру 6.3.1.1

Сәндік-қолданбалы өнер Қыздар

Тақырып Оқу мақсаттары
Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу. Тоқу тәсілдері мен техникалары. Бұйымның нобайын дайындау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау 6.1.2.1, 6.1.5.2, 6.1.4.2
Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы) 6.1.6.4, 6.2.3.3, 6.2.6.1
Шалма бізбен тоқу. Шалма біз және олардың түрлері. Тоқу тәсілдері мен техникалары. Бұйымның нобайын дайындау 6.1.5.2, 6.1.4.2
Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш, үшкіл орамал, тіреуіш, ұялы телефондардың қабы) 6.1.6.4, 6.2.3.3, 6.2.6.1
Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру 6.3.1.1, 6.3.4.1

3-тоқсан

Дизайн және технология Ұлдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Электрлік және қол еңбегі құралдары мен жабдықтары. Тәжірибелік жұмыс 6.2.2.1, 6.2.6.2
Құрамалы бөлшектерден робот құру. Роботтың шығу тарихы мен оның түрлері. (Өздігінен ізденіс зерттеулері) 6.1.3.1, 6.3.3.1
Роботты жобалау және дайындау. Нобай. Материалдарды іріктеу, таңдау 6.1.5.1, 6.1.4.1, 6.1.6.1
Робот құру. Робот бөлшектерінің жылжымалы механизмін құру бойынша эксперимент жүргізу 6.2.3.1, 6.2.3.2, 6.2.6.1
Көлік құралдарының түрлері туралы жалпы мәлімет. (Өздігінен ізденіс зерттеулері) 6.1.3.1
Көлік құралы үлгісін дайындау. Нобай. Материалдарды іріктеу, таңдау 6.1.5.1, 6.1.4.2
Көлік құралын орындау. Үлгінің жеке бөліктерін дайындау. Үлгіні құрастыру, безендіру 6.2.3.1, 6.2.3.2
Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру 6.3.1.1

Дизайн және технология Қыздар

Тақырып Оқу мақсаттары
Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау (авторлық қуыршақ, дамытатын ойыншықтар). Идеяларды құру. Нобай 6.1.5.1, 6.1.5.2
Түрлі-түсті және фактуралы тоқыма материалдарын зерттеу. Материалдарды, құралдар мен жабдықтарды таңдау және дайындау 6.1.6.3, 6.1.6.2, 6.2.2.1
Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу. Жеке бөліктерін өңдеу. Бөлшектерді біріктіру мен бұйымды безендіру 6.2.2.2, 6.2.3.1, 6.2.3.2, 6.2.6.2
Үйге арналған тоқыма бұйымдарының дизайны (алжапқыш, асханалық бұйымдар). Идеяларды құру. Нобай. Материалды таңдау және дайындау. Жұмысты орындау бірізділігі 6.1.5.1, 6.1.5.2, 6.1.4.1, 6.1.4.2
Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу. Жеке бөліктерін өңдеу. Бөлшектерді біріктіру мен бұйымды безендіру 6.2.2.2, 6.2.3.1, 6.2.3.2, 6.2.6.2
Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру 6.3.1.1, 6.3.3.1

4-тоқсан

Тамақтану мәдениеті Ұлдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақ халқы мен түрлі халықтардың және де қоғамдық тамақтану орындарындағы дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері 6.2.4.1, 6.2.4.2

Үй мәдениеті Ұлдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Электросызбалардың шартты белгілерімен танысу. Электр тізбегі 6.2.5.3, 6.2.5.4
Батарейкалы шырағдан дайындау 6.2.5.5
Электрлік қол еңбегі құралдары қолданылған тұрмыстағы жөндеу жұмыстары 6.2.5.6, 6.2.6.1
Сәндік гүлдер түрлері. Гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар 6.2.5.1, 6.2.5.2, 6.2.6.1

Тамақтану мәдениеті Қыздар

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақ халқы мен түрлі халықтардың және де қоғамдық тамақтану орындарындағы дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері 6.2.4.1, 6.2.4.2
Жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы 6.2.4.3, 6.2.4.4
Тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы 6.2.4.3, 6.2.4.4
Десерт әзірлеу технологиясы 6.2.4.3, 6.2.4.4, 6.3.1.1

Үй мәдениеті Қыздар

Тақырып Оқу мақсаттары
Гигиена ережелері. Бөлмені ылғалды және құрғақ тазалау жұмысы 6.2.5.3, 6.2.5.4
Киім (аяқ киім) күтімі мен оларды сақтау 6.2.5.5
Сәндік гүлдер түрлері. Гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар 6.2.5.1, 6.2.5.2, 6.2.6.1

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.