Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
8‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу
1.2 Тарих, мәдениет және дәстүр туралы білім мен түсінік
- 8.1.2.1 тарихи және мәдени шығу тегі әр түрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету
1.3 Ақпарат көздері
- 8.1.3.1 шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану
1.4 Шығармашылық іс-әрекет үдерісін жоспарлау
- 8.1.4.1 алған білімі мен тәжірибелерін қолданып, болашақ іс-әрекетін толық сипаттап, шығармашылық қызметін жоспарлау
- 8.1.4.2 зерттеу нәтижелері негізінде тұтынушылардың өнімнің түрлеріне қажеттілігін анықтау
1.5 Дизайн (эскиз) дайындау бойынша тапсырмалармен жұмыс істеу
- 8.1.5.1 функционалды талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау
- 8.1.5.2 бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып, графикалық және технологиялық құжаттар дайындау
1.6 Материалдар, олардың қасиеттері мен жұмыс істеу техникалары
- 8.1.6.1 Ұлдар: жобаланатын нысанның тағайындалуы мен қасиеттерін ескеріп, материалдарды өңдеу мен безендіру тәсілдерін анықтау және таңдау
- 8.1.6.2 бұйымды дайындау мен безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдардың тиімді қолданылуын түсіне отырып өздігінен таңдау
- 8.1.6.3 Қыздар: табиғи және жасанды тері мен былғарының түрлері мен қасиеттерін анықтау, сипаттау және салыстыру
- 8.1.6.4 шығармашылық жұмыстар барысында орындау техникасы мен өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру
2-бөлім. Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау
2.1 Шығармашылық идеялардың көркем көрінісі
- 8.2.1.1 күрделі шығармашылық идеяларды білдіру үшін өнердің көркем құралдарын өз бетінше анықтау, таңдау және қолдану
2.2 Құралдар мен жабдықтар
- 8.2.2.1 Ұлдар: заманауи технологиялық машиналарда құрастырымды материалдарды өңдеу бойынша күрделі операцияларды орындау Қыздар: тігін машинасына қажетті құрылғыларды (түймелікті өңдеу, сыдырманы қондырып тігу) таңдау және қолдану
2.3 Жасау технологиясы
- 8.2.3.1 Ұлдар: түрлі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, материалдарды өңдеу мен безендіру әдістерін анықтау, пайдалану Қыздар: қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану
- 8.2.3.2 Ұлдар: өз бетінше дайындаған технологиялық құжатпен күрделі бұйым жасау Қыздар: өз бетінше құрастырған технологиялық құжат бойынша бұйымдар дайындау
- 8.2.3.3 шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану
2.5 Үй мәдениеті
- 8.2.5.1 ауыл шаруашылық өндірісінің дамуындағы әдіс-тәсілдерді талқылау және бағалау
- 8.2.5.2 Ұлдар: тұрмыстық техника мен электр жабдықтарының эстетикалық, эргономикалық және эксплуатациялық сапаларын салыстру және бағалау Қыздар: медицинадағы, фитотерапия мен косметикадағы өсімдіктердің рөлін зерделеу, талқылау және бағалау
- 8.2.5.3 Ұлдар: тұрмыста жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында ақауларды жоюдың тиімді тәсілдерін табу Қыздар: өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәндік бұйымдар дайындау
- 8.2.5.4 Ұлдар: тұрмыста жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында заманауи материалдар мен құрал-жабдықтарды зерделеу, таңдау және қолдану
2.6 Техника қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының ережелерін сақтау
- 8.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, материалдар мен құралдарды қолдану
- 8.2.6.2 құрал-жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу туралы ескертпе парағын құру
3-бөлім. Презентациялау, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау
3.1 Шығармашылық жұмыстардың таныстырылымы
- 8.3.1.1 онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну
3.2 Идеяларды талдау және бағалау
- 8.3.2.1 пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды талдау мен бағалау жүргізу үшін критерийлерді қолдану
3.3 Әдіс-тәсілдерді талдау және бағалау
- 8.3.3.1 жасалған өнімнің сапасын қолданылған әдіс-тәсілдерін бағалау және талдау үшін критерийлерді қолдану
3.4 Жұмысты жетілдіру мен бейімдеу
- 8.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру мен бейімдеуде қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізделген сыни ұсыныстар жасау
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Сәндік қолданбалы өнер Ұлдар
Сәндік қолданбалы өнер Қыздар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдары (ши тоқу, киіз бас) Әр түрлі ұлттық бұйымдар. Құрал-саймандар мен материалдар | 8.1.2.1, 8.1.3.1 |
| Бұйымдарға нобайлар дайындау. Құрал-саймандар мен материалдар | 8.1.5.2 |
| Шығармашылық жұмыстарды орындау. Әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу | 8.2.1.1, 8.1.6.4, 8.2.3.3, 8.3.2.1, 8.2.6.1 |
| Жұмысты қорғау. Көрмеге ұсыну | 8.3.1.1 |
2-тоқсан
Дизайн және технология Ұлдар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу | 8.1.2.1 |
| Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын (торсық, дөңгелек үстел) зерделеу | 8.1.6.1 |
| Идеяларды талдау және нобайды орындау. Жұмысты жоспарлау | 8.1.5.1, 8.1.4.1 |
| Материалдарды өңдеу. Бұйымды дайындау | 8.2.2.1, 8.2.3.1, 8.2.3.2, 8.2.3.3, 8.2.6.1 |
| Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау | 8.3.1.1 |
Дизайн және технология Қыздар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы | 8.1.2.1, 8.1.3.1 |
| Этностильдегі (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері) | 8.1.5.1, 8.1.5.2 |
| Этностильдегі бұйымдарды жасау (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері) Бұйымдарды әшекейлеу | 8.2.3.3, 8.2.3.1, 8.2.3.2, 8.3.4.1, 8.2.6.1 |
| Жұмысты қорғау | 8.3.1.1 |
3-тоқсан
Дизайн және технология Ұлдар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Үстел ойыны. Шығу тарихы | 8.1.2.1 |
| Үстел ойынының тұжырымдамасы | 8.1.4.2, 8.1.5.1 |
| Үстел ойынын дайындау. Графикалық құжаттама | 8.1.5.2 |
| Үстел ойының бөлшектерін дайындау. Көркемдеп безендіру | 8.1.6.2, 8.2.3.1 |
| Ойынды тестілеу. Сауалнама және ақпараттар жинау | 8.3.4.1 |
| Жұмысты қорғау | 8.3.1.1 |
Дизайн және технология Қыздар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны. (тұтас жеңдер) | 8.1.4.2, 8.1.3.1 |
| Бұйымдарға нобайлар дайындау | 8.1.5.1, 8.1.5.2 |
| Құрал-саймандар мен материалдарды дайындау | 8.2.2.1, 8.1.6.3, 8.2.6.2 |
| Халықтық пішім негізінде киім үлгісінде бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу. Бөлшектерді өңдеу. Бөлшектерді біріктіру мен безендіру. Бұйымды ою-өрнек элементтерімен безендіру | 8.2.3.1, 8.2.3.2, 8.3.3.1 |
| Жұмысты қорғау | 8.3.1.1 |
4-тоқсан
Үй мәдениеті Ұлдар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Агротехнологияның дамуындағы ғылымның рөлі (өздігінен ізденіс зерттеулері) | 8.2.5.1, 8.1.3.1 |
| Электрқұрылғылар мен тұрмыстық техникаларды таңдау және бағалау | 8.2.5.2, 8.1.3.1 |
| Бөлменің жөндеу жұмыстарына арналған заманауи материалдар мен құрал-жабдықтар (тәжірибелік жұмыс) | 8.2.5.3, 8.2.5.4, 8.2.6.1, 8.2.6.2 |
Үй мәдениеті Қыздар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Интерьерге арналған сәнді бұйымдар (2D/3D форматта). Бұйымдарға нобайлар дайындау. Құрал-саймандар мен материалдарды дайындау | 8.1.6.2, 8.1.6.4 |
| Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарды жасау | 8.2.5.3, 8.3.4.1, 8.2.6.1 |
| Өсімдік шаруашылығындағы ғылымның рөлі | 8.1.3.1, 8.2.5.1 |
| Медицина, фитотерапия және косметологиядағы өсімдіктің рөлі | 8.1.3.1, 8.2.5.2 |
Басқа сыныптар
- Көркем еңбек, 5-сынып
- Көркем еңбек, 6-сынып
- Көркем еңбек, 7-сынып
- Көркем еңбек, 8-сынып
- Көркем еңбек, 9-сынып