Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

География пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Географиялық зерттеу әдістері

1.1 Географиялық зерттеу әдістері

  • 11.1.1.1 зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама әдістерін қолдану
  • 11.1.1.2 зерттеу тақырыбына сәйкес эксперттік бағалау әдістерін қолдану

2-бөлім. Картография және геоинформатика

2.1 Картография

  • 11.2.1.1 тақырыпқа сәйкес электронды картографиялық ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану (сандық карталар-ды оқу, оларды қолданумен географиялық объектілер мен аумақтардың орналасуын, сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау, сипаттау және талдау)

2.2 Картография және геоинформатика

  • 11.2.2.1 геоақпараттық әдістер мен геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) технологияларының ерекшеліктерін, басқа ғылымдар мен өндіріс салаларымен байланыстарын түсіндіру
  • 11.2.2.2 компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы тақырыпқа сәйкес географиялық деректер базасын құрастыру
  • 11.2.2.3 компьютерлік бағдарламаларды қолданумен тақырыптық картасызбалар жасау

3-бөлім. Табиғатты пайдалану және геоэкология

3.1 Табиғатты пайдалану

  • 11.3.1.1 табиғатты пайдалану түрлерінің заңнамалық тәртіппен бекітілген нормаларға сәйкестігін анықтау (жергілікті/аймақтық компоненттің негізінде)
  • 11.3.1.2 жеке тұлғаның табиғатты пайдаланудағы рөлін анықтап, "экологиялық ізін" есептеу

3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері

  • 11.3.2.1 қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін жіктеу
  • 11.3.2.2 қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін жіктеу
  • 11.3.2.3 дүниежүзі елдерін қоршаған ортаның сапасы бойынша жіктеу
  • 11.3.2.4 қоршаған орта сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар (жергілікті/ аймақтық компоненттің негізінде) әзірлеу

4-бөлім. Геоэкономика

4.1 Геоэкономика негіздері

  • 11.4.1.1 Қазақстан аймақтарын шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымы мен экономикалық даму көрсеткіштері бойынша салыстырып талдау
  • 11.4.1.2 Қазақстан аймақтарының экономикалық даму әлеуетін анықтау(өз аймағы негізінде)

5-бөлім. Геосаясат

5.1 Геосаясат негіздері

  • 11.5.1.1 қазіргі заманның геосаяси үдерістерін түсіндіру
  • 11.5.1.2 Қазақстанның геосаяси жағдайына кешенді баға беру
  • 11.5.1.3 Қазақстан Республикасының геосаяси қауіпсіздігіне әсер ететін факторларды анықтау
  • 11.5.1.4 Қазақстанның дүниежүзі елдері мен дүниежүзілік және аймақтық ұйымдармен байланыстарын күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу

6-бөлім. Елтану

6.1 Дүниежүзі аймақтары

  • 11.6.1.1 Қазақстан Республикасының физикалық-географиялық, тарихи-географиялық, саяси-географиялық және геосаяси аймақтарында орналасуын анықтау
  • 11.6.1.2 ғаламдану жағдайында Қазақстанның географиялық аймақтар картасындағы орнының өзгеруін зерттеу арқылы болжау

6.2 Дүниежүзі елдерін салыстыру әдістері

  • 11.6.2.1 жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін индекстер мен рейтингтердегі Қазақстан орнының динамикасын зерттеу (таңдау бойынша бір рейтингтің мысалында)
  • 11.6.2.2 Қазақстанның жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін рейтингтерде орналасқан орына әсер ететін географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды анықтау (таңдау бойынша бір рейтингтің мысалында)
  • 11.6.2.3 қолданбалы елтанушылық ақпараттың маңыздылығын, субъектілері мен тұтынушыларын анықтау
  • 11.6.2.4 түрлі мақсатты аудиториялар үшін дүниежүзі елдерінің кешенді елтану сипаттамаларын дайындау және шығармашылық нысанда әзірлеу, графикалық нысанда көрсеткіштердің жиынтығы бойынша айқындалған әлем елдерінің рейтингтері мен индекстерін ұсыну

7-бөлім. Адамзатың ғаламдық проблемлары

7.1 Ғаламдық проблемаларды шешу

  • 11.7.1.1 ғаламдық проблемаларды шешу жөнінде әлемдік тәжірибені зерттеу
  • 11.7.1.2 Қазақстанның аумағында көрініс тапқан ғаламдық проблемаларды анықтау
  • 11.7.1.3 ғаламдық, оның ішінде Қазақстан аумағында байқалатын проблемалардың алдын алудың немесе шешудің өзіндік жобасын ұсыну

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1. Географиялық зерттеулер әдістері

Тақырып Оқу мақсаттары
1. Географиялық зерттеулер әдістері

1.1 Жалпы географиялық әдістер

Тақырып Оқу мақсаттары
Өзекті географиялық зерттеу әдістері 11.1.1.1, 11.1.1.2

2. Картография және геоинформатика

Тақырып Оқу мақсаттары
2. Картография және геоинформатика

2.1 Картография

Тақырып Оқу мақсаттары
Заманауи картографиялық әдістер 11.2.1.1

2.2 Геоинформатика негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Геоақпараттық зерттеу әдістері 11.2.2.1
Географиялық деректер базасы 11.2.2.2
Географиялық деректерді визуализациялау 11.2.2.3

3. Табиғатты пайдалану және геоэкология

Тақырып Оқу мақсаттары
3. Табиғатты пайдалану және геоэкология

3.1 Табиғатты пайдалану

Тақырып Оқу мақсаттары
Табиғатты пайдалану-ды реттеу 11.3.1.1
Табиғатты қорғауда жеке тұлға-ның рөлі 11.3.1.2

2-тоқсан

3. Табиғатты пайдалану және геоэкология

Тақырып Оқу мақсаттары
3. Табиғатты пайдалану және геоэкология

3.2 Геоэкология-лық зерттеулер негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Қоршаған ортаның антропогендік өзгеруі 11.3.2.1
Қоршаған ортаның сапасы 11.3.2.2, 11.3.2.3
Геоэкологиялық жобалау 11.3.2.4

3-тоқсан

4. Геоэкономика

Тақырып Оқу мақсаттары
4. Геоэкономика

4.1 Геоэкономика негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті 11.4.1.1, 11.4.1.2
Геоэкономикалық даму стратегиясы

5. Геосаясат

Тақырып Оқу мақсаттары
5. Геосаясат

5.1 Геосаясат негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Заманауи геосаяси үдерістер 11.5.1.1
Қазақстанның геосаяси жағдайы 11.5.1.2
Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі 11.5.1.3, 11.5.1.4

4-тоқсан

6. Елтану

Тақырып Оқу мақсаттары
6. Елтану

6.1 Дүниежүзі аймақтары

Тақырып Оқу мақсаттары
Дүниежүзі аймақтар картасында Қазақстаның орны 11.6.1.1, 11.6.1.2

6.2 Дүниежүзі елдерін салыстыру тәсілдері

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақстанның халықаралық салыстырулардағы орны 11.6.2.1, 11.6.2.2
Қолданбалы елтану 11.6.2.3, 11.6.2.4

7. Адамзаттың ғаламдық проблемалары

Тақырып Оқу мақсаттары
7. Адамзаттың ғаламдық проблемалары

7.1 Ғаламдық проблемаларды шешу

Тақырып Оқу мақсаттары
Ғаламдық проблемаларды шешу жолдары 11.7.1.1, 11.7.1.2, 11.7.1.3
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 11-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.