Оқу бағдарламалары
Француз тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым (Compréhension de l’oral)
- 9.1.1 жалпы және оқу тақырыптарындағы ұзақ әңгіменің негізгі мазмұнын қолдаусыз түсіну
- 9.1.2 ұзақ әңгімелесу барысында жалпы және оқу тақырыптарының ауқымды шеңберіндегі ақпаратты қолдаусыз егжей-тегжейлі түсіну
- 9.1.3 ұзақ әңгімелесу барысында аздаған қолдаумен кең ауқымдағы жалпы және оқу тақырыптары бойынша қолдаусыз дәлелдердің көп бөлігін егжей-тегжейлі түсіну
- 9.1.4 ұзақ әңгімелесу барысында кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша тұжырымдалған мағынадағы ақпараттың көп бөлігін қолдаусыз түсіну
- 9.1.5 ұзақ әңгімелесу барысында жалпы және оқу тақырыптары бойынша сөйлеушінің/сөйлеушілердің пікірін анықтау
- 9.1.6 түрлі жалпы және оқу тақырыптары бойынша ұзақ әңгімелесу мәнмәтіннен мағынаны анықтау
- 9.1.7 Көптеген ауызша жанрлардың сөздері, сөйлемдері мен мәтіндері деңгейінде олардың ерекше жақтарын анықтау
- 9.1.8 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша ұзақ әңгімелесу барысында келтірілген дәлелдердің сәйкессіздігін анықтай бастау
2-бөлім. Aйтылым (Production orale)
- 9.2.1 жалпы және оқу тақырыптарында сөйлесуде формалды және бейформалды регистрлерді қолдану
- 9.2.2 жалпы және оқу тақырыптары бойынша ақпарат алу үшін күрделі сұрақтар қою
- 9.2.3 жалпы және оқу тақырыптары бойынша өз көзқарасын негіздеу және түсіндіру
- 9.2.4 жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде белгіленген дәрежедегі икемділікпен талдау деңгейінде пікірлерге жауап беру
- 9.2.5 Оқу міндеттерін орындау мақсатында сыныптастармен қызметтестік орнату, талқылау, жоспарлау, келісімге келу және басымдылықтарды белгілеу үшін өзара қарым-қатынас жасау
- 9.2.6 жұппен, топпен және сыныппен жұмыс істеу барысында басқалардың айтқаны жайында өз пікірін сөйлем немесе талдау деңгейінде белгіленген икемділікпен білдіру
- 9.2.7 шектеусіз жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде арнайы лексиканы және синтаксисті қолдану
- 9.2.8 жалпы және оқу тақырыптарының көбі бойынша ұзағырақ әңгімелер мен оқиғалардың мазмұнын айту
3-бөлім. Оқылым (Compréhension des écrits)
- 9.3.1 әртүрлі бейтаныс жалпы және оқу тақырыптарының шеңберіндегі көлемді мәтіндердің көбіндегі негізгі ойды түсіну
- 9.3.2 таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде мәтіндердің көбіндегі, сонымен қатар көлемді мәтіндердегі арнайы ақпаратты және бөліктеріндегі негізгі ойды түсіну
- 9.3.3 әртүрлі таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі көлемді мәтіндерде келтірілген дәлелдерді егжей-тегжейлі түсіну
- 9.3.4 таныс және кейбір бейтаныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде көркем әдебиеттен және басқа әдебиеттерден көлемді мәтіндерді оқу
- 9.3.5 таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі көлемді мәтіндердің көбінің мәнмәтінінен мағынаны анықтау
- 9.3.6 жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі көлемді мәтіндердің көбіне автордың көзқарасын немесе пікірін анықтау
- 9.3.7 кез келген жазылған жанрлар шеңберінде сөздердің, сөйлемдердің және мәтіндердің ерекше сипаттарын анықтау
- 9.3.8 мағынасын тексеру және түсіну аясын кеңейту үшін таныс және кейбір бейтаныс қағаз және цифрлық ресурстардың көбін пайдалану
- 9.3.9 әртүрлі жалпы және оқу тақырыптары бойынша көлемді мәтіндерде келтірілген дәлелдердегі сәйкессіздікті анықтау
4-бөлім. Жазылым (Production écritе)
- 9.4.1 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша мәтін деңгейінде жұмыстарды қолдаусыз жоспарлау, жазу, оқып шығу, түзету
- 9.4.2 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша шынайы, ойдан шығарылған оқиғалар, әрекетер немесе өзінің тәжірибесі туралы өздігінен жазу
- 9.4.3 Таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша орташа грамматикалық сауаттылықпен жазу
- 9.4.4 жалпы және оқу тақырыптары бойынша әртүрлі жазбаша жанрларға сәйкес стиль және регистрді минималды қолдаумен пайдалану
- 9.4.5 шектеусіз таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша мысалдар және негіздемелер келтіре отырып, дәлелдерді пайдалану
- 9.4.6 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша әртүрлі байланыстыру сөздерінің көмегі арқылы байланысқан мәтіндер жазу
- 9.4.7 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша шектеусіз жазбаша жанрларға сәйкес мәтін деңгейіндегі форматты өздігінен пайдалану
- 9.4.8 шектеусіз таныс жалпы және оқу тақырыптарында жиі қолданылатын сөздерді дұрыс жазу
- 9.4.9 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша мәтін деңгейіндегі жазба жұмыстарға тыныс белгілерін сауатты қолдану
5-бөлім. Тілдік бағдар. (Utilisation de la langue)
- 9.5.1 таныс жалпы және оқу тақырыптары, сонымен қатар таныс емес тақырыптар бойынша әртүрлі күрделі дерексіз зат есімдер мен күрделі есімді топтарды қолдану
- 9.5.2 таныс жалпы және оқу тақырыптарында саналатын және саналмайтын зат есімдермен және есімді топтармен әртүрлі есептік сан есімдерді қолдану
- 9.5.3 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша есімшенің орнына деңгейді көрсету үшін қолдануға болатын әртүрлі дара және күрделі сын есімдерді, салыстырмалы құрылымдарды және күшейткіш сын есімдерді пайдалану
- 9.5.4 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша дерексіз және деректі зат есімдермен, болымсыз конструкцияларда қолданылатын артикльдерді, сандық мағына білдіретін сөздерден кейін қолданылатын артикльдердің түрлі формаларын пайдалану
- 9.5.5 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша әртүрлі типтегі сұрақтарды қолдану
- 9.5.6 lui, celle, ceux, le mien, la mienne, les miens, les miennesсілтеу және тәуелдік есімдіктерін қолдану
- 9.5.7 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша Concordance des temps/ таң осы және өткен шақты білдіру үшін шақтарды қиыстыру дағдыларын қолдану
- 9.5.8 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша мәтіндерді оқу және тыңдау барысында ашық райы формасындағы le present, le passé composé/, le futur immediate, l’imparfait/ le plus-que-parfait, le futur dans,le passéетістіктерін тану
- 9.5.9 бірқатар таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша осы және өткен шақтың активті және пассивті саналуан түрлерінің формаларын төл және төлеу сөзде дұрыс қолдану
- 9.5.10 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша үздіксіз осы және өткен шақ шақ формаларын, оның ішінде пассивті формалардың кең өрісін қолдану
- 9.5.11 бірқатар таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша хабарлама жасау, сұрақ қою және команда беру үшін сөйлеу формаларының көптеген түрлерін қолдану
- 9.5.12 бірқатар таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша предлогпен қатыстық есімдіктерді қолдану
- 9.5.13 бағыныңқы сөйлем басыңқымен толықтауыштық, анықтауыштық қатынаста болатын кеңінен қолданылатын сабақтас құрмалас сөйлемдерді пайдалану, олардың көмегімен іс-әрекеттің мезгіл, себеп, мекенін білдіре білу
- 9.5.14 қарапайым таныс әрекеттерді сипаттау үшін ne …pas (нө...па) болымсыз демеулік түрін қолдану
- 9.5.15 сезімді білдіретін етістіктер мен сөйлемдерден кейін осы шақтағы шартты райды қолдану
- 9.5.16 сөйлеуде осы кезде және болашақта шарттың нақты және нақты емес екендігін білдіру үшін жай сөйлемде және пысықтауыштық мағынада байланысқан бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемде ұсыныс, болжамдар жасау, тілек, әдепті өтініш білдіру мақсатында шартты райды қолдану
- 9.5.17 төл сөз бен төлеу сөздің айырмашылығын білу, l’Impératif райының көмегімен талап етуді білдіру
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
1. Әлемдегі инновациялар 1.1 Жаңартылатын энергия көздері 1.2 Жасыл энаргияны дамыту
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Тыңдалым | 9.1.1, 9.1.2, 9.1.3, 9.1.4, 9.1.5, 9.1.6, 9.1.7 |
| Айтылым | 9.2.1, 9.2.2, 9.2.3, 9.2.4, 9.2.6, 9.2.7, 9.2.8 |
| Оқылым | 9.3.1, 9.3.2, 9.3.3, 9.3.4, 9.3.6, 9.3.8, 9.3.9 |
| Жазылым | 9.4.1, 9.4.2, 9.4.3, 9.4.4, 9.4.6, 9.4.8, 9.4.9 |
| Тілді қолдану | 9.5.1, 9.5.2, 9.5.3, 9.5.4, 9.5.5, 9.5.6, 9.5.7, 9.5.8, 9.5.9, 9.5.10, 9.5.11, 9.5.12, 9.5.13, 9.5.14, 9.5.15, 9.5.16, 9.5.17 |
2-тоқсан
2. Кәсіпқойлық - уақыт талабы 2.1 Қазақстандағы және Франциядағы білім беру 2.2 Мамандық таңдау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Тыңдалым | 9.1.2, 9.1.3, 9.1.4, 9.1.5, 9.1.6, 9.1.7, 9.1.8 |
| Айтылым | 9.2.2, 9.2.3, 9.2.4, 9.2.5, 9.2.6, 9.2.7, 9.2.8 |
| Оқылым | 9.3.2, 9.3.4, 9.3.5, 9.3.6, 9.3.9 |
| Жазылым | 9.4.1, 9.4.2, 9.4.3, 9.4.4, 9.4.5, 9.4.7 |
| Тілді қолдану | 9.5.1, 9.5.2, 9.5.3, 9.5.5, 9.5.10, 9.5.11, 9.5.12, 9.5.15, 9.5.17 |
3-тоқсан
3. Тұлғалық даму 3.1 Сізді шабыттандыратын тұлғалар 3.2 Менің тұлғалық дамуым
4-тоқсан
4. Қазіргі замандағы адам 4.1 Тұлғааралық қатынастар 4.2 Ынтымақтастық. Өзара әрекеттестік
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Тыңдалым | 9.1.1, 9.1.2, 9.1.4, 9.1.5, 9.1.6, 9.1.7, 9.1.8 |
| Айтылым | 9.2.2, 9.2.3, 9.2.4, 9.2.5, 9.2.6, 9.2.7 |
| Оқылым | 9.3.2, 9.3.3, 9.3.5, 9.3.7, 9.3.8 |
| Жазылым | 9.4.1, 9.4.4, 9.4.5, 9.4.6, 9.4.7, 9.4.8, 9.4.9 |
| Тілді қолдану | 9.5.1, 9.5.2, 9.5.3, 9.5.8, 9.5.10, 9.5.12, 9.5.13, 9.5.14, 9.5.17 |