Оқу бағдарламалары
Француз тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 5‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
5‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым (Compréhension de l’oral)
- 5.1.1 тақырып бойынша жиі қолданылатын сөздерді және жекелеген фразаларды қолдаумен түсіну
- 5.1.2 қарапайым сұрақтарды түсіну және биографиялық сипаттағы ақпарат ұсыну
- 5.1.3 жалпы және оқу тақырыптары бойынша қарапайым сұрақтарды қолдаусыз түсіну
- 5.1.4 ұзақ әңгімелесу барысында жалпы және оқу тақырыптары бойынша негізгі ақпаратты қолдаумен түсіну
- 5.1.5 шағын әңгімелесу барысында кейбір оқу тақырыптары бойынша айырықша ақпараттың едәуір бөлігін және детальдарын қолдаумен түсіну
- 5.1.6 қысқа әңгімелесу мәнмәтіннен кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша мағынаны қолдаумен анықтау
- 5.1.7 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша қарапайым әңгімелесу барысында аздаған қолдаумен сөйлеушінің/сөйлеушілердің пікірін анықтау
- 5.1.8 қолдаумен кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша әңгімелерді, оның ішінде ұзақ әңгімелесуді түсіну
2-бөлім. Aйтылым (Production orale)
- 5.2.1 қалыпты жағдаятта жай сөйлемдерді қолданып, өзі және басқалар туралы негізгі ақпаратты беру
- 5.2.2 кейбір жалпы тақырыптар аясында ақпарат алу үшін қарапайым сұрақтар қою
- 5.2.3 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша сөйлем деңгейінде өз пікірін айту
- 5.2.4 әртүрлі жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде жай сөйлемдерді қолданып, кейбір пікірлерге икемді жауап қайтару
- 5.2.5 әртүрлі жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде базалық деңгейде өзара ақпарат алмасып көру
- 5.2.6 жұппен, топпен және сыныппен жұмыс істеу барысында өз ойын сөйлем деңгейінде нақты және анық жеткізу
- 5.2.7 кейбір жалпы тақырыптар шеңберінде арнайы лексиканы және синтаксисті қолдану
- 5.2.8 әртүрлі жалпы және оқу тақырыптарындағы қарапайым әңгімелер мен оқиғалардың мазмұнын айту
3-бөлім. Оқылым (Compréhension des écrits)
- 5.3.1 жалпы және оқу тақырыптары бойынша кейбір шағын, қарапайым мәтіндердегі негізгі ойды түсіну
- 5.3.2 кейбір жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі шағын, қарапайым мәтіндердегі арнайы ақпаратты және бөліктеріндегі негізгі ойды аздаған қолдаумен түсіну
- 5.3.3 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі мәтіндерде келтірілген дәлелдерді егжей-тегжейлі түсіну
- 5.3.4 шағын мәтіндерді қолдаусыз оқу сонымен қатар, оқылған мәтін бойынша хабарлама жасау
- 5.3.5 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі шағын мәтіндердің мәнмәтінінен мағынаны анықтау
- 5.3.6 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша шағын мәтіндердегі автордың көзқарасын немесе пікірін анықтау
- 5.3.7 кейбір жазылған жанрлар шеңберінде сөздердің, сөйлемдердің және мәтіндердің ерекше сипаттарын анықтау
- 5.3.8 мағынасын тексеру және түсіну аясын кеңейту үшін таныс қағаз және цифрлық ресурстарды аздаған қолдаумен пайдалану
- 5.3.9 әртүрлі жалпы және оқу тақырыптары бойынша шағын, қарапайым мәтіндердегі фактілер мен пікірлердің арасындағы айырмашылықтын анықтау
4-бөлім. Жазылым (Production écritе)
- 5.4.1 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша мәтін деңгейінде жұмыстарды жоспарлау, жазу, оқып шығу, түзету
- 5.4.2 кейбір жалпы және оқу тақырыптары бойынша түйінді сөздерді тірек етіп абзацтағы сөйлемдерді тізбектеп жазу
- 5.4.3 адамды, мекенді және объектіні сипаттап, мәтін деңгейінде нақты мәліметтерді қолдаумен жазу
- 5.4.4 жеке ақпарат беру үшін қолдаумен үлкен сөйлемдерді дәйектеп жазу
- 5.4.5 базалық байланыстыру сөздерінің көмегі арқылы қолдаумен сөйлемдерді байланыстыру
- 5.4.6 кейбір таныс жалпы тақырыптар бойынша базалық байланыстыру сөздерінің көмегі арқылы сөйлемдерді аздаған қолдаумен қисынды біріктіру
- 5.4.7 таныс жалпы және кейбір оқу тақырыптары бойынша кейбір жазбаша жанрларға сәйкес мәтін деңгейіндегі форматты аздаған қолдаумен пайдалану
- 5.4.8 кейбір жалпы тақырыптарда жиі қолданылатын сөздерді дұрыс жазу
- 5.4.9 кейбір таныс жалпы тақырыптар бойынша орташа сауатты мәтін деңгейіндегі жазба жұмыстарға тыныс белгілерін дұрыс қолдану
5-бөлім. Тілдік бағдар. (Utilisation de la langue)
- 5.5.1 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша тиісті род түріндегі саналатын және саналмайтын зат есімдерді қолдану
- 5.5.2 très сөзін шектеулі таныс жалпы және оқу тақырыптарында қолдану
- 5.5.3 жалпы және кейбір оқу тақырыптары бойынша заттарды сипаттауда сын есімдерді, оның ішінде mon/моң, ma/ма, ton/тоң, ta/та, son/соң, sa/са, mes/мэ, tes/тэ, ses/сэ тәуелдік сын есімдерді қолдану
- 5.5.4 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша le, la, l’ les белгілік артикльдерін, un, unе, desбелгісіздік артикльдерін және du, de la, des, de l’сияқты артикльдерді қолдану
- 5.5.5 таныс жалпы және оқу тақырыптарында сұрақтарды қолдану, оның ішінде comment/, qui, quoi, que сөздері қолданылған сұрақтарды пайдалану
- 5.5.6 таныс жалпы және оқу тақырыптарында негізгі жіктеу есімдіктерін және сілтеу сын есімдерін қолдану
- 5.5.7 шектеулі таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша іс-әрекеттің болғанын көрсететін дара етістіктерді қолдану
- 5.5.8 шектеулі таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша іс-әрекеттер туралы айту үшін етістіктің осы шақ формасын қолдану
- 5.5.9 шектеулі таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша іс-әрекеттерді, әдеттерді және қалыптарды сипаттау үшін бұрыс етістіктердің осы шақ формасын қолдану
- 5.5.10 шектеулі таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша осы және келер шақ мағынасында қолданылатын осы шақ формаларын пайдалану
- 5.5.11 шектеулі таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша жалпы үстеулерді, жиілік үстеулерін пайдалану
- 5.5.12 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша мезгіл және мекен туралы айту үшін предлогтарды колдану
- 5.5.13 шектеулі таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша шағын мәтіндердегі сөйлемдердің бөліктерін байланыстыру үшін et жалғаулығын қолдану
- 5.5.14 жеке және таныс тақырыптар бойынша іс-әрекеттер туралы осы шақ түрінде айту үшін болымсыз мағына беретін ne…pasа тіркесін қолдану
- 5.5.15 осы шақта бір немесе бірнеше заттың бар екендігін көрсету үшін il, ya жақсыз орамдарын қолдану
- 5.5.16 өтініш білдіру үшін je voudrais формасын қолдану
- 5.5.17 осы шақта бұйрық беру үшін бұйрық райды қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.