Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Француз тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Оқу мақсаттары

10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тыңдалым

  • 10.1.1 мектепте, демалыста және т.б. жерлерде қолданылатын белгілі тақырыптардағы әдебиеттік нормаларға сәйкес нақты айтылған пікірлердің негізгі ережелерін түсіну
  • 10.1.2 оқумен байланысты күнделікті сұрақтар және тақырыптар туралы қарапайым ақпараттық хабарламалардың негізгі ойын және нақты бөлшектерін айқын және таныс айтылыммен жеткізгендетүсіну
  • 10.1.3 айқын әдеби тілде айтылған жағдайда жалпылама ұзақ жүргізілгенпікірталастың негізгі сәттерін бақылап отыру
  • 10.1.4 баяндама пәні таныс, ал баяндаманың өзі қарапайым және нақты құрылымды болған жағдайда оқу тақырыбына байланысты дәріс немесе әңгімені түсіну
  • 10.1.5 баяу, нақты нормативті айтылғанжағдайда таныс тақырыптардағы қысқа қарапайым әңгімелерді жалпы түрде түсіну
  • 10.1.6 қарапайым техникалық ақпаратты түсіну, мысалы, күнделікті қолданылатын құрылғыларды пайдалану ережелері
  • 10.1.7 радио арқылы берілген ақпаратмәліметтерінің негізгі ойын және таспаға жазылған таныс тақырыптардағы қарапайым мәтіндерді баяу және нақты айтылған жағдайда түсіну
  • 10.1.8 қызықтыратын тақырыптардағы телевидениялық бағдарламалардың басым бөлігін, олар баяу және нақты айтылған жағдайда түсіну, мысалы, сұхбат, қысқа дәрістер

2-бөлім. Айтылым (Productionorale)

  • 10.2.1 өте тез, қарапайым тіл мен өзін қызықтыратын сұрақтардың бірін бір қатар дәйекті тұжырымдамалар ретінде сипаттай білу
  • 10.2.2 таныс, қызықтыратын тақырыптарды, өзінің тәжірибесін, сонымен қатар осы тәжірибеге байланысты өз реакциясын, сезімін қарапайым тілмен сипаттау
  • 10.2.3 дәлелдемелерді ойын қадағалауды қиынға соқпайтындай етіп құру
  • 10.2.4 бір оқиғаның себептерін қысқаша сипаттау және бір мәселені, жоспар және әрекетті шешудің түрлі нұсқалары туралы түсіндірме беру
  • 10.2.5 тұрмыстық және оқу салалары бойынша қысқаша, дайындалған екпін түсіруі мен интонациясына қарамай түсінуге болатын хабарландырулар жасау
  • 10.2.6 басынан бастап ойын толық түсініп отыруға болатын және негізгі ережелері анық түсіндірілген, таныс тақырып бойынша алдын-ала дайындалған қарапайым баяндама әзірлеу
  • 10.2.7 өзінің баяндамасы бойынша бірқатар сұрақтарға жауап беру, егер сұрақ жылдам айтылған жағдайда сұрақтықайта-қайта қайталауды өтіну
  • 10.2.8 өз тәжірибесіне деген сезімі мен реакциясын қарапайым байланысқан мәтін ретінде құрастыра отырып өз тәжірибесін сипаттау

3-бөлім. Оқылым (Compréhension des écrits)

  • 10.3.1 қызықтыратын тақырыптағы нақты мәліметтері бар қарапайым мәтіндерді оқу және оны жеткілікті деңгейде түсіну
  • 10.3.2 бір-бірімен тұрақты жеке хат жазысу барысында мүмкіндік беру шегінде сипатталған оқиғалар, сезімдер мен тілектердің сипаттамасын түсіну
  • 10.3.3 қажетті ақпаратты табу үшін көлемді мәтінді қарастыру, сонымен қатар нақты тапсырманы орындау үшін мәтіннің әр бөлігінен ақпаратты жинау
  • 10.3.4 күнделікті жазбаша материалдан өзекті мәселені табу және түсіну, мысалы, хаттардан, брошюралардан және қысқаша ресми құжаттардан
  • 10.3.5 белгілі бір көзқарасты дәлелдеуге бағытталған мәтіндердегі негізгі қорытынды ойларды түсіну
  • 10.3.6 таныс тақырыптағы газет мақаласының негізгі тұжырымдамасын анықтау
  • 10.3.7 қарапайым тілде жазылған ережелерді түсіну, мысалы қауіпсіздік ережелері
  • 10.3.8 мағанасын тексеру және түсінікті кеңейту үшін кейбір таныс емес қағаз және цифрлы ресурстарды қолдану
  • 10.3.9 жалпы және оқу тақырыптары бойынша қысқа мәтіндерде келтірілген аргументтердегі сәйкессіздіктерді анқытау

4-бөлім. Жазылым (Production écrite)

  • 10.4.1 жекелеген қысқа элементтерін бір жерге жиақтап қызықты сұрақтарымен және көп таныстар тобына сәйкес қарапайым байланысқан мәтін жазу
  • 10.4.2 қызықты, таныс сұрақтар бойынша қарапайым, нақты сипаттама жасау
  • 10.4.3 қызықтыратын тақырып бойынша қарапайым қысқа эссе жазу
  • 10.4.4 жеке хат, жазбахат, нені негізгі санайтынын айтып ақпарат сұрап хат жазу
  • 10.4.5 өз сезімдері мен оған әсері туралы өз тәжірибесін сипаттайтын хат жазу
  • 10.4.6 проблеманы айқындайтын, түсіндіретін, сұрақ келтірілген хабарлама жазу
  • 10.4.7 қызықты тақырып туралы ауызша айтып тұруы бойынша кейін қолдануға болатын нақты жазбахат жазады
  • 10.4.8 мәтін құрылымын тұжырымдауды пайдаланып қысқаша хаттардан үзінділерді қайта қарапайым тілмен жазу
  • 10.4.9 тарихи оқиғаны жазбаша айтып шығу

5-бөлім. Француз тілін қолдану (Utilisationdelalangue)

  • 10.5.1 таныс, жалпы және оқу тақырыптары, сонымен қатар таныс емес тақырыптар бойынша абстрактілі құрамды зат есімді және күрделі атаулық топтарды қолдану
  • 10.5.2 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша саналатын және саналмайтын зат есімдер үшін түрлі сандық сын есімдерді қолдану
  • 10.5.3 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша есімшелер және шырайлар ретінде түрлі күрделі сын есімдерді және жай сын есімдерді қолдану
  • 10.5.4 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша предетерминатив рөлінде синонимдерді, антонимдерді және басқа да қызметтік сөздерді қолдану
  • 10.5.5 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша етістіктің түрлі уақыттық және модальды түрлерін қамтитын сұрақтарды қолдану
  • 10.5.6 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша есімдікті, onбелгісіз есімдігімен және сандық есімдіктермен бірге қолдану
  • 10.5.7 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша жай аяқталған формасының әртүрімен бірге мезгіл пысықтауыш және мекен пысықтауышты қолдану
  • 10.5.8 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша ырықсыз етіспен бірге келер шақ түрлерін қолдану
  • 10.5.9 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша белсенді және ырықсыз осы және өткен қарапайым формалары түрлерін түрлендіріп және сипаттама және төлеу сөзде соңғы аяқталған формасын қолдану
  • 10.5.10 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша осы үздіксіз шақты және өткен үздіксіз шақ түрлерін, соның ішінде үздіксіз өсетін ырықсыз форма түрлерін қолдану
  • 10.5.11 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша өтініш, сұрақтар мен команда үшін оның ішінде жанама және жапсарлас сұрақтарда ұсынылған тілдік нормаларды артығымен түрлендіріп қолдану
  • 10.5.12 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойыншаүстеу құрылымын дұрыс және дұрыс емес үстеулермен салыстырмалы деңгейде артығымен түрлендіріп қолдану, алдын ала вербальді түрде қолдану
  • 10.5.13 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойыншаөтініш және сын білдіру үшін осы және өткен шақты білдірумен әр түрлі модальды формаларды қолдану
  • 10.5.14 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша зат есім мен сын есімнің алдында және географиялық атаулардың алдында көмекші сөздерді қолдану
  • 10.5.15 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша етістік пен сын есімнен кейін инфинитив түрін қолдану, етістіктен туған зат есім түрін қолдану, шартты рай түрлерін қолдану және фразалық етістіктерді қолдана бастау
  • 10.5.16 таныс жалпы және оқу тақырыптарды түсіндіргенде SI шартты бағыныңқымен бірге түрлі жалғаулықтарды қолдану
  • 10.5.17 таныс жалпы және оқу тақырыптар бойынша қарым-қатынас процесінде етістіктің ашық рай және шартты райын белсендендіру

Ұзақ мерзімді жоспар

Бағдарламада бұл сыныпқа ұзақ мерзімді жоспар жоқ.

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.