Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Француз тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 6‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Оқу мақсаттары

6‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тыңдалым (Compréhension de l’oral)

  • 6.1.1 тақырып бойынша жиі қолданылатын сөздерді және жекелеген фразаларды түсіну
  • 6.1.2 қолдаумен биографиялық сипаттағы ақпарат сұралған күрделілеу сұрақтарды түсіну
  • 6.1.3 кең ауқымдағы жалпы және оқу тақырыптары бойынша күрделілеу сұрақтарды қолдаумен түсіну
  • 6.1.4 ұзақ әңгімелесу барысында жалпы және оқу тақырыптары бойынша негізгі ақпаратты шектеулі қолдаумен түсіну
  • 6.1.5 ұзақ әңгімелесу барысында жалпы және оқу тақырыптары бойынша айырықша ақпараттың едәуір бөлігін және детальдарын қолдаумен түсіну
  • 6.1.6 ұзақ әңгімелесу мәнмәтіннен жалпы және оқу тақырыптарының көбі бойынша мағынаны қолдаумен анықтау
  • 6.1.7 шектеулі жалпы және оқу тақырыптары бойынша ұзақ әңгімелесу барысында сөйлеушінің/сөйлеушілердің пікірін қолдаумен анықтау
  • 6.1.8 қолдаумен жалпы және оқу тақырыптарының көбі бойынша ұзақ әңгімелерді, оның ішінде ұзақ әңгімелесуді түсіну

2-бөлім. Aйтылым (Production orale)

  • 6.2.1 жалпы тақырыптардың көбі бойынша пікірталастарда өзі және басқалар туралы негізгі ақпаратты беру
  • 6.2.2 жалпы тақырыптардың көбі бойынша ақпарат алу үшін қарапайым сұрақтар қою, қысқа әңгімені қолдау
  • 6.2.3 әртүрлі жалпы және оқу тақырыптары бойынша талдау элементтері бар сөйлем деңгейінде өз пікірін айту
  • 6.2.4 әртүрлі жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде талдау элементтері бар жай сөйлемдерді қолданып, кейбір пікірлерге икемді жауап қайтару
  • 6.2.5 жалпы және оқу тақырыптарының көбінің шеңберінде ұзақ әңгімелесу барысында өзара қарым-қаныс жасап көру
  • 6.2.6 пікірталас, жұппен, топпен және сыныппен жұмыс істеу барысында өз ойын сөйлем деңгейінде нақты және анық жеткізу
  • 6.2.7 кейбір жалпы және оқу тақырыптары шеңберінде арнайы лексиканы және синтаксисті қолдану
  • 6.2.8 кейбір жалпы және оқу тақырыптарындағы ұзақтау әңгімелер мен оқиғалардың мазмұнын айту

3-бөлім. Оқылым (Compréhension des écrits)

  • 6.3.1 жалпы және оқу тақырыптары бойынша шағын, қарапайым мәтіндердегі негізгі ойды түсіну
  • 6.3.2 кейбір жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі шағын, қарапайым мәтіндердегі арнайы ақпаратты және бөліктеріндегі негізгі ойды өздігінен түсіну
  • 6.3.3 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі мәтіндерде келтірілген дәлелдерді, сонымен қатар көлемді мәтіндерді егжей-тегжейлі түсіну
  • 6.3.4 көркем әдебиеттен кейбір шағын, қарапайым мәтіндерді өздігінен оқу
  • 6.3.5 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі мәтіндердің, сонымен қатар көлемді мәтіндердің мәнмәтінінен мағынаны анықтау
  • 6.3.6 жалпы және оқу тақырыптары шеңберіндегі қысқа мәтіндердің көбіне автордың көзқарасыннемесе пікірін анықтау
  • 6.3.7 көптеген жазылған жанрлар шеңберінде сөздердің, сөйлемдердің және мәтіндердің ерекше сипаттарын анықтау
  • 6.3.8 мағынасын тексеру және түсіну аясын кеңейту үшін таныс қағаз және цифрлық ресурстарды өздігінен пайдалану
  • 6.3.9 кез келген жалпы және оқу тақырыптары бойынша шағын, қарапайым мәтіндердегі фактілер мен пікірлердің арасындағы айырмашылықтын анықтау

4-бөлім. Жазылым (Production écritе)

  • 6.4.1 әртүрлі жалпы және оқу тақырыптары бойынша мәтін деңгейінде жұмыстарды қолдаумен жоспарлау, жазу, оқып шығу, түзету
  • 6.4.2 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша шынайы, ойдан шығарылған оқиғалар, әрекетер немесе өзінің тәжірибесі туралы қолдаумен жазу
  • 6.4.3 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша қолдаумен жеке сезім, көзқарас туралы жазу
  • 6.4.4 жеке ақпарат беру үшін қолдау арқылы ұзын сөйлемдерді абзацпен дәйектеп жазу
  • 6.4.5 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша қолдаумен мысалдар және негіздемелер келтіре отырып, дәлелдерді пайдалану
  • 6.4.6 әртүрлі таныс жалпы тақырыптар бойынша базалық байланыстыру сөздерінің көмегі арқылы аздаған қолдаумен сөйлемдерді абзацқа қисынды біріктіру
  • 6.4.7 таныс жалпы және кейбір оқу тақырыптары бойынша әртүрлі жазбаша жанрларға сәйкес мәтін деңгейіндегі форматты аздаған қолдаумен пайдалану
  • 6.4.8 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптарында жиі қолданылатын сөздерді дұрыс жазу
  • 6.4.9 кейбір таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша орташа сауатты мәтін деңгейіндегі жазба жұмыстарға тыныс белгілерін дұрыс қолдану

5-бөлім. Тілдік бағдар. (Utilisation de la langue)

  • 6.5.1 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша мекен және мезгілді сипаттайтын кейбір дерексіз зат есімдер мен күрделі есімді фразаларды қолдану
  • 6.5.2 trop/тро, très/, трэ сөздерін таныс жалпы және оқу тақырыптарында кеңінен қолдану
  • 6.5.3 зат есімнің алдында және одан кейін бір буынды және екі буынды дара сын есімдерді қолдану
  • 6.5.4 таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша әртүрлі сілтеу мағынасындағы сөздерді қолдану. Зат есімдердің алдында артикльдер қолданылмайтын жайларды білу
  • 6.5.5 таныс жалпы және оқу тақырыптарында шақ формаларындағы сұрақтарды қолдану
  • 6.5.6 көптеген жалпы және оқу тақырыптарында негізгі жіктеу және сілтеу есімдіктерін қолдану
  • 6.5.7 шектеулі таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша белгісіз және аяқталмаған іс-әрекетті білдіретін дара өткен шақ формаларын қолдану
  • 6.5.8 өрісі кеңейген таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша ұсыныстар жасау, уәде беру және болжам жасау үшін етістіктің келер шақ формаларын қолдану
  • 6.5.9 өрісі кеңейген таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша көптеген осы және өткен шақтардың дара активті және кейбір пассивті формаларын сәйкесінше қолдану
  • 6.5.10 шектеулі таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша үздіксіз осы шақ және аяқталмаған өткен шақ формаларын кейбір өткен шақ формасын жасау үшін қолдану
  • 6.5.11 көптеген таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша устеулердің сан-алуан түрлерін, жай және салыстырмалы формаларын қолдану
  • 6.5.12 әртүрлі таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша заттарды және мезгілді сипаттау үшін предлогтарды қолдану, бағыт мағыналы à gauche/а à droite/а tout droit предлогтарын қолдану
  • 6.5.13 кең спектрдегі таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша шағын мәтіндердегі сөйлемдердің бөліктерін байланыстыру үшін ou жалғаулығын қолдану
  • 6.5.14 жеке және таныс тақырыптар бойынша іс-әрекеттер туралы осы және өткен шақ түрлерінде айту үшін болымсыз мағына беретін ne … rien/ тіркесін қолдану
  • 6.5.15 осы шақта ауа райы жағдайы туралы айту үшін il fait/ жақсыз орамдарын қолдану
  • 6.5.16 осы шақта болжам жасау, әдепті түрде өтініш, күмән білдіру үшін осы шақтағы шартты рай формасын қолдану
  • 6.5.17 өтініш білдіру, тілек айту, кеңес беру үшін бұйрық райды қолдану

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1. Мектеп өмірі 1.1 Күнделікті істерім 1.2 Жыл мезгілдері

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым 6.1.1, 6.1.2, 6.1.3, 6.1.4, 6.1.5, 6.1.7
Айтылым 6.2.1, 6.2.2, 6.2.3, 6.2.7, 6.2.8
Оқылым 6.3.1, 6.3.2, 6.3.4, 6.3.7, 6.3.8, 6.3.9
Жазылым 6.4.1, 6.4.2, 6.4.3, 6.4.6, 6.4.8, 6.4.9
Тілді қолдану 6.5.1, 6.5.2, 6.5.8, 6.5.9, 6.5.14, 6.5.17

2-тоқсан

2. Адам. Отбасы. Үй 2.1 Баспана 2.2 Менің қалам

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым 6.1.1, 6.1.3, 6.1.4, 6.1.6, 6.1.7, 6.1.8
Айтылым 6.2.3, 6.2.6, 6.2.7, 6.2.8
Оқылым 6.3.1, 6.3.2, 6.3.4, 6.3.6, 6.3.7
Жазылым 6.4.1, 6.4.2, 6.4.3, 6.4.4, 6.4.7, 6.4.8
Тілді қолдану 6.5.1, 6.5.2, 6.5.3, 6.5.5, 6.5.7, 6.5.10, 6.5.11, 6.5.12

3-тоқсан

3. Тіл және мәдениет 3.1. Мерекелер. Ұлттық тағамдар 3.2 Тағам

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым 6.1.1, 6.1.4, 6.1.5, 6.1.6
Айтылым 6.2.2, 6.2.3, 6.2.7, 6.2.8
Оқылым 6.3.2, 6.3.4, 6.3.5, 6.3.7, 6.3.8
Жазылым 6.4.1, 6.4.2, 6.4.3, 6.4.4, 6.4.6, 6.4.7, 6.4.8
Тілді қолдану 6.5.1, 6.5.3, 6.5.5, 6.5.7, 6.5.11, 6.5.15, 6.5.16, 6.5.17

4-тоқсан

4. Салауатты өмір салты 4.1 Дене 4.2 Сыртқы келбет

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым 6.1.1, 6.1.5
Айтылым 6.2.2, 6.2.4, 6.2.5, 6.2.7, 6.2.8
Оқылым 6.3.2, 6.3.3, 6.3.7
Жазылым 6.4.2, 6.4.3, 6.4.4, 6.4.5, 6.4.7, 6.4.8
Тілді қолдану 6.5.4, 6.5.5, 6.5.6, 6.5.10, 6.5.11, 6.5.13, 6.5.15, 6.5.16, 6.5.17
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 6-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.