Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Дүниетану пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 4‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

4‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Мен және қоғам

1.1 Мен және менің отбасым

  • 4.1.1.1 отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу
  • 4.1.1.2 отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау
  • 4.1.1.3 отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдау
  • 4.1.1.4 отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсыну

1.2 Мектеп және мектеп қауымдасты ғы

  • 4.1.2.1 мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдарын түсіндіру
  • 4.1.2.2 оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтау

1.3 Менің атамекенім

  • 4.1.3.1 түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (аймақ, аудан, облыс) ажырату
  • 4.1.3.2 түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама беру

1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

  • 4.1.4.1 спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептерін зерттеу
  • 4.1.4.2 спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қаупін азайту және алдын алу әдістерін ұсыну
  • 4.1.4.3 түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау
  • 4.1.4.4 жасанды ортадағы өз қауіпсіздігін жоспарлау

1.5 Құқық және міндет

  • 4.1.5.1 Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытындылар жасау
  • 4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретінде демократиялық құқықтары, бостандықтары, міндеттерінен мысалдар келтіру

1.6 Мерекелер

  • 4.1.6.1 зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстыру

2-бөлім. Елімнің табиғаты

2.1 Жергілікті жерде бағдарлау

  • 4.2.1.1 нысанның басқа нысандарға қатысты орнын анықтау
  • 4.2.1.2 глобус пен карталардың қолдану аясын, олардан негізгі нысандарды көрсете білу
  • 4.2.1.3 глобус пен картадан параллельдерді, меридиандарды,экваторды көрсете білу

2.2 Климат және ауа райы

  • 4.2.2.1 адамзат дамуына климаттың әсерін талдау

2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері

  • 4.2.3.1 өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау
  • 4.2.3.2 зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындауы ықтималдылығын болжау

2.4 Туризм

  • 4.2.4.1 ақпараттың қолжетімді көздерін (интернет, кітаптар, БАҚ) пайдалана отырып, Қазақстан мен Астана бойынша туристік маршрут құру

3-бөлім. Тарих беттерінен

3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер

  • 4.3.1.1 түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресті анықтау
  • 4.3.1.2 тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру
  • 4.3.1.3 мұражайдың өзіндік жобасын ұсыну

3.2 Қазақстан ның тарихи тамыры

  • 4.3.2.1 түрлі дереккөздер негізінде қазақ халқының шығу тарихын түсіндіру
  • 4.3.2.2 сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар арасындағы байланысты графикалық түрде бейнелеу

3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар

  • 4.3.3.1 Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру

3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері

  • 4.3.4.1 шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндық мәліметтеріне сүйене отырып, елімізге сіңірген еңбегі туралы қорытынды жасау

3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм

  • 4.3.5.1 зерттеулер негізінде "Қазақстан" атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну
  • 4.3.5.2 Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлін анықтау

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1 Менің Отаным – Қазақстан

Тақырып Оқу мақсаттары
1.3 Менің атамекенім 4.1.3.1, 4.1.3.2
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері 4.2.3.1

2 Құндылықтар

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Мен және менің отбасым 4.1.1.1, 4.1.1.2, 4.1.1.3, 4.1.1.4
1.5 Құқық және міндет 4.1.2.1, 4.1.2.2, 4.1.5.1, 4.1.5.2

2-тоқсан

3 Мәдени мұра

Тақырып Оқу мақсаттары
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары 4.3.2.1, 4.3.2.2
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер 4.3.1.1
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар 4.3.3.1
3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері 4.3.4.1
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер 4.3.1.2, 4.3.1.3

4 Мамандықтар әлемі

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Мен және менің отбасым 4.1.1.2
1.6 Мерекелер 4.1.6.1
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері 4.2.3.1
1.3 Менің атамекенім 4.1.3.2
3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері 4.3.4.1
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер 4.3.1.1
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар 4.3.3.1
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік 4.1.4.1, 4.1.4.2

3-тоқсан

5 Табиғат құбылыстары

Тақырып Оқу мақсаттары
2.2 Климат және ауа-райы 4.2.2.1
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері 4.2.3.1, 4.2.3.2
1.4 Денсаулық және қауіпсіздік 4.1.4.3, 4.1.4.4
2.1 Жергілікті жерде бағдарлану 4.2.1.1

6 Қоршаған ортаны қорғау

Тақырып Оқу мақсаттары
2.2 Климат және ауа-райы 4.2.2.1
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері 4.2.3.1, 4.2.3.2
2.1 Жергілікті жерде бағдарлану 4.2.1.1, 4.2.1.2, 4.2.1.3

4-тоқсан

7 Ғарышқа саяхат

Тақырып Оқу мақсаттары
1.6 Мерекелер 4.1.6.1
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар 4.3.3.1
3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері 4.3.4.1
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм 4.3.5.2, 4.1.5.2
1.4 Денсаулық және қауіпсіздік 4.1.4.3, 4.1.4.4

8 Болашаққа саяхат

Тақырып Оқу мақсаттары
1.3 Менің атамекенім 4.1.3.2
2.4 Туризм 4.2.4.1
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер 4.3.1.1
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм 4.3.5.1
1.6 Мерекелер 4.1.6.1
1.5 Құқық және міндет 4.1.5.1, 4.1.5.2

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.