Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат
Оқу мақсаттары
1‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Мен және қоғам
1.1 Мен және менің отбасым
- 1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттеу негізінде Отбасы" ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру
- 1.1.1.2 отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау
- 1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтіру
- 1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру
- 1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау
1.2 Мектеп және мектеп қауымдасты ғы
- 1.1.2.1 мектептің адам өміріндегі маңызын түсіндіру
- 1.1.2.2 мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау
- 1.1.2.3 мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру
- 1.1.2.4 күн тәртібін сақтаудың маңызын түсіндіру және күн тәртібін құрастыру
- 1.1.2.5 тәулік уақыты мен апта күндерінің атауларын қолдану
- 1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау
1.3 Менің атамекенім
- 1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау
- 1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
- 1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
- 1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру
- 1.1.4.3 үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру
- 1.1.4.4 жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белгілерінің мәнін түсіндіру
- 1.1.4.5 үй мен мектеп арасындағы қауіпсіз маршрут жоспарын құрастыру
- 1.1.4.6 шұғыл көмек қызметтерін білу және олармен хабарласу жағдайларын анықтау
1.6 Мерекелер
- 1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау
2-бөлім. Елімнің табиғаты
2.1 Жергілікті жерде бағдарлау
- 1.2.1.1 жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау
- 1.2.1.2 табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру
2.2 Климат және ауа райы
- 1.2.2.1 ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
- 1.2.3.1 жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау
2.4 Туризм
3-бөлім. Тарих беттерінен
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
- 1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу
- 1.3.1.2 ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштері/ жәдігерлері туралы әңгімелеу
3.2 Қазақстан ның тарихи тамыры
- 1.3.2.1 көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
- 1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазулар туралы баяндау
- 1.3.3.2 түрлі материалдарды, әдістермен құралдарды пайдалана отырып, көне жазуларды бейнелеу
3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
- 1.3.4.1 дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелеу
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
1 Өзім туралы
2 Менің мектебім
2-тоқсан
3 Менің отбасым және достарым
4 Бізді қоршаған әлем
3-тоқсан
5 Саяхат
6 Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 3.2 Қазақстанның тарихи тамыры | 1.3.2.1 |
| 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм | 1.3.5.2, 1.3.5.1 |
| 3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар | 1.3.3.1, 1.3.3.2 |
| 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер | 1.3.1.2 |
| 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм | 1.3.5.3 |
4-тоқсан
7 Тағам мен сусын
8 Дені саудың жаны сау
Басқа сыныптар
- Дүниетану, 1-сынып
- Дүниетану, 2-сынып
- Дүниетану, 3-сынып
- Дүниетану, 4-сынып