Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
2‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Мен және қоғам
1.1 Мен және менің отбасым
- 2.1.1.1 отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау
- 2.1.1.2 мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру
- 2.1.1.3 түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау
- 2.1.1.4 бақылау мен сауалнама негізінде тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың түсу көзін анықтау
1.2 Мектеп және мектеп қауымдасты ғы
- 2.1.2.1 мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру
- 2.1.2.2 мектеп қауымдастығының құрылымын және мүшелерінің қызметін анықтау
- 2.1.2.3 мектеп қауымдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіру
- 2.1.2.4 өз сыныбының ұжымын сипаттау
1.3 Менің атамекенім
- 2.1.3.1 өз зерттеулеріне сүйене отырып, өлкесінің көрікті жерлерін сипаттау және бейнелеу
- 2.1.3.2 Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, қалаларды, жолдарды, өз облысын көрсету
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
- 2.1.4.1 түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау
- 2.1.4.2 күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орын дарда) қауіпсіздік ережелерін түсіндіру
- 2.1.4.3 көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату
- 2.1.4.4 қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру
1.5 Құқық және міндет
- 2.1.5.1 өз өмірінен мысалдар келтіру негізінде құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажырату
- 2.1.5.2 қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңызын түсіндіру
1.6 Мерекелер
- 2.1.6.1 таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелерінің мәнін түсіндіру
2-бөлім. Елімнің табиғаты
2.1 Жергілікті жерде бағдарлау
- 2.2.1.1 тұсбағдардың көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау
2.2 Климат және ауа райы
- 2.2.2.1 ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
- 2.2.3.1 ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық маңызын анықтау
- 2.2.3.2 өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) оң және кері тұстарын талдау
- 2.2.3.3 табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын жіктеу
2.4 Туризм
- 2.2.4.1 туризмнің негізгі түрлерін ажырату
- 2.2.4.2 зерттеу негізінде Қазақстанда туризмнің түрлерін дамытуға қолайлы нысандарды анықтау
- 2.2.4.3 туристік нысандардың ерекшеліктерін сипаттау
3-бөлім. Тарих беттерінен
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
- 2.3.1.1 көрнекі материалдар негізінде иемденуші және өндіруші шаруашылық арасындағы айырмашылықты анықтау
- 2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау
3.2 Қазақстан ның тарихи тамыры
- 2.3.2.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ғұндардың өмір салтын сипаттау
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
- 2.3.3.1 Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау
3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
- 2.3.4.1 әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
1 Өзім туралы
2 Менің отбасым және достарым
2-тоқсан
3 Менің мектебім
4 Менің туған елім
3-тоқсан
5 Дені саудың жаны сау
6 Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
4-тоқсан
7 Қоршаған орта
8 Саяхат
Басқа сыныптар
- Дүниетану, 1-сынып
- Дүниетану, 2-сынып
- Дүниетану, 3-сынып
- Дүниетану, 4-сынып