Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Дүниетану пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 3‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

3‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Мен және қоғам

1.1 Мен және менің отбасым

  • 3.1.1.1 отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру
  • 3.1.1.2 әулет шежіресін құрастыру
  • 3.1.1.3 өз әулетінің құндылықтарын анықтау
  • 3.1.1.4 өз шығындарын жоспарлау және негіздеу
  • 3.1.1.5 өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну

1.2 Мектеп және мектеп қауымдасты ғы

  • 3.1.2.1 сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын ұсыну
  • 3.1.2.2 түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру
  • 3.1.2.3 қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру
  • 3.1.2.4 өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдеу

1.3 Менің атамекенім

  • 3.1.3.1 елді мекендерді түрлі белгілері бойынша ажырату (типі, көлемі, қызметі)
  • 3.1.3.2 қала мен ауылдың байланысын зерттеу, мысалдар келтіру

1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

  • 3.1.4.1 тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелерін графикалық түрде көрсету
  • 3.1.4.2 спорт түрлерін топтастыру, спорт тың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау
  • 3.1.4.3 түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау
  • 3.1.4.4 табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлау

1.5 Құқық және міндет

  • 3.1.5.1 Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын түсіндіру

1.6 Мерекелер

  • 3.1.6.1 зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін шығармашылық түрде ұсыну

2-бөлім. Елімнің табиғаты

2.1 Жергілікті жерде бағдарлау

  • 3.2.1.1 астрономиялық белгілер бойынша көкжиек бағыттарын анықтау
  • 3.2.1.2 масштаб пен шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің жоспарын құру

2.2 Климат және ауа райы

  • 3.2.2.1 Жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтау
  • 3.2.2.2 ауа райы мен климаттың қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру

2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері

  • 3.2.3.1 адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
  • 3.2.3.2 геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін- өзі ұстау ережелерін құрастыру

2.4 Туризм

  • 3.2.4.1 Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандарының рейтингін жасау

3-бөлім. Тарих беттерінен

3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер

  • 3.3.1.1 көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктерін түсіндіру
  • 3.3.1.2 тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру

3.2 Қазақстан ның тарихи тамыры

  • 3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын анықтау

3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар

  • 3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру

3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері

  • 3.3.4.1 тарихи мысалдар негізінде хандар, батырлар мен билердің рөлін түсіндіру
  • 3.3.4.2 тарихи мысалдар негізінде қазақ халқының азаттығы үшін күрескен тұлғалардың рөлін шығармашылық түрде көрсету

3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм

  • 3.3.5.1 Қазақстанның бейресми рәміздерінің мәнін түсіндіру ("Алтын адам", "Бәйтерек" монументі, "Мәңгілік Ел" қақпасы)
  • 3.3.5.2 тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1 Жанды табиғат

Тақырып Оқу мақсаттары
2.2 Климат және ауа-райы 3.2.2.1
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері 3.2.3.1
2.2 Климат және ауа-райы 3.2.2.2
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері 3.2.3.2
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік 3.1.4.3, 3.1.4.4

2 Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Мен және менің отбасым 3.1.1.3
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм 3.3.5.2
1.1 Мен және менің отбасым 3.1.1.4, 3.1.1.5
1.2 Мектеп және мектеп қауымдастығы 3.1.2.3, 3.1.2.4, 3.1.2.1, 3.1.2.2
1.5 Құқық және міндет 3.1.5.1

2-тоқсан

3 Уақыт

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Мен және менің отбасым 3.1.1.1, 3.1.1.2
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік 3.1.4.2
1.6 Мерекелер 3.1.6.1
2.2 Климат және ауа-райы 3.2.2.2
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер 3.3.1.1, 3.3.1.2
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары 3.3.2.1

4 Сәулет өнері

Тақырып Оқу мақсаттары
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері 3.2.3.1
1.3 Менің атамекенім 3.1.3.1
2.4 Туризм 3.1.3.2, 3.2.4.1
2.1 Жергілікті жерде бағдарлану 3.2.1.2, 3.2.1.1

3-тоқсан

5 Өнер

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Мен және менің отбасым 3.1.1.3
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік 3.1.4.1
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм 3.3.5.1
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары 3.3.2.1
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер 3.3.1.2

6 Атақты тұлғалар

Тақырып Оқу мақсаттары
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары 3.3.2.1
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар 3.3.3.1
3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері 3.3.4.1, 3.3.4.2

4-тоқсан

7 Су – тіршілік көзі

Тақырып Оқу мақсаттары
2.2 Климат және ауа-райы 3.2.2.1
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері 3.2.3.1
2.4 Туризм 3.2.4.1
2.2 Климат және ауа-райы 3.2.2.2
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері 3.2.3.2
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік 3.1.4.3, 3.1.4.4

8 Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Мен және менің отбасым 3.1.1.3
1.2 Мектеп және мектеп қауымдастығы 3.1.2.3
1.6 Мерекелер 3.1.6.1
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер 3.3.1.2
1.1 Мен және менің отбасым 3.1.1.4, 3.1.1.5
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік 3.1.4.2

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.