Оқу бағдарламалары
Әдебиеттік оқу пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 2‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
2‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
Бөлімсіз
- 2.1.1.1 мазмұн туралы қарапайым сұрақтарға жауап беру
- 2.1.2.1 мәтіннің мазмұнын еркін әңгімелеу немесе дайын жоспар, көрініс бойынша қайта қарау
- 2.1.3.1 шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне бастапқы бөліміне сүйеніп, оқиғаның соңын болжау
- 2.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану (мұғалімнің көмегімен)
- 2.1.5.1 ақпаратты қабылдау кезінде алынған идеяларын, сезімдерін, ойларын түсіндіру үшін сілтеме сөздерді қолданып, өтініш жасау
- 2.2.1.1 дауыстап дұрыс, саналы түрде анық, рөлдерге бөліп оқу
- 2.2.1.2 қажетті ақпараттарды белгілеп, шығарманы іштей оқу
- 2.2.2.1 әдебиеттану мазмұны бойынша қарапайым, түсінікті, сұрақтарды мұғалімнің көмегімен қалыптастыруға және ұқсас сұрақтарға жауап беруге, мәтін жолдарынан жауаптарды табу
- 2.2.3.1 автордың негізгі ойын, не айтқысы келетінін анықтау және оқырмандарды қалай сендіргісі келетінін түсіну
- 2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
- 2.2.5.1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау
- 2.2.6.1 мұғалімнің көмегімен эпитеттерді табуға және рөлін анықтау, даралау, оларды салыстыру
- 2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен бас кейіпкердің ерлігі бойынша әрекеттеріндегі өзгерістерді анықтау
- 2.2.7.2 мұғалімнің көмегімен эпизодта, суреттерде, мультфильмдерде, бейнелеу өнерінің туындысын салыстыру
- 2.2.8.1 мұғалімнің көмегімен жинақтардан, анықтамалық материалдардан,қосымша ақпаратты алып, ұсынылған кесте үлгісінде салыстыру
- 2.3.1.1 мұғалімнің көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру
- 2.3.3.1 мұғалімнің көмегімен сурет, қолданбалы, бағдарламалар, фотосуреттер арқылы шығармашылық жұмыстар жазу
- 2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен лексикалық және стилистикалық дәлсіздіктер, қателіктермен жұмыс жүргізу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Өзім туралы Менің отбасым және достарым
2-тоқсан
Менің мектебім
3-тоқсан
Дені саудың жаны сау
4-тоқсан
Қоршаған орта Саяхат
Басқа сыныптар
- Әдебиеттік оқу, 2-сынып
- Әдебиеттік оқу, 3-сынып
- Әдебиеттік оқу, 4-сынып