Оқу бағдарламалары
Әдебиеттік оқу пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 4‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
4‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну
- 4.1.1.1 шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау
- 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру
1.4 Тыңдарманның назарын аударту
- 4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
- 4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау
1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру
- 4.1.5.1 өз ойы мен сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру
2-бөлім. Оқылым
2.1 Оқу түрлерін қолдану
- 4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу
2.2 Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
- 4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
2.3 Шығарманың тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау
- 4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау
- 4.2.4.1 аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
2.5 Шығарманың композициясын анықтау
- 4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау
2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
- 4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау
2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау
- 4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану
- 4.2.7.2 көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру
- 4.2.8.1 эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру
3-бөлім. Жазылым
3.1 Шығарманың жоспарын құру
- 4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу
- 4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну
- 4.3.3.1 шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, презентация түрінде ұсыну
3.4 Қатені табу және түзету
- 4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
1. Менің Отаным – Қазақстан 2. Құндылықтар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну | 4.1.1.1 |
| 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау | 4.1.3.1 |
| 1.4 Тыңдарманның назарын аударту | 4.1.4.2 |
| 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру | 4.1.5.1 |
| 2.1 Оқу түрлерін қолдану | 4.2.1.1 |
| 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру | 4.2.2.1 |
| 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау | 4.2.3.1 |
| 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау | 4.2.4.1 |
| 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау | 4.2.6.1 |
| 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау | 4.2.7.1 |
| 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру | 4.2.7.2 |
| 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу | |
| 3.1 Шығарманың жоспарын құру | 4.3.1.1 |
| 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу | 4.3.2.1 |
| 3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну | 4.3.3.1 |
| 3.4 Қатені табу және түзету | 4.3.4.1 |
2-тоқсан
3. Мәдени мұра 4. Мамандықтар әлемі
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 1.2 Шығарманы мазмұндау | |
| 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау | 4.1.3.1 |
| 1.4 Тыңдарманның назарын аударту | 4.1.4.1, 4.1.4.2 |
| 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру | 4.1.5.1 |
| 2.1 Оқу түрлерін қолдану | |
| 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру | 4.2.2.1 |
| 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау тақырыбы мен негізгі ойын анықтау | 4.2.3.1 |
| 2.5 Шығарманың композициясын анықтау | 4.2.5.1 |
| 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау | 4.2.6.1 |
| 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау | 4.2.7.1 |
| 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру | 4.2.8.1 |
| 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу | |
| 3.1 Шығарманың жоспарын құру | 4.3.1.1 |
| 3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну | 4.3.3.1 |
| 3. 4 Қатені табу және түзету | 4.3.4.1 |
3-тоқсан
5. Табиғат құбылыстары 6. Қоршаған ортаны қорғау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну | 4.1.1.1 |
| 1.2 Шығарманы мазмұндау | |
| 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау | 4.1.3.1 |
| 1.4 Тыңдарманның назарын аударту | 4.1.4.1 |
| 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру | 4.1.5.1, 4.1.4.2 |
| 2.1 Оқу түрлерін қолдану | 4.2.1.1 |
| 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру | 4.2.2.1 |
| 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау | 4.2.3.1 |
| 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау | 4.2.4.1 |
| 2.5 Шығарманың композициясын анықтау | 4.2.5.1 |
| 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау | 4.2.6.1 |
| 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау | 4.2.7.1 |
| 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру | 4.2.8.1 |
| 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу | |
| 3.1 Шығарманың жоспарын құру | 4.3.1.1 |
| 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу | 4.3.2.1 |
| 3.4 Қатені табу және түзету | 4.3.4.1 |
4-тоқсан
7. Ғарышқа саяхат 8. Болашаққа саяхат
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 1.2 Шығарманы мазмұндау | |
| 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау | 4.1.3.1 |
| 1.4 Тыңдарманның назарын аударту | 4.1.4.1 |
| 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру | 4.1.5.1 |
| 2.1 Оқу түрлерін қолдану | 4.2.1.1 |
| 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру | 4.2.2.1 |
| 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау тақырыбы мен негізгі ойын анықтау | 4.2.3.1 |
| 2.5 Шығарманың композициясын анықтау | 4.2.5.1 |
| 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау | 4.2.6.1 |
| 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру | 4.2.8.1, 4.2.7.2 |
| 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу | |
| 3.1 Шығарманың жоспарын құру | 4.3.1.1 |
| 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу | 4.3.2.1 |
| 3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну | 4.3.3.1 |
| 3. 4 Қатені табу және түзету | 4.3.4.1 |
Басқа сыныптар
- Әдебиеттік оқу, 2-сынып
- Әдебиеттік оқу, 3-сынып
- Әдебиеттік оқу, 4-сынып