Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Әдебиеттік оқу пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 3‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Оқу мақсаттары

3‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тыңдалым

1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну

  • 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру

1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау

  • 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

1.4 Тыңдарманның назарын аударту

  • 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
  • 3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану

1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру

  • 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

2-бөлім. Оқылым

2.1 Оқу түрлерін қолдану

  • 3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу
  • 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып,сын тұрғысынан бағалап оқу

2.2 Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

  • 3.2.2.1 қолдануға (практикалық) және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

2.3 Шығарманың тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау

  • 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу

2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау

  • 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

2.5 Шығарманың композициясын анықтау

  • 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау

2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау

  • 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау

  • 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдеуіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
  • 3.2.7.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру

2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

  • 3.2.8.1 эпизодтарды салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау

3-бөлім. Жазылым

3.1 Шығарманың жоспарын құру

  • 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну

  • 3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет, сценарий түрінде ұсыну

3.4 Қатені табу және түзету

  • 3.3.4.1 көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1. Жанды табиғат 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 3.1.1.1
1.2 Шығарманы мазмұндау
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 3.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аударту 3.1.4.2
1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру 3.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 3.2.1.1
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 3.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 3.2.3.1
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау 3.2.4.1
2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау 3.2.6.1
2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау 3.2.7.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру 3.2.7.2
2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
3.1 Шығарманың жоспарын құру 3.3.1.1
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну 3.3.3.1
3.4 Қатені табу және түзету 3.3.4.1

2-тоқсан

3. Уақыт 4. Сәулет өнері

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 3.1.1.1
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 3.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аударту 3.1.4.1
1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру 3.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 3.2.1.1, 3.2.1.2
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 3.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 3.2.3.1
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау 3.2.4.1
2.5 Шығарманың композициясын анықтау 3.2.5.1
2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау 3.2.6.1
2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау 3.2.7.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру 3.2.7.2
2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
3.1 Шығарманың жоспарын құру 3.3.1.1
3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу
3.4 Қатені табу және түзету 3.3.4.1

3-тоқсан

5. Өнер 6. Атақты тұлғалар

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Шығарманы мазмұндау
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 3.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аударту 3.1.4.1, 3.1.4.2
1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру 3.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 3.2.1.2
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 3.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау тақырыбы мен негізгі ойын анықтау 3.2.3.1
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау 3.2.4.1
2.5 Шығарманың композициясын анықтау 3.2.5.1
2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау 3.2.6.1
2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау 3.2.7.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру 3.2.8.1
2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
3.1 Шығарманың жоспарын құру 3.3.1.1
3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну 3.3.3.1
3.4 Қатені табу және түзету 3.3.4.1

4-тоқсан

7. Су – тіршілік көзі 8. Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Шығарманы мазмұндау
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 3.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аударту 3.1.4.1, 3.1.4.2
1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру 3.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 3.2.1.2
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 3.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау тақырыбы мен негізгі ойын анықтау 3.2.3.1
2.5 Шығарманың композициясын анықтау 3.2.5.1
2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау 3.2.6.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру 3.2.8.1, 3.2.7.2
2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
3.1 Шығарманың жоспарын құру 3.3.1.1
3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу
3.4 Қатені табу және түзету 3.3.4.1

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.