Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Жаһандық құзыреттер пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып

Бөлімдер мен тақырыптар, сағаттары және күтілетін нәтижелері — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Бұл бағдарламада оқу мақсаттарының кодтары жоқ.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Курс мазмұны

10‑сыныптың бөлімдері мен тақырыптары — бағдарламадағыдай. Сағаттар, нәтижелер мен ескертпелер бағдарлама атаған жерде көрсетілген.

1‑бөлім. Жаһандық құзыреттіліктер

Күтілетін нәтижелер:

  • жаһандық мәселені зерттеу үшін зерттеу тақырыптары мен мақсаттарын анықтау
  • жаһандық мәселелер бойынша көзқарастарды анықтау, сипаттау және сыни салыстыру
  • дәлелге немесе проблемаға қатысты ақпарат пен дәлелдемелерді таңдау
  • баламалы көзқарастарды қарастыру және талқылау
№ Тақырып Сағат
1 Жаһандық құзыреттіліктер дегеніміз не 1
2 Жаһандық құзыреттіліктердің маңыздылығы 1
3 Жаһандық құзыреттіліктерді дамыту жолдары 1
4 Жобалау жұмысы. Дайындық және жоспарлау 1

2‑бөлім. Жергілікті, жаһандық және мәдени маңызы мәселелерді зерттеу

Күтілетін нәтижелер:

  • дәлелге немесе проблемаға қатысты ақпарат пен дәлелдемелерді таңдау
  • дереккөздердің күшті және әлсіз жақтарын бағалау
  • жаһандық мәселе бойынша өз көзқарасыңызды және оның қалай дамығанын сипаттау
  • дәлелдерді, себептер мен мәлімдемелерді растау үшін дәлелдемелерді зерттеу және талдау
№ Тақырып Сағат
1 Жаһандық проблемалардың түрлері 1
2 Әлеуметтік мәселелер 1
3 Әлеуметтік теңсіздік жаһандық проблема ретінде 1
4 Әлеуметтік теңсіздік. Себептері 1
5 Әлеуметтік теңсіздікті жеңу жолдары 1
6 Қақтығыстар. Ұғымы. Түрлері 1
7 Жанжалдарды шешу жолдары 1
8 Экологиялық мәселелер 1
9 Климаттың өзгеруі 1
10 Ауаның ластануы 1
11 Судың ластануы 1
12 Жердің ластануы 1
13 Жобалау жұмысы. Зерттеу 2

3‑бөлім. Әртүрлі дүниетанымдар мен көзқарастарды түсіну және құрметтеу

Күтілетін нәтижелер:

  • жаһандық мәселелер бойынша көзқарастарды анықтау, сипаттау және сыни салыстыру
  • бастапқы және қайталама дереккөздерден дәлелдемелерді жинау, жазу және талдау
  • өз көзқарасын негіздеу үшін себептер мен дәлелдер келтіру
  • дәлелге немесе проблемаға қатысты ақпарат пен дәлелдемелерді таңдау
  • дереккөздерге сілтеме жасау және библиографиялық тізімді дұрыс құру
№ Тақырып Сағат
1 Дүниетанымды түсіну 1
2 Басқа адамның көзқарасын қабылдау мүмкіндігі 1
3 Өзге де мәдениеттерді білдіретін адамдарға құрмет көрсету 1
4 Төзімділік: бір-бірімізді түсінуге үйрену 1
5 Жобалау жұмысы. Зерттеу 2

4‑бөлім. Мәдениеттер арасындағы ашық және тиімді өзара іс-қимылға қатысу

Күтілетін нәтижелер:

  • дәлелдердің, мәлімдемелердің, себептер мен дәлелдемелердің негізгі элементтерін анықтау және бағалау
  • бастапқы және қайталама дәлелдемелердің әртүрлі түрлерінің күшті және әлсіз жақтарын анықтау және бағалау
  • дереккөздерге сілтеме жасау және библиографиялық тізімді дұрыс құру
  • құрылымды сақтай отырып, ақпарат пен дәлелдемелер ұсыну
  • одан әрі зерттеу саласын анықтау (жетілдіруді ұсыну)
№ Тақырып Сағат
1 Мәдени сәйкестікті қалыптастыру 1
2 Өзін, мәдениетін және басқа мәдениеттерді тану және қабылдау 1
3 Әр түрлі мәдениеттердің құндылықтар жүйесі 1
4 Мәдениетаралық коммуникация 1
5 Мәдениетаралық коммуникациядағы стереотиптер 1
6 Жобалау жұмысы. Қорытынды 2

5‑бөлім. Ұжымдық игілікке жәрдемдесу және тұрақты даму

Күтілетін нәтижелер:

  • аргументтің немесе тұжырымның салдарын/ әсерін анықтау және бағалау
  • өз көзқарасын негіздеу үшін себептер мен дәлелдер келтіру
  • презентацияның әртүрлі формаларын қолдана отырып, жаһандық көзқарастарды ұсыну
  • құрылымды сақтай отырып, ақпарат пен дәлелдемелер ұсыну
№ Тақырып Сағат
1 Ұжымдық әл-ауқат пен Тұрақты дамудың маңыздылығы 1
2 Жергілікті, ұлттық және жаһандық бастамаларға белсенді қатысу 1
3 Жаһандық азаматтық 1
4 Жобалау жұмысы 2

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.