Оқу бағдарламалары
Француз тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым
- 11.1.1 кәсіптік салада қолданылатын белгілі тақырыптардағы әдебиеттік нормаларға сәйкес нақты айтылған пікірлердің негізгі ережелерін түсіну
- 11.1.2 кәсіби қызметпен күнделікті сұрақтар және тақырыптар туралы қарапайым ақпараттық хабарламалардың негізгі ойын және нақты бөлшектерін айқын және таныс айтылыммен жеткізгенде түсіну
- 11.1.3 айқын әдеби тілде айтылған жағдайда жалпылама ұзақ жүргізілген пікірталастың негізгі сәттерін бақылап отыру
- 11.1.4 баяндама пәні таныс, ал баяндаманың өзі қарапайым және нақты құрылымды болған жағдайда оқу және кәсіби тақырыпқабайланысты дәріс немесе әңгімені түсіну
- 11.1.5 баяу, нақты нормативті айтылғанжағдайда таныс тақырыптардағы қысқа қарапайым әңгімелерді егжей-тегжейлі түсіну
- 11.1.6 техникалық сипаттағы нақты нұсқаулықтарды түсіну
- 11.1.7 радиодан берілген немесе таспаға жазылған қызықтыратын тақырыптағы ақпараттың басым бөлігін баяу және нақты нормативті айтылған жағдайда түсіну
- 11.1.8 қызықтыратын тақырыптардағы телевидениялық бағдарламалардың басым бөлігін, олар баяу және нақты айтылған жағдайда түсіну, мысалы, сұхбат, қысқа дәрістер,репортаждар
2-бөлім. Айтылым
- 11.2.1 өте тез, қарапайым тіл мен өзін қызықтыратын сұрақтардың бірін бір қатар дәйекті тұжырымдамалар ретінде сипаттай білу
- 11.2.2 өте тезбір оқиғаны сипаттау немесе бірқатар дәйекті тұжырымдамалар ретінде кітап немесе кітаптың сюжетін айту және оған деген өз реакциясын сипаттау
- 11.2.3 жалпы және оқу тақырыптарына байланысты өзінің көзқарасын түсіндіру, негіздеу және әңгімелесушінің көзқарасын бағалау
- 11.2.4 бір оқиғаның себептерін егжей-тегжейлі түсіндіру және бір мәселені, жоспар және әрекетті шешудің түрлі нұсқалары туралы түсіндірме беру
- 11.2.5 оқу және кәсіби салалар бойынша қысқаша, дайындалған екпін түсіруі мен интонациясына қарамай түсінуге болатын хабарландырулар жасау
- 11.2.6 басынан бастап ойын толық түсініп отыруға болатын және негізгі ережелері анық түсіндірілген, таныс тақырып бойынша алдын-ала дайындалған кең көлемдегі баяндама әзірлеу
- 11.2.7 өзінің баяндамасы бойынша бірқатар сұрақтарға жауап беру, егер сұрақ жылдам айтылған жағдайда сұрақты қайта-қайта қайталауды өтіну
- 11.2.8 өз тәжірибесіне деген сезімі мен реакциясын күрделі байланысқан мәтін ретінде құрастыра отырып өз тәжірибесін сипаттау
3-бөлім. Оқылым
- 11.3.1 қызықтыратын тақырыптағы нақты мәліметтері бар қарапайым мәтіндерді жеткілікті деңгейде түсіну
- 11.3.2 бір-бірімен тұрақты жеке хат жазысу барысында мүмкіндік беру шегінде сипатталған оқиғалар, сезімдер мен тілектердің сиапттамасын түсіну
- 11.3.3 қажетті ақпаратты табу үшін үлкен көлемді мәтінді қарастыру, сонымен қатар нақты тапсырманы орындау үшін мәтіннің әр бөлігінен немесе әртүрлі мәтіндерден ақпарат жинау
- 11.3.4 жалпы таныс емес және оқу тақырыптары бойынша көркем және көркем емес ұзақ мәтіндерді оқу
- 11.3.5 мәтінде қозғалып отырған тақырыптың тұжырымдама тізбегін түсіну
- 11.3.6 таныс тақырыптағы әртүрлі типтегі газет мақалаларының негізгі тұжырымдамасын анықтау
- 11.3.7 құрылғыларды қолдану бойынша жазылған қарапайым нұсқаулықтарды түсіну
- 11.3.8 мағанасын тексеру және түсінікті кеңейту үшін кейбір таныс емес қағаз және цифрлы ресурстарды қолдану
- 11.3.9 жалпы және оқу тақырыптары бойынша ұзақ мәтіндерде келтірілген аргументтердегі сәйкессіздіктерді анқытау
4-бөлім. Жазылым
- 11.4.1 жекелеген қысқа элементтерін бір жерге жиақтап қызықты сұрақтарымен және көп таныстар тобына сәйкес қарапайым байланысқан мәтін жазу
- 11.4.2 өз сезімдері мен оған әсері туралы қарпайым байланысқан мәтін құрастыр, өзінің тәжірибесін сипаттау
- 11.4.3 іс-әрекет аясында жүрген таныстарының күнделікті өмірі, әлеуметтік сұрақтар, жинақталған нақты ақпарат бойынша өзінің еркін білдірілген пікірін хабарлау және жинақтау
- 11.4.4 жеке хат, жазбахат, нені негізгі санайтынын айтып ақпарат сұрап хат жазу хат жазу
- 11.4.5 мәдениетке қатысты музыка, фильмдерге байланысты абстракті тақырыптар бойынша өз ойларын және жаңалықтар туралы жеке хат жазу
- 11.4.6 қысқа маңызды ақпарат туралы достарына, мұғаліміне, қызмет көрсетушілерге жазбахат жазу немесе нені маңызды деп есептейтінін жазады
- 11.4.7 нормативтік диалектіде нақты айтылған, қарапайым сөйлеу тілінде, таныс тақырыпқа жазылған қарапайым дәрістер барысында негізгі кезеңдерді тізімдеп жазбахат жазады
- 11.4.8 мәтін құрылымын тұжырымдауды пайдаланып түрлі көлемдегі қысқаша хаттардан үзінділерді қайта қарапайым ілмен жазу
- 11.4.9 тарихи оқиғаны жазбаша айтып шығу
5-бөлім. Француз тілін қолдану
- 11.5.1 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары, сонымен қатар таныс емес тақырыптар бойынша абстрактілі құрамды зат есімді және күрделі атаулық топтарды қолдану
- 11.5.2 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша саналатын және саналмайтын зат есімдер үшін түрлі сандық сын есімдерді қолдану
- 11.5.3 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша көмегімен салыстырмалы құрылым жасауға болатын есімшелер ретінде күрделі сын есімдерді және жай сын есімдерді қолдану
- 11.5.4 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша анықтауыш және болжауыш сөздерді қолдану
- 11.5.5 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша әр түрлі сұрақтарды қолдану
- 11.5.6 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша қатысымдық, көрсетімдік, белгісіз және сандық есімдіктерді және рефлексивтік есімдіктің көп бөлігін қолдану
- 11.5.7 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойыншамезгіл пысықтауыш және мекен пысықтауышпен және бірқатар ырықсыз түрімен бірге жай аяқталған формасын қолдану
- 11.5.8 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша ырықсыз етіспен бірге келер шақ түрлерін қолдану
- 11.5.9 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша белсенді және ырықсыз осы және өткен қарапайым формалары түрлерін түрлендіріп және баяндау және төлеу сөзде соңғы аяқталған формасын қолдану
- 11.5.10 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша осы үздіксіз шақты және өткен үздіксіз шақ түрлерін, соның ішінде үздіксіз өсетін ырықсыз форма түрлерін қолдану
- 11.5.11 таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойыншаөтініш, сұрақтар мен команда үшін оның ішінде жанама сұрақтарда тілдік формаларды қолдану
- 11.5.12 таныс және таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойыншаүстеу құрылымын дұрыс және дұрыс емес үстеулермен салыстырмалы деңгейде артығымен түрлендіріп қолдану, алдын ала вербальді түрде қолдану
- 11.5.13 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойыншаөтініш және сын білдіру үшінөткен шақ модалді формасының түрлі қызметтеріне арналған модалді форманы қолдану
- 11.5.14 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптары бойынша зат есім мен сын есімнің алдында көмекші сөздерді артығымен түрлендіріп қолдану
- 11.5.15 жалпы таныс және оқу тақырыптары бойынша етістіктік инфинитив түрін қолдану, етістіктен туған зат есім түрін қолдану, мақсат, жағдай, іс-әрекет бағыныңғы құрмалас сөйлемді, фразалық етістікті қолдану
- 11.5.16 жалпы таныс және оқу тақырыптарды түсіндіргенде SI шартты бағыныңқымен бірге инфинитивтіқұрылымды (күрделі толықтауыш, күрделі бастауыш) қолдану, сөйлемде есімшелі конструкцияларды, жақсыз конструкциялардықолдану
- 11.5.17 таныс және ішінара таныс емес жалпы және оқу тақырыптар бойынша қатысымдық бағыныңқы сөйлем, етістіктің ашық рай және шартты райын қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Бағдарламада бұл сыныпқа ұзақ мерзімді жоспар жоқ.