Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Алгебра пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Оқу мақсаттары

9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Сандар

1.1 Сандар және шамалар туралы түсініктер

  • 9.1.1.1 бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгеру
  • 9.1.1.2 бірлік шеңбердің бойында 9.1.1.2 мақсатының формуласы сандарын белгілеу

1.2 Сандарға амалдар қолдану

  • 9.1.2.1 градусты радианға және радианды градусқа айналдыру

2-бөлім. Алгебра

2.2 Теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелрі және жиынтықтары

  • 9.2.2.1 екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырату
  • 9.2.2.2 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу
  • 9.2.2.3 екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу
  • 9.2.2.4 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу

2.3 Тізбектер және қосындылау

  • 9.2.3.1 сандар тізбегі туралы түсінік болу
  • 9.2.3.2 тізбектің n-ші мүшесін табу, мысалы: 9.2.3.2 мақсатының формуласы
  • 9.2.3.3 математикалық индукция әдісін білу және қолдану
  • 9.2.3.4 сандар тізбектерінің арасынан арифметикалық және геометриялық прогрессияны ажырату
  • 9.2.3.5 арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану
  • 9.2.3.6 геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану
  • 9.2.3.7 арифметикалық немесе/және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару
  • 9.2.3.8 шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру үшін қолдану
  • 9.2.3.9 шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын есептер шығаруда қолдану

2.4 Тригонометрия

  • 9.2.4.1 тригонометриялық функциялардың анықтамаларын білу
  • 9.2.4.2 бірлік шеңбердегі нүктелердің координаталары 9.2.4.2 мақсатының формуласы мен тригонометриялық функциялардың өзара байланысын білу
  • 9.2.4.3 бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану
  • 9.2.4.4 келтіру формулаларын қорытып шығару және қолдану
  • 9.2.4.5 бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын табу
  • 9.2.4.6 бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың жұптылығын (тақтылығын), периодтылығын, бірсарындылығын және таңбатұрақтылық аралықтарын түсіндіру
  • 9.2.4.7 тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге және көбейтіндісін қосындыға немесе айырымға түрлендіру формулаларын қорытып шығару және қолдану
  • 9.2.4.8 тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау

3-бөлім. Статистика және ықтималдықтар теориясы

3.1 Комбинаторика негіздері

  • 9.3.1.1 комбинаториканың ережелерін білу (қосу және көбейту ережелері)
  • 9.3.1.2 cанның факториалы анықтамасын білу
  • 9.3.1.3 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру анықтамаларын білу
  • 9.3.1.4 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын білу
  • 9.3.1.5 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептер шығару
  • 9.3.1.6 Ньютон биномы формуласын және оның қасиеттерін білу және қолдану

3.2 Ықтималдықтар теориясының негіздері

  • 9.3.2.1 оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға, қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымдарын меңгеру
  • 9.3.2.2 элементар және элементар емес оқиғаларды ажырату
  • 9.3.2.3 ықтималдықтың классикалық анықтамасын білу және есептер шығару үшін оны қолдану
  • 9.3.2.4 ықтималдықтың статистикалық анықтамасын білу
  • 9.3.2.5 геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда қолдану

4-бөлім. Математикалық модельдеу мен талдауы

4.2 Математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару

  • 9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару
  • 9.4.2.2 геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты мәтінді есептерді шығару

4.3 Математикалық тіл және математикалық модель

  • 9.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

8‑сыныптағы алгебра курсын қайталау

Тақырып Оқу мақсаттары
8‑сыныптағы алгебра курсын қайталау

Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер, және олардың жүйелері

Тақырып Оқу мақсаттары
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері 9.2.2.1, 9.2.2.2, 9.4.2.1, 9.4.3.1
Екі айнымалысы бар теңсіздіктер 9.2.2.3
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйелері 9.2.2.4

Комбинаторика элементтері

Тақырып Оқу мақсаттары
Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелері (қосу және көбейту ережелері) 9.3.1.1, 9.3.1.2, 9.3.1.3, 9.3.1.4
Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шешу 9.3.1.5
Ньютон биномы және оның қасиеттері 9.3.1.6

2-тоқсан

Тізбектер

Тақырып Оқу мақсаттары
Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері 9.2.3.1, 9.2.3.2, 9.2.3.3
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар 9.2.3.4, 9.2.3.5, 9.2.3.6, 9.2.3.7
Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия 9.2.3.8
Мәтінді есептерді шығару 9.2.3.9, 9.4.2.2

3-тоқсан

Тригонометрия

Тақырып Оқу мақсаттары
Бұрыш пен доғаның градустық және радиандық өлшемдері 9.1.1.1, 9.1.2.1, 9.1.1.2
Кез келген бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі. Бұрыш синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің мәндері 9.2.4.1, 9.2.4.2
Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері 9.2.4.5, 9.2.4.6
Тригонометрия формулалары 9.2.4.4, 9.2.4.3

4-тоқсан

Тригонометрия

Тақырып Оқу мақсаттары
Тригонометрия формулалары 9.2.4.7
Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру 9.2.4.8

Ықтималдықтар теориясының элементтері

Тақырып Оқу мақсаттары
Ықтималдықтар теориясының негіздері 9.3.2.1, 9.3.2.2, 9.3.2.3, 9.3.2.4
Мәтінді есептерді шығару 9.3.2.5

7-9‑сыныптардағы алгебра курсын қайталау

Тақырып Оқу мақсаттары
7-9‑сыныптардағы алгебра курсын қайталау
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 9-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.