Оқу бағдарламалары
Алгебра пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 8‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
8‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Сандар
1.1 Сандар және шамалар туралы түсініктер
- 8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру
- 8.1.1.2 санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі анықтамаларын білу және ұғымдарын ажырату
1.2 Сандарға амалдар қолдану
- 8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану
- 8.1.2.2 квадрат түбірдің мәнін бағалау
- 8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу
- 8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту
- 8.1.2.5 құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау
- 8.1.2.6 нақты сандарды салыстыру
2-бөлім. Алгебра
2.1 Алгебралық өрнектер және түрлендірулер
- 8.2.1.1 квадрат үшмүшенің түбірі ұғымын меңгеру
- 8.2.1.2 үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу
- 8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
2.2 Теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелрі және жиынтықтары
- 8.2.2.1 квадрат теңдеудің анықтамасын білу
- 8.2.2.2 квадрат теңдеулердің түрлерін ажырату
- 8.2.2.3 квадрат теңдеулерді шешу
- 8.2.2.4 Виет теоремасын қолдану
-
8.2.2.5
түріндегі теңдеулерді шешу
- 8.2.2.6 бөлшек-рационал теңдеулерді шешу
- 8.2.2.7 квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу
- 8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешу
- 8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу
- 8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу
- 8.2.2.11 құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу
3-бөлім. Статистика және ықтималдықтар теориясы
3.3 Статистика және деректерді талдау
- 8.3.3.1 таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру
- 8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру
- 8.3.3.3 жинақталған жиілік анықтамасын білу
- 8.3.3.4 статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау
- 8.3.3.5 дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын білу
4-бөлім. Математикалық модельдеу мен талдауы
4.1 Математикалық анализ бастамалары
-
8.4.1.1
функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу
-
8.4.1.2
түрдегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу
-
8.4.1.3
түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін білу және графигін салу
- 8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу
4.2 Математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару
- 8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу
- 8.4.2.2 мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу
- 8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану
4.3 Математикалық тіл және математикалық модель
- 8.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
7‑сыныптағы алгебра курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 7‑сыныптағы алгебра курсын қайталау |
Квадрат түбір және иррационал өрнек
2-тоқсан
Квадрат теңдеулер
3-тоқсан
Квадрат теңдеулер
Квадраттық функция
Статистика элементтері
4-тоқсан
Теңсіздіктер
8‑сыныптағы алгебра курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 8‑сыныптағы алгебра курсын қайталау |
Басқа сыныптар
- Алгебра, 7-сынып
- Алгебра, 8-сынып
- Алгебра, 9-сынып
функциясы, оның графигі және қасиеттері