Оқу бағдарламалары
Алгебра және анализ бастамалары пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Алгебра
1.1 Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру
- 11.1.1.1 n-ші дәрежелі түбір және n-ші дәрежелі арифметикалық түбірдің анықтамасын білу
- 11.1.1.2 n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін білу
- 11.1.1.3 рационал көрсеткішті дәреже анықтамасын және қасиеттерін білу
- 11.1.1.4 алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану
- 11.1.1.5 иррационал өрнектерді түрлендіруде n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін қолдану
1.2 Теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелері және жиынтықтары
- 11.1.2.1 иррационал теңдеудің анықтамасын білу, оның мүмкін болатын мәндер жиынын анықтай алу
- 11.1.2.2 теңдеудің екі жағын n дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу
- 11.1.2.3 айнымалыны алмастыру әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу
- 11.1.2.4 көрсеткіштік теңдеулерді шеше алу
- 11.1.2.5 логарифмдік теңдеулерді шеше алу
- 11.1.2.6 көрсеткіштік теңсіздіктерді шеше алу
- 11.1.2.7 логарифмдік теңсіздіктерді шеше алу
2-бөлім. Статистика және ықтималдықтар теориясы
2.2 Статистика және деректерді талдау
- 11.2.2.1 математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу және түсіну
- 11.2.2.2 дискретті және аралық вариациялық қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдеу
- 11.2.2.3 таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын бағалау
3-бөлім. Математикалық модельдеу және анализ
3.1 Математикалық анализ бастамалары
- 11.3.1.1 алғашқы функция және анықталмаған интеграл анықтамаларын білу
- 11.3.1.2 анықталмаған интеграл қасиеттерін білу және қолдану
-
11.3.1.3
негізгі анықталмаған интегралдарды 1.
2.
3.
; 4.
; 5.
білу және оларды есептер шығаруда қолдану
- 11.3.1.4 қисық сызықты трапецияның анықтамасын білу және оның ауданын табу үшін Ньютон-Лейбниц формуласын қолдану
- 11.3.1.5 анықталған интеграл ұғымын білу және оны есептеу
- 11.3.1.6 берілген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын есептеу
- 11.3.1.7 айналу денесінің көлемін анықталған интеграл көмегімен есептеу формуласын білу және қолдану
- 11.3.1.8 дәрежелік функция анықтамасын білу және дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін салу
- 11.3.1.9 нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын табу ережелерін білу және қолдану
- 11.3.1.10 нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережелерін білу және қолдану
- 11.3.1.11 көрсеткіштік функция анықтамасын білу және оның графигін салу
- 11.3.1.12 көрсеткіштік функцияның негізіне қатысты қасиеттерін білу
- 11.3.1.13 сан логарифмі, ондық және натурал логарифмдер анықтамаларын білу
- 11.3.1.14 логарифм қасиеттерін білу және оны логарифмдік өрнектерді түрлендіруде қолдану
- 11.3.1.15 логарифмдік функцияның анықтамасын, қасиеттерін білу және оның графигін салу
- 11.3.1.16 көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралын табу
- 11.3.1.17 логарифмдік функцияның туындысын табу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
10‑сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 10‑сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау |
Алғашқы функция және интеграл
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интеграл қасиеттері | 11.3.1.1, 11.3.1.2, 11.3.1.3 |
| Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл | 11.3.1.4, 11.3.1.5 |
| Жазық фигуралар аудандары мен айналу денелерінің көлемдерін анықталған интеграл көмегімен есептеу | 11.3.1.6, 11.3.1.7 |
2-тоқсан
Дәреже мен түбір. Дәрежелік функция
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері | 11.1.1.1, 11.1.1.2 |
| Рационал көрсеткішті дәреже | 11.1.1.3 |
| Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру | 11.1.1.4 |
| Иррационал өрнектерді түрлендіру | 11.1.1.5 |
| Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі | 11.3.1.8 |
| Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы | 11.3.1.9, 11.3.1.10 |
Иррационал теңдеулер
3-тоқсан
Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері мен графигі | 11.3.1.11, 11.3.1.12 |
| Сан логарифмі және оның қасиеттері | 11.3.1.13, 11.3.1.14 |
| Логарифмдік функция, оның қасиеттері мен графигі | 11.3.1.15 |
| Көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралы | 11.3.1.16 |
| Логарифмдік функцияның туындысы | 11.3.1.17 |
Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер
4-тоқсан
Математикалық статистика элементтері
10-11 сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 10-11 сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау |
Басқа сыныптар
- Алгебра және анализ бастамалары, 10-сынып
- Алгебра және анализ бастамалары, 11-сынып