Оқу бағдарламалары
Алгебра және анализ бастамалары пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат
Оқу мақсаттары
11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Сандар
1.1 Сандар және шамалар туралы түсініктер
- 11.1.1.1 комплекс санның және оның модулінің анықтамаларын білу
- 11.1.1.2 комплекс санды комплекс жазықтықта кескіндей алу
- 11.1.1.3 түйіндес комплекс сандар анықтамасы мен олардың қасиеттерін білу
1.2 Сандарға амалдар қолдану
- 11.1.2.1 алгебралық түрде берілген комплекс сандарға арифметикалық амалдар қолдану
- 11.1.2.2 алгебралық түрдегі комплекс санды бүтін дәрежеге шығарғанда мәнінің заңдылығын қолдану
- 11.1.2.3 комплекс санның квадрат түбірін таба алу
- 11.1.2.4 квадрат теңдеулерді комплекс сандар жиынында шешу
- 11.1.2.5 алгебраның негізгі теоремасын және оның салдарларын білу
2-бөлім. Алгебра
2.1 Алгебралық өрнектер және түрлендірулер
- 11.2.1.1 n-ші дәрежелі түбір және n-ші дәрежелі арифметикалық түбір анықтамасын білу
- 11.2.1.2 n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін білу
- 11.2.1.3 рационал көрсеткішті дәреже анықтамасын және қасиеттерін білу
- 11.2.1.4 алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану
- 11.2.1.5 иррационал өрнектерді түрлендіру үшін n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін қолдану
2.2 Теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелері және жиынтықтары
- 11.2.2.1 иррационал теңдеудің анықтамасын білу, оның мүмкін мәндер жиынын анықтай алу
- 11.2.2.2 теңдеудің екі жағын бірдей n-ші дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу
- 11.2.2.3 айнымалыны алмастыру әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу
- 11.2.2.4 иррационал теңдеулер жүйелерін шеше алу
- 11.2.2.5 иррационал теңсіздіктерді шеше алу
- 11.2.2.6 көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістерін білу және қолдану
- 11.2.2.7 көрсеткіштік теңдеулер жүйелерін шеше білу
- 11.2.2.8 логарифмдік теңдеулерді шешу әдістерін білу және қолдану
- 11.2.2.9 логарифмдік теңдеулер жүйелерін шеше білу
- 11.2.2.10 көрсеткіштік теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шеше білу
- 11.2.2.11 логарифмдік теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шеше білу
3-бөлім. Статистика және ықтималдықтар теориясы
3.3 Статистика және деректерді талдау
- 11.3.3.1 математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу және түсіну
- 11.3.3.2 дискретті және аралық вариациялық қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдеу
- 11.3.3.3 берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдау
- 11.3.3.4 таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын бағалау
4-бөлім. Математикалық модельдеу мен анализ
4.1 Математикалық анализ бастамалары
- 11.4.1.1 алғашқы функция және анықталмаған интеграл анықтамаларын білу
- 11.4.1.2 анықталмаған интеграл қасиеттерін білу және қолдану
-
11.4.1.3
негізгі анықталмаған интегралдарды 1.
2.
3.
4.
; 5.
; 6.
білу және оларды есептер шығаруда қолдану
- 11.4.1.4 айнымалыны алмастыру әдісімен интегралды есептеу
- 11.4.1.5 бөліктеп интегралдау әдісімен интегралды есептеу
- 11.4.1.6 қисықсызықты трапецияның анықтамасын білу және оның ауданын табу үшін Ньютон – Лейбниц формуласын қолдану
- 11.4.1.7 анықталған интеграл ұғымын білу, анықталған интегралды есептей білу
- 11.4.1.8 берілген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын есептеу
- 11.4.1.9 айналу денесінің көлемін анықталған интеграл көмегімен есептеу формуласын білу және қолдану
- 11.4.1.10 нақты көрсеткішті дәрежелік функция анықтамасын білу; дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін салу
- 11.4.1.11 дәрежелік функция қасиеттерін білу
- 11.4.1.12 нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын табу ережелерін білу және қолдану
- 11.4.1.13 нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережесін білу және қолдану
- 11.4.1.14 көрсеткіштік функция анықтамасын білу және оның графигін салу
- 11.4.1.15 көрсеткіштік функция қасиеттерін есептер шығаруда қолдану
- 11.4.1.16 сан логарифмі, ондық және натурал логарифмдер анықтамаларын білу
- 11.4.1.17 логарифм қасиеттерін білу және оны логарифмдік өрнектерді түрлендіруде қолдану
- 11.4.1.18 логарифмдік функцияның анықтамасын білу және оның графигін салу
- 11.4.1.19 логарифмдік функция қасиеттерін білу және қолдану
- 11.4.1.20 көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралын табу
- 11.4.1.21 логарифмдік функцияның туындысын табу
- 11.4.1.22 дифференциалдық теңдеулер туралы негізгі ұғымдарды білу
- 11.4.1.23 дифференциалдық теңдеулердің жалпы және дербес шешімдері анықтамаларын білу
- 11.4.1.24 айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді шешу
- 11.4.1.25 екінші ретті біртекті сызықты дифференциалдық теңдеулерді шешу (ay''+by'+cy=0 түріндегі,мұндағы a,b,c -тұрақты шамалар)
4.2 Математикалық тіл және математикалық модель
- 11.4.2.1 анықталған интегралды жұмыс пен арақашықтықты есептеуге берілген физикалық есептерді шығару үшін қолдану
4.3 Математикалық модельдеудің көмегімен есеп шығару
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
10‑сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 10‑сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау |
Алғашқы функция және интеграл
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интеграл қасиеттері | 11.4.1.1, 11.4.1.2, 11.4.1.3 |
| Интегралдау тәсілдері | 11.4.1.4, 11.4.1.5 |
| Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл | 11.4.1.6 |
| Анықталған интегралдың геометриялық және физикалық есептерді шығаруда қолданылуы | 11.4.1.7, 11.4.1.8, 11.4.1.9, 11.4.2.1 |
Математикалық статистика элементтері
2-тоқсан
Дәрежелер мен түбірлер. Дәрежелік функция
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері | 11.2.1.1, 11.2.1.2 |
| Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру | 11.2.1.3, 11.2.1.4 |
| Иррационал өрнектерді түрлендіру | 11.2.1.5 |
| Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі | 11.4.1.10, 11.4.1.11 |
| Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы | 11.4.1.12, 11.4.1.13 |
Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктер
3-тоқсан
Комплекс сандар
Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және графигі | 11.4.1.14, 11.4.1.15 |
| Сан логарифмі және оның қасиеттері | 11.4.1.16, 11.4.1.17 |
| Логарифмдік функция, оның қасиеттері және графигі | 11.4.1.18, 11.4.1.19 |
| Көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралы | 11.4.1.20 |
| Логарифмдік функцияның туындысы | 11.4.1.21 |
Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер
4-тоқсан
Дифференциалдық теңдеулер
10-11‑сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 10-11‑сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау |
Басқа сыныптар
- Алгебра және анализ бастамалары, 10-сынып
- Алгебра және анализ бастамалары, 11-сынып