Оқу бағдарламалары
Алгебра және анализ бастамалары пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Алгебра
1.3 Тригонометрия
- 10.1.3.1 тригонометриялық функциялар анықтамаларын, қасиеттерін білу және олардың графиктерін сала білу
- 10.1.3.2 тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен сала білу
- 10.1.3.3 арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс анықтамаларын білу және олардың мәндерін таба білу
- 10.1.3.4 құрамында кері тригонометриялық функциялары бар өрнектердің мәндерін табу
- 10.1.3.5 қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу
- 10.1.3.6 тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шеше алу
- 10.1.3.7 квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше алу
- 10.1.3.8 біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше алу
- 10.1.3.9 қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу
2-бөлім. Статистика және ықтималдықтар теориясы
2.1 Ықтималдықтар теориясының негіздері
- 10.2.1.1 кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру
- 10.2.1.2 ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу
- 10.2.1.3 ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелерін: * P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B); * P(A + B) = P(A) + P(B); * P(A +B) = P(A)+P(B)- P(A∙B) түсіну және қолдану
- 10.2.1.4 кездейсоқ шаманың не екенін түсіну және кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіру
- 10.2.1.5 дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың анықтамаларын білу және оларды ажырата алу
- 10.2.1.6 кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру
- 10.2.1.7 дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімі ұғымын және оның қасиеттерін білу
- 10.2.1.8 дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептеу
- 10.2.1.9 дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептеу
- 10.2.1.10 дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын қолдану арқылы есептер шығару
3-бөлім. Математикалық модельдеу және анализ
3.1 Математикалық анализ бастамалары
- 10.3.1.1 функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу
- 10.3.1.2 функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу)
- 10.3.1.3 функция қасиеттерін анықтай алу
- 10.3.1.4 функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін: 1) функцияның анықталу облысы; 2) функцияның мәндер жиыны; 3) функцияның нөлдері; 4) функцияның периодтылығы; 5) функцияның бірсарындылық аралықтары; 6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары; 7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері; 8) функцияның жұптылығы, тақтылығы; 9) функцияның шектелгендігі; 10) функция үзіліссіздігі; 11) функцияның экстремумдары сипаттай алу
- 10.3.1.5 кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу
- 10.3.1.6 f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру
- 10.3.1.7 функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегінің анықтамасын білу
- 10.3.1.8 үзіліссіз функцияның анықтамасын білу
- 10.3.1.9 функция туындысының анықтамасын білу және анықтама бойынша функцияның туындысын табу
- 10.3.1.10 тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу
- 10.3.1.11 дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану
- 10.3.1.12 функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін құрастыру
- 10.3.1.13 тригонометриялық функциялардың туындыларын табу
- 10.3.1.14 күрделі функцияның анықтамасын білу және оның туындысын табу
- 10.3.1.15 функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу және қолдану
- 10.3.1.16 функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерінің анықтамаларын және экстремумының бар болу шартын білу
- 10.3.1.17 функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу
- 10.3.1.18 туындының көмегімен функция қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу
- 10.3.1.19 функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу
3.2 Математикалық тіл және математикалық модель
3.3 Математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
7-9‑сыныптардағы алгебра курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 7-9‑сыныптардағы алгебра курсын қайталау |
Функция, оның қасиеттері және графигі
Тригонометриялық функциялар
2-тоқсан
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер
Ықтималдық
3-тоқсан
Туынды
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі | 10.3.1.7 |
| Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі | 10.3.1.8 |
| Туындының анықтамасы | 10.3.1.9 |
| Туындыны табу ережелері | 10.3.1.10, 10.3.1.11 |
| Туындының физикалық және геометриялық мағынасы | 10.3.2.1, 10.3.2.2, 10.3.3.1, 10.3.3.2 |
| Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі | 10.3.1.12 |
| Күрделі функцияның туындысы | 10.3.1.14 |
| Тригонометриялық функциялардың туындылары | 10.3.1.13 |
Туындының қолданылуы
4-тоқсан
Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары
10‑сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 10‑сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау |
Басқа сыныптар
- Алгебра және анализ бастамалары, 10-сынып
- Алгебра және анализ бастамалары, 11-сынып