Тест: Неліктен Ежелгі Үндістанда индуизмбуддизмнен басым болды?
Пән: Дүниежүзі тарихы
Сынып: 5
Оқу мақсаттары: 5.1.2.3 қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін «касталық жүйе» ұғымын қолдану;
5.2.1.3 ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Ежелгі Үндістандағы касталық жүйедегі ең жоғары каста қалай аталды?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Брахмандар
B) Кшатрийлер
C) Вайшьялар
D) Шудралар
2-сұрақ
Индуизмнің негізгі қағидаларының бірі – карма заңы. Карма заңы бойынша адамның келешегі немеге байланысты болды?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Оның өткен өмірдегі іс-әрекеттеріне
B) Оның ата-анасының әлеуметтік жағдайына
C) Оның дүниеге келген жеріне
D) Оның денесінің түсіне
3-сұрақ
Буддизмнің таралуына неме ықпал етті?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Барлық адамдардың теңдігі және қайта түылудан құтылу мүмкіндігі
B) Құрбандық шалу рәсімдерінің көптігі
C) Тек жоғары касталарға арналған оқу
D) Көп құдайларға табыну