Тест: Неліктен адамдар егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналыса бастады? БЖБ №1
Пән: Дүниежүзі тарихы
Сынып: 5
Оқу мақсаттары: кәсіп және шаруашылық түрлерін (терімшілік, аңшылық, балық аулау, егіншілік, мал шаруашылығы, металл өңдеу, айырбас сауда) сипаттау;
5.4.1.2 «неолиттік төңкеріс» ұғымын түсіндіру, оның мәнін ашу;
5.4.2.1 экономикалық ілгерілеуді түсіну үшін шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстыру
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Адамдардың табиғаттан дайын өнімдерді жинап, пайдалануына не жатады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Егіншілік
B) Мал шаруашылығы
C) Металл өңдеу
D) Терімшілік
2-сұрақ
«Неолиттік төңкеріс» дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Адамдардың тас құралдарды жасауы
B) Иемденуші шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа көшу
C) Алғашқы қалалардың пайда болуы
D) Металл өңдеудің басталуы
3-сұрақ
Төмендегілердің қайсысы өндіруші шаруашылыққа жатады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Аңшылық
B) Балық аулау
C) Егіншілік
D) Терімшілік