Тест: Неліктен Ежелгі Үндістанда индуизм буддизмнен басым болды?
Пән: Дүниежүзі тарихы
Сынып: 5
Оқу мақсаттары: 5.1.2.3 қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін «касталық жүйе» ұғымын қолдану;
5.2.1.3 ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Ежелгі Үндістандағы қоғамның әлеуметтік құрылымын қалай атайды?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Касталық жүйе
B) Таптық жүйе
C) Патшалық жүйе
D) Рулық жүйе
2-сұрақ
Ежелгі Үндістандағы касталық жүйенің ең жоғарғы тобы кімдер болды?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Брахмандар
B) Кшатрийлер
C) Вайшьи
D) Шудралар
3-сұрақ
Ежелгі Үндістандағы жауынгерлер мен билеушілер қай кастаға жатқан?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Кшатрийлер
B) Брахмандар
C) Вайшьи
D) Шудралар