Тест: Қос дөңгелекті арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті?
Пән: Дүниежүзі тарихы
Сынып: 5
Оқу мақсаттары: 5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану;
5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
«Империя» ұғымының дұрыс анықтамасын таңдаңыз.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Бірнеше халықты бағындырған ірі мемлекет
B) Бір ғана қаладан тұратын мемлекет
C) Тек саудамен айналысатын мемлекет
D) Ешқандай әскері жоқ мемлекет
2-сұрақ
Қос дөңгелекті арбаның ежелгі соғыстағы басты артықшылығы қандай болды?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Жоғары жылдамдық пен маневрлік
B) Ауыр сауыттарды тасу мүмкіндігі
C) Суда жүзу қабілеті
D) Үлкен жүктерді тасымалдау
3-сұрақ
Қос дөңгелекті арбаның пайда болуы қай салаға ең көп әсер етті?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Соғыс өнеріне
B) Ауыл шаруашылығына
C) Құрылыс ісіне
D) Медицинаға