Тест: Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау.
Пән: Алгебра және анализ бастамалары
Сынып: 11
Оқу мақсаттары: 11.3.3.3 – берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдау;
11.3.3.4 – таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын бағалау;
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Дискретті вариациялық қатар дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Мәндері аралықтар түрінде берілген қатар
B) Мәндері жеке сан түрінде берілген қатар
C) Мәндері жиіліктерсіз берілген қатар
D) Мәндері тек бір саннан тұратын қатар
2-сұрақ
Берілген таңдама үшін орташа мәнді (x̄) есептеңіз: 12, 14, 16, 18, 20.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) 14
B) 16
C) 18
D) 15
3-сұрақ
Таңдаманың модасы (Mo) дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Таңдаманың ең улкен мәні
B) Таңдаманың ең жиі кездесетін мәні
C) Таңдаманың ортасындығы мәні
D) Таңдаманың ең кіші мәні