Тест: Бас жиынтық және таңдама
Пән: Алгебра және анализ бастамалары
Сынып: 11
Оқу мақсаттары: 11.3.3.1 – математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу және түсіну;
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Математикалық статистикада зерттеуге жататын барлық объектілер жиыны қалай аталады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Таңдама
B) Бас жиынтық
C) Варианта
D) Жиілік
2-сұрақ
Бас жиынтықтан зерттеу үшін таңдап алынған объектілер жиыны қалай аталады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Таңдама көлемі
B) Таңдама
C) Бас жиынтық
D) Жиілік кестесі
3-сұрақ
Таңдамадағы элементтер саны қалай аталады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Варианта
B) Жиілік
C) Таңдама көлемі
D) Бас жиынтық