Тест: Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар
Пән: Алгебра және анализ бастамалары
Сынып: 11
Оқу мақсаттары: 11.3.3.2 – дискретті және аралық вариациялық қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдеу;
картинка ретинде
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Дискретті вариациялық қатарда мәннің қанша рет кездесетіні көрсететін шама қалай аталады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Жиілік
B) Салыстырмалы жиілік
C) Интервал ұзындығы
D) Варианта
2-сұрақ
Интервалды вариациялық қатар құру үшін топтар санын (k) қалай таңдайды?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Тапсырмада беріледі немесе зерттеуші тарапынан таңдалады
B) Әрқашан 5-ке тең болады
C) Деректер санына тең
D) Xmin мен Xmax айырмасына тең
3-сұрақ
Берілген мәліметтер бойынша дискретті вариациялық қатар құрыңыз: 5, 6, 5, 8, 7, 6, 5, 7, 9, 6. 5 мәнінің жиілігі нешеге тең?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) 3
B) 2
C) 4
D) 1