Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
3‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Ақпараттық әдеп
1.1 Өз денсаулығымызды сақтаймыз
- 3.1.1.1 мәтіндік процессорда пернетақтаны қолданып символдар регистрін, батырмалардың орналасу нұсқасын және меңзерді басқару тәсілін ауыстыру
1.2 Біздің айналамыздағы ақпарат
- 3.1.2.1 қолданбалы бағдарламаларда пернелер комбинациясын қолдану
1.3 Ақпарат және компьютер
- 3.1.3.1 интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау
2-бөлім. Менің алғашқы суретім
2.1 Фигуралар
- 3.2.1.1 мәтінді теру ережелерін ұстану
- 3.2.1.2 мәтіндік процессорда мәтінді өңдеу
- 3.2.1.3 мәтіндік процессорда қаріп пен абзацты пішімдеу
- 3.2.1.4 мәтінге суретті қою және оны баптау
2.2 Фигуралармен орындалатын іс-әрекет
- 3.2.2.1 сурет пішімінің параметрлерін өзгерту (жарықтық, контраст, бет жиектері)
2.3 Презентациялар
- 3.2.3.1 мәтін мен суреттері бар қарапайым презентация жасау
- 3.2.3.2 слайдтар арасында ауысуларды қолдану
- 3.2.3.3 презентацияларды безендіру үшін дайын дизайнды қолдану
3-бөлім. Біздің өміріміздегі алгоритм
3.1 Біздің өміріміздегі алгоритм
- 3.3.1.1 ақпарат іздеуді іске асыру (құжаттағы мәтін үзіндісі)
3.2 Ақпарат алмасу
- 3.3.2.1 жобада бірлесіп жұмыс істеу үшін мессенджер құралдарын қолдану
- 3.3.2.2 желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру
4-бөлім. Программалау
4.1 Scratch-пен танысу
- 3.4.1.1 Scratch (скретч) программалау ортасында берілген сценарий бойынша циклдік алгоритм құру
- 3.4.1.2 Scratch (скретч) программалау ортасында ауызша түрде берілген қайталау циклдік алгоритмді іске асыру
4.2 Менің алғашқы бағдарламам
- 3.4.2.1 Scratch (скретч) программалау ортасында дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу
- 3.4.2.2 Scratch (скретч) программалау ортасында сахна үшін бірнеше фон құру
- 3.4.2.3 Scratch (скретч) программалау ортасында бірнеше кейіпкерлер құру
- 3.4.2.4 Scratch (скретч) программалау ортасында ойындарды құру кезінде қайталау алгоритмін іске асыру
5-бөлім. Робототехника
5.2 Роботтың қозғалысы
- 3.5.2.1 робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді пайдалану
5.3 Датчиктер мен қозғалтқыштар
- 3.5.3.1 ортаңғы мотордың айналым санын беру және жылдамдығын баптау
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
1‑бөлім - Программалау (ортақ тақырыптары: "Табиғат - менің үйім", "Менің Отаным – Қазақстан")
2-тоқсан
2‑бөлім – Ойын құру (ортақ тақырыптары: "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен", "Өнер әлемінде")
3-тоқсан
3 бөлім - Робототехника. Жоба (ортақ тақырыптары: "Атадан қалған асыл мұра", "Атақты тұлғалар")
4-тоқсан
4‑бөлім Презентациялар (ортақ тақырыбы: "Бәрін білгім келеді")
5‑бөлім Мәтін, графика және презентация (ортақ тақырыбы: "Демалыс мәдениеті. Мерекелер")
Басқа сыныптар
- Цифрлық сауаттылық, 1-сынып
- Цифрлық сауаттылық, 2-сынып
- Цифрлық сауаттылық, 3-сынып
- Цифрлық сауаттылық, 4-сынып