Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Цифрлық сауаттылық пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 2‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

2‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Ақпараттық әдеп

1.1 Өз денсаулығымызды сақтаймыз

  • 2.1.1.1 дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғыларын ажырату

1.2 Біздің айналамыздағы ақпарат

  • 2.1.2.1 файл, бума және жарлық ұғымдарын түсіндіру
  • 2.1.2.2 файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жою
  • 2.1.2.3 өз жұмысындағы контекстік мәзірді пайдалану

1.3 Ақпарат және компьютер

  • 2.1.3.1 негізгі техника қауіпсіздік ережелеріне сүйеніп цифрлық құрылғылармен жұмыс істеу
  • 2.1.3.2 нетикет ережелеріне сүйеніп интернет желісімен жұмыс істеу

2-бөлім. Менің алғашқы суретім

2.1 Фигуралар

  • 2.2.1.1 Scratch (скретч) ойын программалау ортасының блоктарындағы мәтінді өңдеу
  • 2.2.1.2 өз идеяларын жазу үшін мәтіндік редакторды пайдалану

2.2 Фигуралармен орындалатын іс-әрекет

  • 2.2.2.1 жоба үшін Scratch (скретч) программалау ортасындағы кіріктірілген графикалық редакторда кейіпкер фигурасын көшіру және көрсету
  • 2.2.2.2 (Scratch (скретч)) ойын программалау ортасындағы кіріктірілген графикалық редакторда жоба кейіпкері үшін фигураны өңдеу (қиып алу, бұру, өлшемін өзгерту)

2.4 Мультимедиа

  • 2.2.4.1 негізгі пернелердің атауын білу және оларды қолдану
  • 2.2.4.2 Scratch (скретч) ойын программалау ортасында дыбыстық файлдарды өңдеу
  • 2.2.4.3 роботқа арналған аудиофайлды жүктеу
  • 2.2.4.4 роботқа арналған бағдарламаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану

3-бөлім. Біздің өміріміздегі алгоритм

3.1 Біздің өміріміздегі алгоритм

  • 2.3.1.1 берілген тақырып бойынша ақпаратты іздеу үшін браузерді қолдану

3.2 Ақпарат алмасу

  • 2.3.2.1 қосымшалар арасында деректермен алмасуды іске асыру

4-бөлім. Программалау

4.1 Scratch-пен танысу

  • 2.4.1.1 Scratch (скретч) ойын программалау ортасында берілген сценарий бойынша тармақталған алгоритмді өңдеу
  • 2.4.1.2 Scratch (скретч) ойын программалау ортасында берілген ауызша түрде тармақталған алгоритмді іске асыру
  • 2.4.1.3 мәселені шешу үшін алгоритм құрастыру

4.2 Менің алғашқы бағдарламам

  • 2.4.2.1 жоба үшін Scratch (скретч) ойын программалау ортасына кіріктірілген графикалық редакторында кейіпкер құру; 2. 4. 2. 2 Scratch (скретч) ойын программалау ортасында пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру; 2. 4. 2. 3 Scratch (скретч) ойын программалау ортасында кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалог ұйымдастыру
  • 2.4.2.2 Scratch (скретч) ойын программалау ортасында пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру
  • 2.4.2.3 Scratch (скретч) ойын программалау ортасында кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалог ұйымдастыру

5-бөлім. Робототехника

5.1 Жалпы робототехника

  • 2.5.1.1 робот ұғымын түсіндіру
  • 2.5.1.2 оқу роботының базалық моделінің негізгі элементтерін сипаттау
  • 2.5.1.3 жасалған роботты аудиторияға таныстыру

5.2 Роботтың қозғалысы

  • 2.5.2.1 роботтың берілген жылдамдықпен алға жүру қозғалысын ұйымдастыру
  • 2.5.2.2 роботтың берілген жылдамдықпен артқа жүру қозғалысын ұйымдастыру
  • 2.5.2.3 роботқа арналған бағдарламаны жүктеу және іске асыру
  • 2.5.2.4 дөңгелектің берілген айналым саны бойынша роботтың қозғалысын ұйымдастыру
  • 2.5.2.5 роботтың кері, оңға және солға бұрылуын ұйымдастыру

5.3 Датчиктер мен қозғалтқыштар

  • 2.5.3.1 жанасу датчигін қолдану

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1‑бөлім - Компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыз ету (ортақ тақырыбы: "Менің отбасым және достарым")

Тақырып Оқу мақсаттары
Өз денсаулығымызды сақтаймыз 2.1.3.1, 2.1.3.2, 2.3.1.1
Файлдар мен бумалар 2.1.2.1, 2.1.2.2, 2.1.2.3

2‑бөлім - Шығармашылық және компьютер (ортақ тақырыбы: "Менің мектебім"

Тақырып Оқу мақсаттары
Бағдарламалар құруды жалғастырамыз 2.4.1.1
Алгоритмді орындау 2.4.1.2
Жеке кейіпкер жасау 2.4.2.1, 2.2.2.1, 2.2.2.2

2-тоқсан

3‑бөлім – Мәтін және Мультимедиа (ортақ тақырыптары: "Менің туған өлкем", "Жыл мезгілдері")

Тақырып Оқу мақсаттары
Пернетақтамен танысу 2.2.4.1
Мәтінмен жұмыс 2.2.1.1
Кейіпкерді пернетақтамен басқару 2.4.2.2
Кейіпкерлер арасындағы диалог 2.4.2.3
Дыбысты жазу және ойнату Дыбысты өңдеу 2.2.4.2
Мультфильм жасау 2.4.2.1, 2.4.1.1, 2.4.2.2, 2.4.2.3, 2.2.4.2

3-тоқсан

4‑бөлім Роботтар біздің өмірімізде (ортақ тақырыбы: "Салт дәстүр мен ауыз әдебиеті", "Дені саудың –жаны сау")

Тақырып Оқу мақсаттары
Роботпен алғашқы танысу 2.5.1.1, 2.5.1.2
Роботқа арналған бағдарлама 2.5.2.3
Роботтың қозғалысы 2.5.2.1, 2.5.2.2
Лабиринттен шығу 2.5.2.4
Жанасу датчигі 2.5.3.1
Роботқа арналған дыбыс 2.2.4.3, 2.2.4.4

4-тоқсан

5‑бөлім - Робототехника: "Қозғалыстағы робот" жобасы (ортақ тақырыптар: "Табиғат әлемі", "Ғажайып әлем"

Тақырып Оқу мақсаттары
Жоба дегеніміз не? 2.2.1.2
Жоба идеясы 2.3.2.1
Жобаға арналған алгоритм 2.4.1.3
"Қозғалыстағы робот" жобасын жасау 2.5.2.1, 2.5.2.2, 2.5.2.4, 2.5.2.5, 2.2.4.4, 2.5.2.3, 2.5.3.1
Жобаны қорғау 2.5.1.3

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.