Оқу мақсаттары
1‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Ақпараттық әдеп
1.1 Өз денсаулығымызды сақтаймыз
- 1.1.1.1 компьютермен жұмыс істеу барысында тәртіп ережелерін ұстанып өз денсаулығын сақтау
- 1.1.1.2 компьютердің негізгі құрылғыларын атау
1.2 Біздің айналамыздағы ақпарат
- 1.1.2.1 қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат түрлерін анықтау
1.3 Ақпарат және компьютер
- 1.1.3.1 ұсыну формасы бойынша ақпарат түрлерін ажырату
- 1.1.3.2 ақпаратты ұсыну кезіндегі ақпарат көздері мен қабылдағыштардың байланыс арналарына мысалдар келтіру
1.4 Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік
- 1.1.4.1 Интернет желісін өмірде қолдану мысалдарын келтіру
- 1.1.4.2 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін талқылау
- 1.1.4.3 Интернет желісіне жеке ақпаратты беру кезіндегі қауіптерді анықтау
2-бөлім. Менің алғашқы суретім
2.1 Фигуралар
- 1.2.1.1 стандартты фигураларды қолданып кескін салу
- 1.2.1.2 түстер палитрасындағы негізгі түсті өзгертіп кескін салу
- 1.2.1.3 палитрада фон түсін тандап кескін салу
- 1.2.1.4 контурын өзгерту арқылы фигураны салу
- 1.2.1.5 фигура түсін құйып бояу арқылы өзгертіп салу
2.2 Фигуралармен орындалатын іс-әрекет
- 1.2.2.1 форма мен параметрді қолданып кескін бөлігін ерекшелеу
- 1.2.2.2 көшіру, қиып алу және қою құралдарын қолданып кескін салу
- 1.2.2.3 бұру немесе айналдыру құралдарын қолданып кескін салу
- 1.2.2.4 түспен толтыру құралын қолданып кескін салу
3-бөлім. Біздің өміріміздегі алгоритм
3.1 Біздің өміріміздегі алгоритм
- 1.3.1.1 алгоритм, әрекет және команда ұғымдарын түсіндіру
- 1.3.1.2 орындаушы және оның командалар жүйесін анықтап алгоритм құру
- 1.3.1.3 алгоритм түрлерін өмірмен байланыстырып мысалдар келтіру
4-бөлім. Программалау
4.1 Scratch-пен танысу
4.2 Менің алғашқы бағдарламам
- 1.4.2.1 Scratch (скретч) ойын программалау ойын ортасында дайын сценарийді алгоритм бойынша іске асыру; 1. 4. 2. 2 Scratch (скретч) ойын программалау ойын ортасында есептің шарты бойынша сызықтық алгоритм әзірлеу; 1. 4. 2. 3 Scratch (скретч) ойын программалау ойын ортасында жобаны құру, сақтау және ашу
- 1.4.2.2 Scratch (скретч) ойын программалау ойын ортасында есептің шарты бойынша сызықтық алгоритм әзірлеу
- 1.4.2.3 Scratch (скретч) ойын программалау ойын ортасында жобаны құру, сақтау және ашу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
3-тоқсан
1‑бөлім – Ақпараттық этикет (ортақ тақырыбы: "Саяхат")
2‑бөлім – Менің алғашқы суретім (ортақ тақырыбы: "Дәстүр және фольклор")
4-тоқсан
3‑бөлім Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: "Тағам және сусындар", "Дені саудың – жаны сау")
4 – бөлім. Программалау
Басқа сыныптар
- Цифрлық сауаттылық, 1-сынып
- Цифрлық сауаттылық, 2-сынып
- Цифрлық сауаттылық, 3-сынып
- Цифрлық сауаттылық, 4-сынып