Оқу бағдарламалары
Құқық негіздері пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Мемлекет және құқық
- 10.1.1.1 құқық белгілерін қорытындылай отырып, ұғымын түсіндіру
- 10.1.1.2 құқықтың функционалдық маңызын нақты мысалдар арқылы ашу
- 10.1.1.3 құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт)
- 10.1.1.4 мемлекетті құқық және құқықтық қатынастың негізгі субъектісі ретінде анықтау
- 10.1.2.1 құқықтық мемлекет принциптерін айқындау
- 10.1.2.2 конституциялық принциптер негізінде азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын ажырату
- 10.1.3.1 тұлғаның құқықтық мүмкіндіктері түсінігін көрсете отырып, адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсіндіру
- 10.1.3.2 адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени)
- 10.1.3.3 адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт)
- 10.1.4.1 сот төрелігінің принциптерін нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру
- 10.1.4.2 Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау
2-бөлім. Жария құқық
- 10.2.1.1 Конституциялық құқық институт тарын құқықтық норма жүйесі ретінде түсіндіру
- 10.2.1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздерін анықтау және олардың міндеттерін түсіндіру (Конституция, Конституциялық заңдар, Конституциялық Кеңестің актілері және тағы басқалар)
- 10.2.2.1 мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерін графикалық сызба құру арқылы түсіндіру
- 10.2.3.1 экологиялық құқықтың құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру
- 10.2.3.2 Экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну
- 10.2.4.1 Қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау
- 10.2.4.2 нақты өмірлік жағдаяттарды қылмыстық құқық нормаларына сәйкестендіру
- 10.2.4.3 нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау
- 10.2.4.4 кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау
- 10.2.4.5 жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықты бағалау
- 10.2.4.6 қылмыстық жауаптылықтан адамның босатылу шарттарын айқындау
- 10.2.5.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық саяси және құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру
- 10.2.5.2 нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдалану
3-бөлім. Жеке құқық
- 10.3.1.1 Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының қайнар көздерін түсіндіру (Азаматтық кодексі, заңдар, заңға тәуелді актілер, Азаматтық кодексін толықтыратын және нақтылайтын ережелер)
- 10.3.1.2 азаматтық құқық субъектілерін анықтау
- 10.3.1.3 азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша ажырата білу
- 10.3.1.4 нақты мысал негізінде жеке мүліктік емес құқықтардың ерекшеліктерін анықтау
- 10.3.1.5 құқықтық жағдаят мысалында мәміле ұғымы және оның түрлерін түсіндіру
- 10.3.1.6 мысалдар келтіре отырып, меншік құқығы ұғымы және оның негізгі өкілеттілігін түсіндіру
- 10.3.1.7 құқықтық жағдаятты (казусты) талдай отырып, меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру
- 10.3.1.8 заң терминдерін пайдаланып, міндеттемелік құқықтың мәнін ашу
- 10.3.1.9 міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін құқықтық жағдаятты талдай отырып анықтау
- 10.3.2.1 Қазақстан Республикасы тұтынушылар құқығы туралы заңына сәйкес құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау
- 10.3.2.2 заң терминдерін пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын нақты жағдаяттық мысалдармен (казустармен) түсіндіру
- 10.3.3.1 отбасылық қарым-қатынастар саласын дағы нормативтік құқықтық актілердің қажетті лігін түсіндіру ("Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы кодексі", "Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңы")
- 10.3.3.2 Қазақстан Республикасының отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру
- 10.3.3.3 әртүрлі өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу
- 10.3.4.1 Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру
4-бөлім. Іс жүргізу құқығының негіздері
- 10.4.1.1 қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін түсіндіру
- 10.4.1.2 қылмыстық процесс субъектілерін ажырату
- 10.4.1.3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының негіздері бойынша білімін шығармашылық түрде көрсету
- 10.4.2.1 азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау
- 10.4.2.2 азаматтық процестің субъектілерін ажырату
- 10.4.2.3 кәмелетке толмағандардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін анықтау
- 10.4.3.1 әкімшілік процесс ұғымын, оның міндеттері мен принциптерін түсіндіру
- 10.4.3.2 әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау
5-бөлім. Халықаралық құқық
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Мемлекет және құқық
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы | 10.1.1.1, 10.1.1.2 |
| Құқық жүйесі. Мемлекет құқықтың ерекше субъектісі ретінде | 10.1.1.3, 10.1.1.4 |
| Құқықтық мемлекет түсінігі және оның принциптері | 10.1.2.1 |
| Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары | 10.1.2.2 |
| Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері | 10.1.3.1, 10.1.3.2, 10.1.3.3 |
| Сот төрелігінің принциптері | 10.1.4.1 |
| Қазақстан Республикасы ның құқық қорғау органдары | 10.1.4.2 |
Жобалық-зерттеу жұмысы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Мемлекет және құқық формаларының эволюциясы |
2-тоқсан
Жария құқық
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қазақстан Республикасы конституция лық құқығының институттары | 10.2.1.1, 10.2.1.2 |
| Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелуі | 10.2.2.1 |
| Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны | 10.2.3.1, 10.2.3.2 |
| Қылмыстық кодекс қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде | 10.2.4.1, 10.2.4.2 |
| Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілік ке тартылатын тұлғалар | 10.2.4.3, 10.2.4.4 |
| Қылмыстық жаза түсінігі және одан босату шарттары | 10.2.4.5, 10.2.4.6 |
| Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған құқықтық және саяси актілер | 10.2.5.1, 10.2.5.2 |
Жобалық-зерттеу жұмысы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Жария құқық салалары ерекшеліктерінің сипаттамасы |
3-тоқсан
Жеке құқық
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Азаматтық құқықтың принциптері мен субъектілері | 10.3.1.1, 10.3.1.2 |
| Азаматтық құқықтың объектілері | 10.3.1.3, 10.3.1.4 |
| Мәміле түсінігі және оның түрлері | 10.3.1.5 |
| Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы | 10.3.1.6, 10.3.1.7 |
| Міндеттемелік құқық | 10.3.1.8, 10.3.1.9 |
| Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарының заңды түрде бекітілуі | 10.3.2.1, 10.3.2.2 |
| Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының қайнар көздері | 10.3.3.1 |
| Қазақстан Республикасында отбасылық қарым-қатынастардың құқықтық реттелуі | 10.3.3.2, 10.3.3.3 |
| Қазақстан Республикасында еңбек қатынастары ның құқықтық реттелуі | 10.3.4.1 |
Жобалық-зерттеу жұмысы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі |
4-тоқсан
Іс жүргізу құқығы ның негіздері
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қылмыстық процестің міндеттері мен принциптері | 10.4.1.1 |
| Қылмыстық процесс субъектілері | 10.4.1.2 |
| Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот талқылауының негіздері | 10.4.1.3 |
| Азаматтық процестің міндеттері мен принциптері | 10.4.2.1 |
| Азаматтық процестің субъектілері | 10.4.2.2, 10.4.2.3 |
| Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен принциптері | 10.4.3.1, 10.4.3.2 |
Жобалық-зерттеу жұмысы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Құқыққа қатысты процестер қадамдарының сипаттамасы |
Халықаралық құқық
Жобалық-зерттеу жұмысы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Адам құқықтарын қорғау жөніндегі қазіргі заманғы халықаралық ұйымдар |
Басқа сыныптар
- Құқық негіздері, 9-сынып
- Құқық негіздері, 10-сынып
- Құқық негіздері, 11-сынып