Оқу бағдарламалары
Құқық негіздері пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Құқық және мемлекет
1.1 Құқық түсінігі
- 9.1.1.1 әлеуметтік нормалар жүйесінде құқықтың ұғымы мен рөлін түсіндіру
1.2 Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
- 9.1.2.1 құқықтық мемлекеттің ерекшелігі мен маңызын анықтау
- 9.1.2.2 азаматтық қоғам институттарының рөлі мен маңызын анықтау
2-бөлім. Конституциялық құқық
2.1 Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары
- 9.2.1.1 конституциялық құрылыс негіздерін түсіндіру
- 9.2.1.2 Қазақстан Республикасы Конституциясын талдау арқылы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін анықтау
2.2 Мемлекеттік органдардың конституциялық жүйесі
- 9.2.2.1 Конституция негізінде мемлекеттік органдардың қызметтерін анықтап, салыстыру
- 9.2.2.2 мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың маңызы мен рөлін анықтау
3-бөлім. Азаматтық құқық
3.1 Азаматтық құқық түсінігі
- 9.3.1.1 азаматтық құқық ұғымы мен қағидаларын түсіндіру
3.2 Меншік құқығы
- 9.3.2.1 меншік түрлерін анықтау
- 9.3.2.2 меншік құқығына ие болудың және тоқтатылудың жолдарын, құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы анықтау
3.3 Азаматтық құқықтағы міндеттеме мен жауапкершілік
- 9.3.3.1 азаматтық құқықтағы міндеттемелерді талдап, жауапкершіліктерін анықтау
3.4 Тұтынушылар құқығын қорғау
- 9.3.4.1 тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын ұсыну
4-бөлім. Еңбек құқығы
4.1 Еңбек құқығы түсінігі
- 9.4.1.1 еңбек құқығы ұғымын түсіндіру
4.2 Еңбек жағдайлары
- 9.4.2.1 Қазақстан Республикасының еңбек кодексі баптарының негізінде еңбек жағдайларын анықтау
- 9.4.2.2 құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді
4.3 Еңбекті қорғау
- 9.4.3.1 кәмелетке толмағандардың еңбегіне қатысты құқықтық нормаларды талдау
- 9.4.3.2 құқықтық нормативтік актілерге сүйеніп еңбек дауларын шешу жолдарын ұсыну
4.4 Еңбек шарты
- 9.4.4.1 құқықтық жағдаяттарды талдап еңбек шартының мазмұнын ашу
5-бөлім. Отбасы құқығы
5.1 Отбасы құқығының түсінігі
- 9.5.1.1 неке және отбасы ұғымдарын түсіндіру
5.2 Некені қию және тоқтату жолдары
- 9.5.2.1 некені қию және тоқтатылу шарттарын анықтау
5.3 Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
- 9.5.3.1 отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау
- 9.5.3.2 құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдау
5.4 Отбасының қоғамдағы маңыздылығы
- 9.5.4.1 отбасының қоғамдағы маңыздылығын бағалау
6-бөлім. Әкімшілік құқық
6.1 Әкімшілік құқық түсінігі
- 9.6.1.1 әкімшілік құқық ұғымын түсіндіру
6.2 Әкімшілік жауапкершілік
- 9.6.2.1 әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері мен белгілерін анықтау
- 9.6.2.2 құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы әкімшілік жауапкершілік түрлерін және оларды қолдану тәртібін түсіндіру
6.3 Әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу
- 9.6.3.1 әкімшілік құқықтық нормалардың маңызына баға беру
7-бөлім. Қылмыстық құқық
7.1 Қылмыстық құқық түсінігі
- 9.7.1.1 қылмыстық құқық ұғымын түсіндіру
7.2 Қылмыс ұғымы
- 9.7.2.1 қылмыстың белгілері мен түрлерін ажырату
7.3 Қылмыстық жауапкершілік
- 9.7.3.1 құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы қылмыстық жауаптылықты және жаза түрлерін анықтау
- 9.7.3.2 сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған құқықтық актілерді талдау
7.4 Жазалау және гуманизм мәселесі
- 9.7.4.1 қылмыстық құқықтағы гуманизм қағидасына баға беру
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Құқық түсінігі
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Құқық дегеніміз не және ол қоғамдық қатынастарға қалай әсер етеді? | 9.1.1.1 |
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары
Азаматтық құқық түсінігі
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Азаматтық құқық қоғамдық қатынастарды қалай реттейді | 9.3.1.1 |
Еңбек құқығы түсінігі
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| ҚР Конституциясының 24‑ші бабы нені көздейді? | 9.4.1.1 |
Неке және отбасы құқығы түсінігі
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Заңнамада отбасы қалай қорғалған? | 9.5.1.1 |
Әкімшілік құқық түсінігі
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Әкімшілік құқық қандай қоғамдық қатынастарды реттейді? | 9.6.1.1 |
Қылмыстық құқық түсінігі
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қылмыстық құқықтың басқа құқық салаларынан ерекшелігі неде? | 9.7.1.1 |
2-тоқсан
Мемлекеттік органдардың конституциялық құрылысы
Меншік құқығы
Еңбек жағдайлары
Некені қию және тоқтату жолдары
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Неке қандай жағдайда қиылады және тоқтатылады? | 9.5.2.1 |
Қылмыс ұғымы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қандай әрекет қылмыс деп танылады? | 9.7.2.1 |
3-тоқсан
Азаматтық құқықтағы міндеттеме мен жауапкершілік
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Азаматтық-құқықтық міндеттемелер қандай жауапкершіліктерді туындатады? | 9.3.3.1 |
Еңбекті қорғау
Отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері
Әкімшілік жауапкершілік
Қылмыстық жауапкершілік
4-тоқсан
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
Тұтынушылар құқығын қорғау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Біз тұтынушы ретінде өз құқығымызды білеміз бе? | 9.3.4.1 |
Еңбек шарты
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады? | 9.4.4.1 |
Отбасының қоғамдағы маңыздылығы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Отбасының әлеуметтік мәні неде? | 9.5.4.1 |
Әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Әкімшілік құқықтық нормалардың қажеттілігі мен маңызы неде? | 9.6.3.1 |
Жазалау мен гуманизм мәселесі
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қылмыстық құқықта гуманизм қағидасы қажет пе? | 9.7.4.1 |
Басқа сыныптар
- Құқық негіздері, 9-сынып
- Құқық негіздері, 10-сынып
- Құқық негіздері, 11-сынып