Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Құқық негіздері пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Мемлекет және құқық

  • 11.1.1.1 нормативтік құқықтық актілердің негізгі элементтерін анықтау
  • 11.1.1.2 нормативтік құқықтық актілердің әзірленуі, қабылдануы мен күшіне ену процесін зерттеу
  • 11.1.1.3 заңдылық пен құқықтық тәртіп ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру
  • 11.1.1.4 заңдарды білу және оларды орындаудың әлеуметтік пайдалылығы мен қажеттілігін түсіндіру
  • 11.1.1.5 қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау
  • 11.1.2.1 Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық актілері (Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясатының тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 жарлығы), Адам құқықтары және заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар жоспарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 258 қаулысы) негізінде құқықтық мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіру
  • 11.1.2.2 Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамының негізгі функционалдық қажеттілігін түсіндіру
  • 11.1.3.1 нақты мысал келтіре отырып, Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау механизмін түсіндіру
  • 11.1.3.2 азаматтардың құқығын қорғайтын (адвокат, медиатор және тағы басқалардың) тұлғалардың функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау
  • 11.1.3.3 Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру
  • 11.1.3.4 Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру
  • 11.1.4.1 сот жүйесі элементтерін анықтау және оны графикалық түрде көрсету
  • 11.1.4.2 судьялар мәртебесі және олардың қызметінің кепілдемесін ашып көрсету

2-бөлім. Жария құқық

  • 11.2.1.1 азаматтық ұғымын ашып көрсету
  • 11.2.1.2 қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру
  • 11.2.1.3 Қазақстан Республикасы сайлаушыларының және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау
  • 11.2.2.1 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық нормаларына сәйкес тұлғалардың әрекетін саралау
  • 11.2.3.1 жер құқығының құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру
  • 11.2.3.2 Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде жерге меншік құқығы, пайдалану құқығы, және басқа да құқық түрлерін ажырату
  • 11.2.4.1 Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес тұлғалардың әрекетін саралау
  • 11.2.5.1 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату
  • 11.2.5.2 Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау

3-бөлім. Жеке құқық

  • 11.3.1.1 келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру
  • 11.3.1.2 келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру
  • 11.3.1.3 мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымы мен нысанын түсіндіру
  • 11.3.2.1 қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар құқығын қорғау механизмдерін түсіндіру
  • 11.3.2.2 нақты мысалдар келтіре отырып сатушы (өндіруші, орындаушы) және басқа да жұмысты орындаушы (қызмет көрсету) тұлғалардың құқығы мен міндеттерін анықтау
  • 11.3.3.1 авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру
  • 11.3.4.1 ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар арқылы түсіндіру
  • 11.3.4.2 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау формаларын айқындау
  • 11.3.4.3 алименттік қатынастардың субъектілерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау
  • 11.3.5.1 еңбек құқығын қамтамасыз ету тәсілдерінің тиімділігін құқықтық жағдаяттар мысалында бағалау
  • 11.3.5.2 кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын жүзеге асыруын зерттеу
  • 11.3.5.3 жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру механизмдерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау

4-бөлім. Іс жүргізу құқығының негіздері

  • 11.4.1.1 қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын түсіндіру
  • 11.4.1.2 кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін айқындау
  • 11.4.1.3 Қазақстан Республикасының алқабилер соты қызметінің құқықтық негіздерін анықтау
  • 11.4.2.1 талап қою шарттарын түсіндіру
  • 11.4.2.2 талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастыру
  • 11.4.2.3 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктері бойынша білімдерін шығармашылық түрде көрсету
  • 11.4.3.1 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзыретін құқықтық жағдаяттар мысалында ажырата білу
  • 11.4.3.2 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың істі қарау ерекшеліктері туралы білімдерін шығармашылық түрде көрсету

5-бөлім. Халықаралық құқық

  • 11.5.1.1 Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіру
  • 11.5.1.2 Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде адам құқығы, еңбек қатынастары, білім беру салалалары бойынша құқықтарын жүзеге асыруын халықаралық актілер негізінде зерттеу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Мемлекет және құқық

Тақырып Оқу мақсаттары
Заң шығару жүйесі 11.1.1.1, 11.1.1.2
Заңдылық және құқықтық тәртіп. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет 11.1.1.3, 11.1.1.4
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде 11.1.1.5
Қазақстан Республикасы - құқықтық мемлекет 11.1.2.1
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарының дамуы 11.1.2.2
Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы 11.1.3.1, 11.1.3.2
Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция 11.1.3.3
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар құқықтарының қорғалуы және жүзеге асырылуы 11.1.3.4
Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі 11.1.4.1, 11.1.4.2

2-тоқсан

Жария құқық

Тақырып Оқу мақсаттары
Азаматтық - Қазақстан Республикасы конституция лық құқығының институты 11.2.1.1, 11.2.1.2
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы 11.2.1.3
Қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық түрлері 11.2.2.1
Жер құқығының құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны 11.2.3.1, 11.2.3.2
Адам және азаматтардың конституция лық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық 11.2.4.1
Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық 11.2.4.1
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік 11.2.5.1, 11.2.5.2

3-тоқсан

Жеке құқық

Тақырып Оқу мақсаттары
Сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту келісімшарты 11.3.1.1, 11.3.1.2
Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты 11.3.1.1, 11.3.1.2
Мұрагерлік құқық 11.3.1.3
Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері 11.3.2.1, 11.3.2.2
Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны 11.3.3.1
Отбасы. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелері 11.3.4.1
Ата-анасының қамқорлығысыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлері 11.3.4.2
Отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері 11.3.4.3
Еңбек қарым-қатынасы субъектілерінің құқықтары мен міндеттемелері және олардың мемлекеттік кепілдіктері 11.3.5.1, 11.3.5.2
Еңбек дауларының қаралуы 11.3.5.3

4-тоқсан

Іс жүргізу құқығы ның негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Қылмыстық қудалау - қылмыстық іс жүргізу құқығының институты 11.4.1.1
Кәмелетке толмағандар дың қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша іс жүргізу 11.4.1.2
Алқабилер соты ұғымы және оның қызметінің негіздері 11.4.1.3
Талап қою іс жүргізуінің негіздері 11.4.2.1, 11.4.2.2
Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері 11.4.2.3
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдар 11.4.3.1
Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері 11.4.3.2

Халықаралық құқық

Тақырып Оқу мақсаттары
Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары құқығының жүзеге асырылуы 11.5.1.1, 11.5.1.2
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 11-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.