Оқу бағдарламалары
Информатика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Компьютерлік жүйелер
1.1 Бұлттық технологиялар
- 11.1.1.1 бұлтты технологияның не екенін түсіндіру
- 11.1.1.2 жалпыға қолжетімділікке арналған файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, презентациялар, кестелер) қолдану, қашықтан және бірлесіп өңдеу
1.2 Ақпараттық қауіпсіздік
- 11.1.2.1 ақпараттарды және зияткерлік меншікті (1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы", 2003 жылғы 7 қаңтарғы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары) қорғаудың қажеттілігін негіздеу
- 11.1.2.2 электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың мақсатын сипаттау
- 11.1.2.3 электрондық үкімет порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану
2-бөлім. Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру
2.4 3D – модельдеу
- 11.2.4.1 виртуалды және кеңейтілген шындықтың мақсатын түсіндіру
- 11.2.4.2 адамның психикалық және физикалық денсаулығына виртуалды және кеңейтілген шындықтың әсері туралы айту
- 11.2.4.3 бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау
3-бөлім. Ақпараттық процестер және жүйелер
3.1 Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы үрдістер
- 11.3.1.1 Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау
- 11.3.1.2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау
4-бөлім. Қосымшаларды әзірлеу
4.1 Мобильді қосымшалар
- 11.4.1.1 конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру
- 11.4.1.2 кодтың блоктарымен және циклдарымен мобильді қосымшаны жасау
- 11.4.1.3 әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру
4.2 IT STARTUP (ай-ти стартап)
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.