Оқу бағдарламалары
Информатика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Аппараттық және программалық қамтамасыз ету
1.1 Аппараттық қамтамасыз ету
- 11.1.1.1 ұялы құрылғылардың негізгі құрауыштарының сипаттамасын салыстыру: планшеттер, телефондар
1.2 Программалық қамтамасыз ету
- 11.1.2.1 виртуалды машиналардың қызметін сипаттау
- 11.1.2.2 аппараттық және программалық қамтамасыз етуде даму заңдылықтарын сипаттайтын мысалдар келтіру
3-бөлім. Ақпараттық процестер мен жүйелер
3.4 Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы үрдістер
- 11.3.4.1 машиналық оқыту принциптерін, нейрондық желілерді (нейрондық және синапстар) түсіндіру
- 11.3.4.2 өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын сипаттау
- 11.3.4.3 дайын алгоритмдермен математикалық модельдеудің электрондық кестелеріндегі/ бағдарламаларындағы нейрондық желілерді жобалау
- 11.3.4.4 жасанды интеллектіні әзірлеуде "мұғаліммен оқыту" әдісін қолдану ауқымын сипаттау
- 11.3.4.5 Blockchain технологиясының мақсаты мен жұмысын түсіндіру
- 11.3.4.6 Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау
- 11.3.4.7 2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау
- 11.3.4.8 "заттар интернетінің" жұмыс қағидаларын сипаттау
- 11.3.4.9 "заттар интернетінің" перспективасы туралы айту
4-бөлім. Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру
4.1 3D - модельдеу
- 11.4.1.1 виртуалды және кеңейтілген шындықтың мақсатын түсіндіру
- 11.4.1.2 адамның психикалық және физикалық денсаулығына виртуалды және кеңейтілген шындықтың әсері туралы айту
- 11.4.1.3 бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау
5-бөлім. Қосымшалар әзірлеу
5.2 Мобильдік қосымшалар
- 11.5.2.1 конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру
- 11.5.2.2 разрабатывать мобильное приложение, используя блоки кода с условиями и циклами
- 11.5.2.3 әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру
- 11.5.2.4 ақылды үй датчиктерінен деректер жіберуді ұйымдастыру
- 11.5.2.5 ақылды үй датчиктерінен алынған деректерді шығару бағдарламаларын өңдеу
- 11.5.2.6 ақылды үй құрылғысын басқару үшін бағдарлама әзірлеу
5.3 IT Startup (ай-ти стартап)
- 11.5.3.1 Startup (стартап) түсінігін баяндау
- 11.5.3.2 Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс істеу қағидаларын сипаттау
- 11.5.3.3 өнімді насихаттау және сату жолдарын сипаттау
- 11.5.3.4 маркетингтік жарнама жасау (инфографика, бейне)
6-бөлім. Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік
6.2 Ақпараттық қауіпсіздік
- 11.6.2.1 ақпараттарды немесе зияткерлік меншікті қорғау қажеттіліктерін дәлелдеу (1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы", 2003 жылғы 7 қаңтарғы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары)
- 11.6.2.2 электронды сандық қолтаңба және сертификаттың қолданылуын сипаттау
- 11.6.2.3 электронды сандық қолтаңба қолдану алгоритмін сипаттау
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.